І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары



бет17/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
тест химия

V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары
1-нұсқа

1.Барлық сілтілік металдарға тән сипаттамаларды көрсетіңдер:


а) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны;
б) оксидтердің негіздік сипаты;
в) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны;
г) қосылыстардағы тотығу дәрежесі;
2.Сілтілік металдарға тән: 1) жоғары тығыздық; 2) созылғыштық; 3) металдық жылтыр; 4) электрөткізгіштік; 5) сарғыш қызыл түс; 6) олардың барлығы пышақпен оңай кесіледі. Осы қасиеттердің қайсысы шындыққа сай келеді:
а) 2,4,5; б) 3,4,5,6; в) 1,3,4,5; г) 2,3,4,6;
3.Сілтілік және сілтілікжер металдар:
а) CI2,Ar,CuSO4,NaOH; б) H2SO4, CuCI2, CCI4, Br2;
в) галогендермен, сумен, сутекпен, қышқылдармен, оттекпен;
г) сілтілермен, тұздармен, оксидтермен және металдармен әрекеттеседі;
4.Сілтілік және сілтілікжер металдардың гидридтері сумен мына заттарды түзе әрекеттеседі: а) тұз бен су; б) сілті мен сутек; в) сілті мен оттек; г) тұз;
5.Литийдің сумен әрекеттесу реакциясы қалай жүреді:
а) қалыпты, тұтанбай; б) қопарыла, тұтана; в) қопарыла; г) қалыпты жағдайда жүрмейді;
6.Тотықсыздандырғыш ретінде мына заттарды қолдана отырып таза натрий алуға болады: а) сутек; б) кокс; в) алюминий;
г) натрий хлориді балқымасының электролизі кезіндегі катодтағы электр тоғы;
7.Натрий және калий тұздары жалынды мына түстерге бояйды:
а) ал қызыл және қызыл күрең; б) күлгін және көгілдір;
в) сары және күлгін; г) сары және көк;
8.Натрий ауада жанғанда қандай заттар түзіледі:
а) Э2О; б) Э3N; в) Э2О2; г) ЭО2;
9.Натрий гидроксидін алу үшін өндірісте қолданылатын реакция:
а) Na2CO3 + Ca(OH)2 → б) NaCI ерітіндісінің электролизі;
в) Na + H2O → г) Na2O2 + H2O→
10.Сілті ерітіндісі арқылы өткізгенде сіңірілетін газдар:
а) Н2; б) NH3; в) СО2; г) О2;
11.Лабораторияда концентрлі сілті ерітінділерін:
а) полиэтилен ыдыста; б) шыны ыдыста;
в) темір ыдыста; г) алюминий банкада сақтайды;
12.Массасы 8,5г сілтілік металл мен судың артық мөлшері әрекеттескенде, 1,12 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Қандай металл алынған: а) К; б) Na; в) Cs; г) Rb?
13.Калий оксиді ..... әрекеттеседі:
а) сумен; б) калий гидроксидімен; в) тұз қышқылымен; г) натрий хлоридімен;
14.Әк суы дегеніміз:
а) сөндірілген әктің сулы жүзгіндері; б) кальций карбонатының сулы жүзгіндері;
в) сөндірілген әктің сулы ерітіндісі; г) ағартқыш (хлорлы) әктің сулы ерітіндісі;
15.Әк суы әрекеттесетін заттың формуласы:а) CO2; б) Ca(HCO3)2; в) CI2; г) H2O;
16.Судың кермектігі:
а) табиғи суда кальций, темір және магнийдің еритін тұздарының болуымен;
б) суға сабын немесе кір жуатын ұнтақты салғанда көпірудің болмауымен;
в) суды қайнатқанда қазандардың қабырғаларында қақтың пайда болуымен;
г) онда еріген магний және кальций тұздарының болуымен анықталады;
17.Судың карбонатты кермектігін қайнатумен жоюға болады, себебі мұнда:
а) су 1000С – тан жоғары қызады;
б) судың табиғи құрамынан барлық еріген газдар аласталынады;
в) кальций мен магний катиондары ерімейтін қосылыстар түрінде тұнады;
г) ыдыс қабырғаларына қақ тұрады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет