ІІ тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы
2- нұсқа
1.Мына топтарда элементтің белгілері атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:
А) Ag,Fe,H,C,CI Б) Ca,Si,AI,P,Br
С) K,Cu,Zn,S,O Д) Br,Se,As,Ge,Ga
2.Азот атомдары азот молекуласында бір-бірімен:
А) коваленттік полюссіз байланыспен
Б) әлсіз иондық байланыспен
С) күшті коваленттік емес байланыспен
Д) коваленттік полюсті байланыспен байланысқан.
3. Иондық байланысы бар заттардың формуласын көрсет:
А) К Б) Н2О С) K2SO4 Д) KF
4.Молекулаларда тек коваленттік полюссіз байланыс қана болады:
А) Р4 Б) Н2О С) N2 Д) NH3
5.Атомдық нөмірлері 3 және 9 элементтерінің арасында:
А) коваленттік Б) иондық С) металдық Д) сутектік байланыс болады.
6.Молекулаларда σ- байланыстары сияқты π-байланыстары да болады:
А)азоттың Б) метанның С) фтордың Д) оттектің
7.ССІ4 молекуласында болатын байланыс:
А) 1σ және 1π Б) 2σ және 2π С) 3σ және 1π Д) 4σ
8.F2 ----- O2 ------ N2 молекулалар қатарында байланыс беріктігі:
А) артады Б) өзгермейді С) азаяды Д) бастапқыда азаяды, одан соң артады.
9.Цезий хлоридіндегі химиялық байланыс:
А) күшті полюсті Б) әлсіз полюсті С) металдық Д) иондық
10.Мына химиялық формулалар қатары бойынша қосылыстарда байланыс полюстігі аратды:
А) NaBr,NaCI,NaF Б) CaCI2, CuCI2, Na2O
С) CO2,SiO2,ZnO Д) FeCI2,NiCI2,MnCI2
11.Сутектік байланыс түзілуі мүмкін заттардың молекулалары:
А) судың Б) фторсутектің С) сутектің Д) фтордың
12.Коваленттік байланыс түзуге қатысатын жалпы электрон жұптарының санына байланысты:
А) полюсті, биполюсті Б) жай және күрделі
С) бір, екі, үш еселі Д) дара, қос, үш еселі деп бөлінеді.
13. Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:
А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен
Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен
С) зат молекуласының тетраэдрлік молекуласының түзілуімен
Д) бірдей конфигурациялы электрон бұлтарының пайда болуымен сипатталады.
14.Химиялық металдық байланыс:
А) металдық тордың болуымен
Б) металдық жылтырымен
С) электрөткізгіштігімен
Д) ортақтастырылған еркін қозғалатын электрондардың болуымен сипатталады.
15.Бір молекуланың протоны мен басқа молекуланың электртеріс элементінің әрекеттесуі мыналардың түзілуіне әкеледі:
А) молекуларалық сутектік байланыстың
Б) донорлы-акцепторлы байланыстың
С) органикалық заттарда ассоциацияланған заттардың
Д) молекулалық кристалдық торлы заттардың.
16. Балқу температурасы төмен заттарды ата:
А) су Б) көміртек С) калий хлориді Д) азот
17.Молекулалық кристалдық торлы зат:
А)оңай балқиды Б) қиын балқиды С) ұшқыш Д) ұшқыш емес
18.Иондық кристалдық торлы химиялық қосылыстар ерекшеленеді:
А) жоғары балқу температурасымен
Б) жоғары химиялық белсенділігімен
С) жақсы ерігіштігімен
Д) жоғары ұшқыштығымен.
19.Сутектің бірдей тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формуласын көрсет:
А) СаН2 Б) СН4 С) Н2О Д) H2
Достарыңызбен бөлісу: |