І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет7/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
тест химия

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
IV A топ
2-нұсқа.

1.C----- Si -----Ge ----- Sn ----- Pb қатарында атомдар радиусы қалай өзгереді:


А) артады Б) кемиді С) өзгермейді Д) артады, онан соң кемиді
2. CО2----- SiО2 -----GeО2 ----- SnО2 ----- PbО2 қатарында негіздік қасиеттері:
А) артады Б) кемиді С) өзгермейді Д) артады, онан соң кемиді
3.Көміртектің қанша аллотропиялық түрөзгерістері болады:
А) 2 Б) 3 С) 4 Д) 5
4.Тіршіліктің пайда болуы үшін көміртектің маңызы:
А) жерде көп таралуына
Б) аллотропиялық түрөзгерістерінің көп болуына
С) атомдардың ұзын тізбек түзу қабілеттілігіне
Д) жоғары балқу температурасына байланысты.
5.Газдардың немесе еритін заттардың қатты затттың бетінде жұтылуы:
А) регенерация Б) ұшыру С) адсорбция Д) дистилдеу деп аталады.
6.Бейорганикалық заттарда көміртек:
А) -4, 0, +2, +4 Б) -6, -4, +3, +4 С) -1, 0, +1, +2, +3 Д) +4, +5, +6 тотығу дәрежесін көрсетеді.
7.Көміртек табиғатта: 1) бос күйінде; қосылыс құрамында; 2) мұнайдың; 3) тас көмірдің; 4) тірі ағзалардың; 5) әктастың; 6) доломиттің; 7) құмның; 8) кальций карбидінің; 9) табиғи газдың; 10)генератор газының құрамында болады. Қай мысалдар шындыққа сәйкес келеді:
А)1,2,4,5,6,7 Б)4,5,6,7,9,10 С) 1,2,3,4,5,6,9 Д)2,3,4,6,7,10
8.Жай зат – көміртек тотықсыздандырғыш болатын реакцияны белгіле:
t t t t
А) C + O2 = Б) Ca + C = С) C + H2O = Д) ZnO + C =
9. Нәтижесінде көміртек (ІҮ) оксиді бөлінетін реакцияны белгіле:
t t t t
А) Na2CO3 = Б) NaHCO3 = С) CaCO3 = Д) CaCO3 + HCI =
10.Көміртек (ІІ) оксиді мен көміртек (ІҮ) оксидінің бір-бірінен айырмашылығы:
А) молекулаларындағы π – байланыстар санында
Б) көміртек атомының тотығу дәрежесінде
С) көміртек атомының валенттігінде
Д) тотықсыздандырғыш қасиеттерінде.
11.Көмір қышқылының химиялық қасиеттері (жалпы бейорганикалық қышқылдарғы тән): 1) негіздік оксидтермен әрекеттесуі; 2) бояуларды түссіздендіру; 3) өткір иісі; 4) өте қышқыл дәмі; 5) сілтілермен; 6) тұздармен реакциясы. Осы қасиеттердің қайсысы шындыққа сәйкес келеді:
А) 1,2,4,5,6 Б) 3,4,5,6 С) 1,5,6 Д) 4,5,6
12.Карбонат ионды:
А) KOH Б) HCI С) NaCI Д) CaCI2 көмегімен анықтауға болады.
13.Кремний азотпен, көміртекпен, күкіртпен реакцияларында:
А) тотықтырғыш
Б) тотықсыздандырғаш
С) азотпен реакциясында тотықсыздандырғыш, күкірт және көміртекпен реакциясында тотықтырғыш;
Д) көміртекпен реакциясында тотықтырғыш, азот және күкіртпен реакциясында тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді.
14.Кремний (ІҮ) оксиді мен көміртек (ІҮ) оксиді бір-бірімен қасиеттері бойынша ұқсас, соның ішінде: 1) агрегаттық күйі; 2) құрамы; 3) иісі; 4) түсі; 5) кристалдық торының түрі; 6) сумен реакциясы; 7) заттардың бір класына жататындығы; 8) негіздік оксидтермен реакциясы; 9) сілтілермен реакциясы. Қай қасиеттері қате көрсетілген:
А)1,2,3,4,5 Б)3,4,5,6,7 С) 2,3,5,6 Д) 1,4,5,6

15. Кремний тотықсыздандырғыш болып табылатын реакцияны көрсетіңдер:


t
А) Mg2Si + H2O = SiH4 + Mg(OH)2 Б) SiO2 + C = Si + CO
t
С) SiO2 + K2O = Д) Si + KOH(еріт) =
16. Калий силикаты сияқты калий карбонаты да әрекеттеседі:
А) H2O + CO2 Б) HCI(еріт) С) BaCI2(еріт) Д) NaNO3(еріт)
17.Терезе шынысының құрамы:
А) Na2O*CaO*6SiO2 Б) Mg3H4Si2O9
С) CaAI2Si2O8 Д) AI2O3*2SiO2*2H2O
18.Қоспасының массалық үлесі 8%, массасы 500г әктасты күйдіргенде алынған көміртек (ІҮ) оксидінің көлемі (л) қандай:
А) 8,96 Б) 4,87 С) 103,04 Д) 112



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет