І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық
элементтердің периодтық жүйесі
3- нұсқа
1. Химиялық элементтің атомдық нөмірінің физикалық мағынасы оның мыналарды:
А) периодтық жүйедегі элементтің орналасуын Б) атом ядросындағы протондар санын
С) энергетикалық деңгейлер санын Д) атомдағы нейтрондар санын анықтайтындығында.
2.Бейметалдық қасиеті басым элемент: А) S Б) Se С) Si Д) Sc
3.Химиялық элементтердің металдық қасиеттері химия тұрғысынан:
А) атомның электрон беру қабілетіне Б) бейметалдармен әрекеттесу қабілетіне
С) электртерістік шамасына Д) кристалдық тор құрылысына негізделген.
4.Негізгі топшаның химиялық элементтерінің химиялық қасиеттері ұқсас болады, себебі:
А) бір топқа жатады Б) элементтердің табиғи тобын түзеді
С) бірдей валенттік көрсетеді Д) бұл элементтер атомындағы сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |