І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1


ҮІІІ тарау. Бейорганикалық заттарды өндіру



бет30/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
#66860
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
00050192-43a98ab9

ҮІІІ тарау. Бейорганикалық заттарды өндіру

2-нұсқа
1.Өлшемі мен қасиеттері белгілі түйірлер алу мен шаң тәрізді кенді немесе кен концентратын өңдеу процесі – бұл:

а) адгезия б) адсорбция в) агломерация г) абсорбция

2.Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендірек металдармен тотықсыздандыру арқылы алу әдістері:

а) гидрометаллургия б) пирометаллургия

в) металлотермия г) металлургия

3.Жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру процесінде өршіткі:

а) пирит ----- күкірт (ІҮ) оксиді

б) күкірт (ІҮ) оксиді ---- күкірт (ҮІ) оксиді

в) күкірт (ҮІ) оксиді ----- күкірт қышқылы

г) күкіртсутек ----- күкірт (ІҮ) оксиді сатысында қолданылады.

4.Аммиак өндірудің өндірістік тәсіліне:

а) азот пен сутектің әрекеттесуі

б) NH4OH ыдырауы

в) NH4NO3 ыдырауы

г) NH4CI мен Ca(OH)2 әрекеттесу реакциясы сәйкес келеді.

5.Аммиак синтезінің реакциясы:

а) қайтымды б) гетерогенді

в) эндотермиялық г) катализдік

6.Өндірісте азот қышқылын алу процесі бірнеше сатыдан тұрады:

1) NO тотығуы; 2) NO2 мен Н2О реакциясы; 3) NH3 тотығуы; 4) аммиакты-ауа қоспасын дайындау; 5) аммиак синтезі; Сатылардың жүйелілігі қандай:

а) 1,3,2,4,5 б) 5,4,3,1,2 в) 4,5,3,1,2 г) 3,4,5,1,2

7.Азот қышқылын өндірісте алу негізіне жататын айналымдар:

а) NH3 ----- NO2 ------ HNO3

б) N2 ----- NH3------ NO ----- NO2 ------ HNO3

в) N2 ----- NH3 ----- NH4CI ----- NH4NO3 ------ HNO3

г) NH3 ----- NH4CI ----- NH4NO3 ----- HNO3

8.Шыны өндірісінің шикізаты:

а) әк б) саз в) сода г) құм

9.Химиялық тұрақты, саңылаусыз, сынықтарының жұқа қабаты көрініп тұратын қыштың (керамиканың) түрі:

а) майолика б) кәрлен в) қышкәрлен г) терракота

10.Түрлі түсті шыны алу үшін бастапқы шикіқұрамға қосылатын қоспалар: кобальт (ІІ) оксиді, марганец (ІІ) оксиді, темір (ІІ) қосылыстары, хром (ІІІ) оксиді. Қай оксидті қосу оның түсін анықтайды:

Шыны түсі: Қоспа:

а) көк 1) хром (ІІІ) оксиді

б) ашық жасыл 2) марганец (ІІ) оксиді

в) күлгін 3) темір (ІІ) қосылыстары

г) жасыл 4) кобальт (ІІ) оксиді

11.Кең таралған тұтқыр материал әдеттегі цемент (немесе портландцемент). Оның құрамына мынадай негізгі құрауыштар кіреді:

а) Ca(OH)2, SiO2, H2O

б) CaSO4*0,5H2O, CaSO4

в) CaO, SiO2, AI2O3

г) MgCI2, MgO

12.Фосфор қышқылын аммиакпен бейтараптау мынадай құнды тыңайтқыш алуға мүмкіндік береді:

а) селитра б) аммофос в) сүйек ұны г) фосфорит ұны

13.Домна процесіндегі кокстің рөлі:

а) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың түзілуі

б) жоғары температура алу

в) химиялық реакция үшін тотықсыздандырғыш пен жылу алу

г) тотықтырғыш алу

14.Шойын өндірісі:

а) циркуляциялық б) периодты

в) үздіксіз г) қалдықсыз процесс

15.Домна пешінде темірдің тотықсыздануы мына сызбанұсқа бойынша жүреді:

а) Fe ----- FeO ----- Fe2O3 ------ Fe3O4

б) Fe2O3 ------ Fe3O4 ------ FeO ----- Fe

в) Fe3O4 ----- Fe2O3 ------ FeO ----- Fe

г) FeO ------ Fe2O3 ------ Fe3O4 ----- Fe

16.Мырышты өндірісте:

а) алюминотермия

б) сутекпен тотықсыздандыру арқылы

в) тұз балқымасының электролизі

г) тұз ерітіндісінің электролизі әдісімен алады.

17.Тазалығы жоғары металдарды сутектермиялық әдіспен алады. Бұл әдіске металды мына реакция бойынша алу жатады:

а) ZnO + C = Zn + CO

б) TiCI4 + 2Mg = Ti + 2MgCI2

в) MoO3 + 3H2 = Mo + 3H2O

г) CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu

18.Алюминий өндірісі үшін өнеркәсіпте тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады:

а) С б) СО в) электр тогы г) Н2

19. Болат – темірдің құймасы, оның құрамында:

а) 2%-дан көп көміртек болады;

б) 0,2%дан көп көміртек болады;

в) 2%-дан аз көміртек болады;

г) 0,2%-дан аз көміртек болады;

20. Массасы 234г натрий хлориді балқымасының электролизі кезінде массасы (г) металдық натрий түзіледі:



а) 23 б) 63 в) 46 г) 92

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет