І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1- нұсқа 1


ІІ тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы



бет6/30
Дата10.05.2020
өлшемі362 Kb.
#66860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
00050192-43a98ab9

ІІ тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы

1- нұсқа
1.Мына топтарда элементтің таңбалары атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:

А) C, O, N Б) O, N, C C) C, N, O Д) N, C, O

2.Электртерістік – берілген элемент атомдарының:

А) басқа химиялық элемент атомдарынан электрондар тартып алуы

Б) электрондарын оңай беріп жіберуі

С) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеттері

Д) теріс тотығу дәрежесін көрсетуі.

3.Коваленттік байланыс:

А) электрондық бұлттар

Б) валенттік электрондар

С) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары

Д) электростатикалық тартылу күштері есебінен жүзеге асады.



4.Иондық химиялық байланыс коваленттік байланысқа қарағанда былайша сипатталады:

А) бағытталмаған және қанықпаған

Б) қаныққан және бағытталмаған

С) бағытталған және қанықпаған

Д) бағытталған және қаныққан.

5.Өте мықты емес химиялық байланыс:

А) металдық Б) иондық С) сутектік Д) коваленттік

6.Донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген коваленттік байланысы бар молекулалар немесе иондардың формулаларын көрсет:

А) СО Б) Н2 С) Н2О+ Д)NH4

7.Су молекуласындағы химиялық байланысты сипаттаңдар:

А) сутектік Б) коваленттік полюсті

С) σ-типті 2 байланыс Д) 1σ- және 1π- байланыс

8.Иондық байланысы бар заттардың формуласын көрсет:

А) КОН Б) Н2О С) K2O Д) KF

9. HF ----- HCI ----- HJ молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді:

А) байланыстың полюстігі де, беріктігі де артады

Б) байланыстың полюстігі артады, беріктігі азаяды

С) байланыстың полюстігі де, беріктігі де азаяды

Д) байланыстың полюстігі азаяды, ал беріктігі артады.

10.НСІ молекуласы түзілгенде сутек және хлор атомдарының қаптасатын сәйкес орбитальдары:

А) s және s Б) s және p С) p және p Д) p және d

11.Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:

А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен

Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен

С) зат молекуласының тетраэдрлік молекуласының түзілуімен

Д) бірдей конфигурациялы электрон бұлтарының пайда болуымен сипатталады.

12.Бериллий хлориді молекуласында жүзеге асады:

А) s -гибридтену Б) sp - гибридтену

С) sp2- гибридтену Д) sp3- гибридтену

13. Судың айрықша қасиеті:

А) гидроксоний иондарының

Б) сутектік байланыстың

С) диссоциацияланған молекулалардың

Д) су молекулаларының ерекше қасиеттері болуымен түсіндіріледі.

14.Күкіртсутек молекуласында химиялық байланыс:

А) иондық Б) коваленттік С) сутектік Д) донорлы-акцепторлы.


15.Mыстың физикалық қасиеттері:

А) элементтің периодтық жүйедегі орнымен

Б) жоғары электрөткізгіштігімен

С) металдық байланыспен

Д) сыртқы электрондық деңгейде екі электронның болуымен сипатталады.

16.Химиялық қосылыстардағы иондардан тұратын атомның шартты заряды:

А) тотығу саны Б) тотығу дәрежесі

С) ион заряды Д) катионды немесе анионды деп аталады.

17.Химиялық байланыстың қандай түрімен зат молекулалық кристалдық тор түзуі мүмкін:

А) коваленттік полюсті Б) иондық

С) коваленттік полюссіз Д) металдық.

18.Атомдық кристалдық торлы затқа тән:

А) сәл қаттылық және жоғары балқу температурасы

Б) жоғары қаттылық және төменгі балқу температурасы

С) жоғары қаттылық және жоғары балқу температурасы

Д) сәл қаттылық және төменгі балқу температурасы.

19.Иондық кристалдық торлы химиялық қосылыс:

А) жоғары балқу температурасымен

Б) жоғары химиялық белсенділігімен

С) жақсы ерігіштігімен

Д) жоғары ұшқыштығымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет