Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінараСібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
1916 ж. көтерілісқазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы_1916_жылғы_ұлт_–_азаттық_көтеріліс_қазақтармен'>Қазақстандағы1916жылғыұлт – азаттықкөтерілісқазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан ұлттық сипатқа ие болды. Қазақ халқының 1916жылғыұлт – азаттық қозғалысы Ресей империализімі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты . Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери феодалдық және әскери отаршылдық басқару жуйесінің іргесін шайқатты .