І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1



бет1/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


Дайындаған: Ш.Т.Садвакасова



І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық

элементтердің периодтық жүйесі

1- нұсқа

1.Элементтің химиялық қасиеті:

А) атом ядросының зарядымен Б) периодтық жүйедегі элементтің орналасуымен

С) атомдық массасымен Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен анықталады.

2.Бір периодта орналасқан элементтер:

А) ұқсас химиялық қасиеттерімен Б) бірдей атом радиустарымен

С) энергетикалық деңгейлерінің бірдей санымен Д) валенттік электрондарының бірдей санымен анықталады.

3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:

А) тек металдар Б) тек d- және f- типтерінің металдары

С) тек s – және p – типтерінің металдары Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар

4. Периодтық жүйедегі период нөмірінің физикалық мағынасы:

А) ол осы период элементтерінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды

Б) металдық қасиет солдан оңға қарай әлсірейді

С) атомдардағы электрондық деңгейлер саны период нөміріне тең

Д) элементтердің қасиеттері периодты түрде қайталанып отырады.

5.Элементтердің бейметалдық қасиеттері химия тұрғысынан мына жағдайларға байланысты:

А) олардың металдармен әрекеттесу белсенділігіне

Б) атомның электрон қабылдау белсенділігіне

С) кристалдық тор құрылысына Д) салыстырмалы электртерістік шамасына



6. Қосымша топшаның химиялық элементтері мына жағдайларға байланысты ұқсас қасиеттер көрсетеді:

А) олардың атом ядролары құрылыстарының ұқсастығына

Б) электрондық қабатының құрылысының ұқсастығына

С) атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейлері құрылысының ұқсастығына

Д) периодтық жүйеде ерекше орналасуына байланысты.

7. Негізгі топша химиялық элементтері атомдық нөмірлерінің жоғарылауына байланысты олардың:

А) металдық қасиеттері Б) бейметалдық қасиеттері

С) химиялық белсенділігі Д) суда ерігіштігі күшейеді.

8. 8336 Kr нуклидінің атом ядросында:

А) 83 протон және 36 нейтрон бар Б) 36 протон және 44 нейтрон бар

С) 36 протон және 47 нейтрон бар Д) 36 протон және 83 нейтрон бар.

9. Мына электрондық конфигурациялардың ішінен мүмкін болмайтынын көрсет:

А) 1s22s1 Б) …. 2s22p7 С) …..2s22p6 Д) ….3s23p64s23d11





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет