І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет9/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
#66860
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
00050192-43a98ab9

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары

V A топ

2-нұсқа.

1.Аммиакқа тән қасиеттер: 1) суда жақсы ерігіштік; 2) ауадан ауыр; 3) сілтілермен әрекеттесу; 4) қышқылдармен; 5)тұздармен; 6) оттекпен әрекеттеседі; 7) сутекпен тотықсызданады. Осы қасиеттердің қайсысы шындыққа сай келеді.

а) 1, 2, 4, 5; б) 2, 3, 4, 6; в) келтірілген қасиеттердің барлығы; г) 1, 4, 6

2.Сулы ертіндіде жүзеге асатын реакция сызбанұсқасын белгілеңдер:

а) NH4 Cl +AgNO3 → б) NH4 OH + H3 PO4

в) (NH4)2 SO4 + H3 PO4 → г) (NH4)2 CO3 + H3 PO4

3.Егер массасы 5,6кг азоттан 5кг аммиак алынған болса,аммиак шығымының теориялық мүмкіндікке қарағанда шығымы қандай: а) 8% ; б) 73,5% ; в) 89% ; г) 93% ;

4.Азот ( IV ) оксидін суда еріткенде әр түрлі жағдайда алуға болады:

а) HNO3 ; б) NO; в) N2O; г) HNO2.

5.Азот қышқылындағы азоттың валенттігі мен тотығу дәрежесі қандай:

а) 5 ж/е +5; б) 5 ж/е +3; в) 3 ж/е +5; г) 4 ж/е +5.

6.Концентрлі HNO3 –пен реакцияда қай металл енжарланады:а) Са б) Al в) Zn г) Cu

7.Азот қышқылына тән қасиет: 1) жарықта ыдырау; 2) қайнап жатқан қышқылдың үстінде шоқтанған шырпының тұтануы; 3) белоктарды сары түске бояу; 4) магниймен реакциясында N2O5 – тің бөлінуі; 5) қараңғыда жарқырау;

6) мыспен реакцияда NO2-нің бөлінуі. Осы қасиеттердің қаншасы шындыққа сәйкес келмейді: а) 2; б) 3; в) 4; г) 5

8.Азот қышқылының химиялық қасиеті: (жалпы бейорганикалық қышқылдарға тән):

1) сулы ерітіндіде диссоциация лануы; 2) метилоранждың қызғылт-сары түске боялуы;

3) негіздік оксидтермен; 4) негіздермен; 5) тұздармен; 6) металдармен әрекеттесуі. Осы қасиеттердің қаншасы шындыққа сәйкес келмейді: а) 5; б) 4; в) 3; г) 2

9.Зерттелетін заттың құрамындағы нитрат-ионды анықтау үшін, қолданылады:

а) күмістің мыспен; б) аммиакпен;

в) күкірт қышқылы мен мыстың; г) күміс пен темір хлоридінің реакциясы

10.Ақ фосфор азотқа қарағанда белсендірек, себебі:

а) фосфор атомының ядро заряды аз; б) фосфор молекуласының массасы үлкен;

в) фосфорға қарағанда азот атомының ядросында протондар саны аз;

г) азот молекуласына қарағанда ақ фосфор молекуласындағы атомдардың байланыс энергиясы аз.

11.Фосфор жоғары тотығу дәрежесін:

а) металдар фосфидтерінің; б) ортофосфаттардың;

в) метафосфор қышқылының; г) фосфиннің (PH3) құрамында көрсетеді.

12.Фосфор: а) кальциймен; б) оттекпен; в) галогендермен; г) калий хлоратымен әрекеттескенде тотықтырғыш болады.

13.Фосфордың қасиеттері: 1) аппатиттерден алады; 2) жақсы жанады; 3) күкірткөміртекте ериді; 4) қараңғыда жарқырамайды; 5) атомдық массасы 31; 6) 44°С-да балқиды.

Осы келтірілген қасиеттердің қайсылары қызыл фосфорға да, ақ фосфорға да ортақ: а)1, 3, 5, 6; б)1, 2, 5; в) 2, 5, 6; г) барлық қасиеттері.

14.Ортофосфор қышқылының химиялық қасиеті: (жалпы бейорганикалық қышқылдарға тән): 1) сулы ерітіндіде диссо циациялануы; 2) фенолфталеиннің алқызыл түске боялуы; 3) мырышпен; 4) негіздік оксидтермен; 5) қыздырғанда мыспен; 6) аммиакпен;

7) кейбір тұздармен; 8) азот қышқылымен әрекеттесуі.

Осы қасиеттердің қайсылары шын дыққа сәйкес келмейді:

а) 2, 4, 5, 8; б) 1, 2, 4, 8; в) 2, 3; г) 5, 2, 8?

15.Калий дигидрофосфатын калий гидрофосфатына ауыстыру үшін қолданылатын реактив: а) су; б) ортофосфор қышқылы; в) сілті; г) күкірт қышқылы.

16.Ортофосфор қышқылы және сұйылтылған азот қышқылы қандай заттармен әрекеттеседі:

а)күміспен; б)кальций оксидімен;

в) калий гидрооксидімен; г) аммиакпен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет