Сабақтың тақырыбы іv-а топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Көміртек және оның қасиеттері



бет1/11
Дата19.05.2017
өлшемі2,55 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі

Сабақтың тақырыбы

ІV-А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Көміртек және оның қасиеттері

Химия пәнінің мұғалімі

Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы

Астана, 2016 оқу жылы

Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі

Химия пәнінің мұғалімі Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы


Пән: Химия

Сынып: 10 «А»
25 сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: ІV-А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Көміртек және оның қасиеттері.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Оқушылардың IV-А топшасы элементтерінің периодтық жүйедегі орны, көміртектің атом құрылысы, валенттілігі, тотығу дәрежелері туралы білімдеріне сүйене отыра, көміртектің табиғаттта таралуы, қасиеттері, биохимиялық рөлі, аллотропия, кристалдық торлар жайлы түсініктерін кеіейтуге мүмкіндік туғызу. Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

ИГЕРІЛЕТІН МАЗМҰННЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ:

Оқушылардың химиялық өндіріске деген көзқарастарын қалыптастыру



САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

  1. АҚПАРАТ БЛОГЫ.

  2. ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ.

III. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ.

IV. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ.

V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Проблемалық. Элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері топша бойынша қалай өзгереді және оның себебі неде?



МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТӘСІЛІ:

Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.



ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ:

Белсенді танымдық (интерактивті).



ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:

Сабақтың ЛТ, ЖБЕА және ИТ блоктарында беріледі.



ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ:

Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ИТ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.



ОҚУШЫДА ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ:

Тақырыпты қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалдарын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайд мәтінін) тұжырымдап үйрену; логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу; өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарлату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу,объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы .



НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР:

Кокс, антрацит,фуллерен,адсорбция,адсорбенттер,адсорбат.



АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ:

Оқулық – Н. Нұрахметов, К. Сарманов, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. «Химия» оқулығы 9-сынып (Алматы қ., «Мектеп», 2005ж.).

Оқулық – Н. Нұрахметов, К. Бекішев, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. «Химия» оқулығы 10-сынып (Алматы қ., «Мектеп», 2010ж.).

САБАҚТЫ БАҒАЛАУ:

Оқушының оқу іс-әрекеті ол сабақтың технологиялық картасындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ИТ блогындағы тапсырманы және үй тапсырмасын орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.



ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Тақырыпты оқулықтан қайтала.





  • Мұғалімге ақпарат



I. АҚПАРАТ БЛОГЫ



ЖОСПАРЫ:

  1. Көміртектің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.

Валенттік электрондарының формуласы, валенттілігі, тотығу дәрежесі.

  1. Көміртектің табиғатта таралуы, маңызды қосылыстары.

  2. Көміртектің қасиеттері

  3. Биохимиялық рөлі.

Слайдтар

IV-А топшаға р-элементтері

IV-А топшаға р-элементтер: көміртек, кремний, германий, қалайы және қорғасын жатады. Олардың қозбаған атомдарының сыртқы деңгейінде 4ns2

np2 электроннан бар, оның ішінде з электрондар жұптаспаған. Топша бойын

ша реттік нөмері артқан сайын элементтердің бейметалдық қасиеттері әлсіреп, металдық қасиеттері күшейеді. Олардың барлығына +2, +4 тотығу дәрежелері, ал көміртекке -4 тотығу дәрежесі тән. Топша элементтері ЭО және ЭО2 типтес оксидтер және оларға сәйкес гидрооксидтер (көміртекпен кремнийден басқалары) түзеді.





Көміртектің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.

Көміртегінің атом құрылысы

+6С ) ) 1s2 2s22p2

2 4

IV A топ элементі:

+6С 1s2 2s22p2 + 6C 1s22s12p3

В (II) В (IV)

Т.д 0, +2, +4, -4,

С, СО, СО2, СН4



Көміртектің қасиеттері

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу