Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң және периодтық жүйе Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі62,59 Kb.
#26971
түріСабақ
Ақсу негізгі мектебі

«ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ»

(Ашық сабақ)


Өткізген: Есімсеитова Л.С.,

химия пәні мұғалімі

Ақсу ауылы, 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң және периодтық жүйе

Сабақтың мақсаты:

  • элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы бойынша элементтер туралы білімді пысықтау;

  • периодтық кестені пайдалану, химиялық символиканы білу деңгейін анықтау;

  • әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығуын арттыру.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Құрал-жабдықтар: а) периодтық кесте;

ә) тапсырмалар жазылған кесте;

б) жинақ кестесі.

І. Мұғалім: («Периодтық жүйеге арнау» өлеңін оқиды).

Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.

Ол заңмен жеті период орналасқан,

Тігінен сегіз топқа арна ашқан.

Толтырып сол арнаның бос орынын,

Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.

Әрбір топ өз алдына бір-бір дастан,

Ғылымның болуына үлес қосқан.

Алпыс үш элементтің сырын біліп,

Кейбірін Менделеев болжап ашқан.


  • Балалар, бүгінгі сабақта «Периодтық заң, периодтық жүйе» тақырыбы бойынша білімді пысықтап, тақырыпты талай меңгергендеріңді көрсетіңдер, сәттілік тілеймін.

  • Сыныптағы үш оқушы жарысамыз. Ол үшін қазылар алқасын сайлап алайық.

Әр топқа 3 тапсырма беріледі.

І ТАПСЫРМА

  • 1 жеңіл – 1 ұпайлық.

  • 2 орташа – 2 ұпайлық.

  • 3 күрделі – 3 ұпай.

1 оқушы:

1. Периодтық заңды кім ашқан?

2. Реттік нөмірі №15 элементтің атом құрамы?

3. Ұқсас элементтердің топтарын ата.



2 оқушы:

1. Периодтық заң қашан ашылды?

2. 1s22s22p5 электрондық формуласы көрсетілген қай элемент?

3. ядроның құрамы қандай? Мысал келтір.



3 оқушы:

1. атом құрылысы.

2. топ нөмірі нені көрсетеді?

3. №7 элементтің жоғары оксиді мен ұшқыш сутектік қосылысының формуласын жаз.



ІІ ТАПСЫРМА

Химиялық сауалнаманы толтыру.

(3 оқушыға сауалнама қағаздары таратылады).



1 оқушы: №9 элемент

2 оқушы: №12 элемент

3 оқушы: №15 элемент

1. Элементтің аты.

2. Мекен-жайы, период №..., топ...

3. Отбасы құрамы:

протондар саны....

нейтрондар саны....

электрондар саны....

4. Портреті:

электрондық конфигурациясы ....

5. Отбасындағы қатынасы:

- оттекпен ......

- сутекпен ......



ІІІ ТАПСЫРМА

Кімнің жүйрік әрі математик екенін анықтау.

1 оқушы: Mr(ЭО2) = 44

2 оқушы: Mr(ЭО2) = 56

3 оқушы: Mr(ЭО2) = 64

Э - ?



СЕРГІТУ СӘТІ

ТІС АУРУЫ

Автор: Бір күні тісі ауырған адам делсал болып келе жатты. Айналадағы кісілерден жәрдем сұрағысы келіп, айналаға жалтақ-жалтақ қарады. Содан Менделеев кестесінің қасынан өтіп бара жатып, кестеге телміре қарайды. Кестедегі элементтер мұның жайын түсініп, оларға тіл бітеді. Әркім өз көмегін ұсынғысы келеді. Ең әуелі сөзді йод бастайды.

Йод: «Мен «емші» элементімін. Бірақ тіс ауруына көмектесе алмаймын.

Автор: содан көмекке темір ұмтылды.

Темір: «Мен гемоглобин көтеруге бірден себепшімін. Бірақ, өкінішке орай, мен де сенің тіс ауруыңа көмектесе алмаймын. Бірақ менің жақсы ұсынысым бар. Көмекке мышякты шақырайық».

Автор: бәрі көмекке мышякты шақырады.

Барлығы бірігіп: «Арсеникум. Арсеникум... (мышяктың латынша атауы).

Мышяк: «Иә, мені де медицинада қолданады. Әсіресе, тістегі құртты өлтіруге бірден-бір себепшімін. Қазір мен сенің ауруыңды жеңілдетемін (ауру адамның тісін сипайды).

Автор: барлық элементтер жиналып, адамға көмекке ұмтылады. Ал, мышяктың көмегімен адамның тісі құлан-таза жазылып кетті.





IV ТАПСЫРМА

Сипаттама бойынша элементті анықта.

1 оқушы: Элементтің оксиді мен гидроксиді негіздік қасиет көрсетеді. Осы қосылыстарда ол тұрақты І-валентті 4 периодта орналасқан. Бұл қандай элемент?

2 оқушы: Элементтің оксиді мен гидроксиді негіздік қасиет көрсетеді. Осы қосылыстарда ол тұрақты ІІ-валентті 4 периодта орналасқан. Бұл қандай элемент?

3 оқушы: Элемент газ тәрізді сутекпен қосылыс түзеді. Бұл қосылыста ол І-валентті жоғары оксидінде. Бұл элемент VІІ-валентті, 3 периодта орналасқан. Бұл қандай элемент?

V ТАПСЫРМА

Химиялық диктант

(әр оқушы өз дәптеріне жазады. Кілті соңынан тақтаға ілінеді де, оқушылар бірін-бірі тексереді)

1. Кестеде көлденең қатарлар аталады.... (период)

2. Тігінен орналасқан қатарлар аталады.... (топ)

3. 1s22s22p5 электрондық құрылымы бұл элемент....

4. Ar(O)= ....... (16)



VІ ТАПСЫРМА

1. Li, Na, K элементтерін неге бір топшаға біріктірді?

2. Реттік нөмірі нені көрсетеді?

3. Топ нөмірі ше?

4. Периодтық заңға анықтама бер.

5. Изотоптар деген не?

6. Алюминийдің оттекпен,

темірдің хлормен,

натрийдің күкіртпен тотығу-тотықсыздандыру реакциясын жаз.

7. Тапсырма.

ТІЛ ӨНЕРІ

(сұраққа жауап беріп, кездесетін элементтерді қазақ, орыс, латын тілдерінде жаз)

1. Нені қызған кезінде соқ? (темір, железо, феррум)

2. Нені періште көрсе, жолдан таяды? (алтын, золото, аурум)

3. Аспен келеді, тамаққа дәм береді? (тұз (натрий хлориді), хлорид натрия)

4. Ауаның негізгі құрамы, бөлігі? (оттек, кислород, оксигениум)

5. Мақалды аяқта: Арпа, бидай ас екен.....

6. Аз сөз алтын .....

7. Асыл шірімес .... (асыл айнымас)

ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ

Химия қин, Жар бермей мойын құр ұстап.

Ашиды миың. Мұндайын оның білгенде,

Деуші едік оқып жүргенде. Оқитын едік дұрыстап,

- деп Шәміл ақын жырлағандай өкініп, опық жемеңдер.

ҮЙГЕ: жалғастыр .....



1. Химия пәні – қызық пән. 2. Химия пәні – қиын пән.
Каталог: uploads -> doc -> 0c39
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c39 -> Қолдану кезеңі “ Ой қозғау ”
0c39 -> Мүсіндеу. Тақырыптық күнтізбелік жоспар(аптасына 1 сағат,барлығы 32 сағат)
0c39 -> Сабақ жоспары Қайыңбаева Альмира Әділқанқызы Мариногорка орта мектебінің
0c39 -> ТақырСабақ тақырыбы: Speaking about continents and countries of the world


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет