87
температурасы 1000
0
С таза ыстық газ ағынын алуға болады немесе суық ауа
араластыру арқылы қажетті температураға жетуге болады.
-
жылу және электр энергиясын өндіру.
Әдетте өндіріске қажетті буды
бу қазандық пештерінде әртүрлі биомасса қалдықтарын жағу арқылы алады.
Мысал ретінде Ренкиннің органикалық цикл негізінде әртүрлі биомассамен
жұмыс жасайтын ЖЭС қарастырайық. 1999 жылы жылу және электр
энергиясын аралас өндіретін қондырғы «STIA» ағаш өңдеу зауытында іске
қосылды (Адмонт, Австрия). Отын ретінде химиялық өңдеуге түспеген ағаш
қалдықтары мен ұнтақтары қолданылады.
Соңғы жылдары ағаш қалдықтарын қайта өңдеу үшін арнайы пеш
қондырғылары құрастырылды, ол қазандықтар жоғары энергетикалық және
экологиялық сипаттамаларға ие. Бұл пештердің кең тараған түрі төменгі
температуралы қайнау қабаты бар пештер, олар ылғалдылығы 60 % және
одан да жоғары пайызда болатын биомассаларды жаға алады.
Ағаштар мен өсімдіктердің ұнтақталған қалдықтарын жағу үшін
құйынды пештер қолданған тиімді. Биомассаны жағу да айтарлықтай
дамыған, тиімді технология –
Достарыңызбен бөлісу: