І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет2/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
тест химия

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары.
V A топ
1-нұсқа
1.Азот пен фосфордың айырмашылығы бар, себебі:
а) әр түрлі топшаларда орналасқан; б) валенттік деңгейінің құрылысы әр түрлі;
в) атом радиусы әр түрлі; г) әр түрлі периодта орналасқан.
2. Азот туралы бұлай деуге болмайды:
а) жай зат N2 – азот топшасындағы барлық элементтердің жай заттарының ішіндегі ең химиялық белсендісі;
б) азот атомында барлық V топ элементтерінің ішінен ең аз протондар саны болады;
в) азот атомдары молекулада үш жалпы электрон жұптарымен байланысқан;
г)азот молекуласындағы байланыс берік емес.
3.Азотқа тән барлық тотығу дәрежелері мәндерінің қатарын таңдап алыңдар:
а) 0, +1, +2, +3; б) 0, +1, +2, +3, +4;
в) 0, +1, +2, +3, +4, +5; г) -3, 0, +1, +2, +3, +4, +5.
4.Қай сызбанұсқа азот алудың өндірістік тәсілін көрсетеді?
а) ауа → б) NH4 NO2→ в) HNO3 → г) NH4NO3
5.Қай реакцияда азот тотықсыздандырғыш болып табылады?
а) N2 + O2→ б) N2 + H2 → в) N2 + Li → г) N2 + Mg →
6.Әдеттегі жағдайда азотпен әрекеттеседі: а) оттек; б) хлор; в) литий; г) көміртек.
7. 1 моль азот, 2 моль сутекпен әрекеттескенде мөлшері (моль) мынадай аммиак түзіледі: а) 1; б) 2; в) 3; г) 4.
8.Аммиак молекуласының формасы: а) иілген; б) сызықты; в) жазық; г) пирамида тәрәзді.
9.Ақ фосфор азотқа қарағанда белсендірек, себебі:
а) фосфор атомының ядро заряды аз;
б) фосфор молекуласының массасы үлкен;
в) фосфорға қарағанда азот атомының ядросында протондар саны аз;
г) азот молекуласына қарағанда ақ фосфор молекуласының атомдар байланыс энергиясы аз.
10.Фосфор жоғары тотығу дәрежесін:
а) металдар фосфидтерінің; б) ортофосфаттардың;
в) метафосфор қышқылының; г) фосфиннің (PH3) құрамында көрсетеді.
11.Фосфор: а) кальциймен; б) оттекпен; в) галогендермен;
г) калий хлоратымен әрекеттескенде тотықтырғыш болады.
12.Фосфордың қасиеттері: 1) апатиттерден алады; 2) жақсы жанады; 3) күкірткөміртекте ериді; 4) қараңғыда жарқырамайды; 5) атомдық массасы 31; 6) 44°С-да балқиды.
Осы келтірілген қасиеттердің қайсылары қызыл фосфорға да, ақ фосфорға да ортақ: а)1, 3, 5, 6; б)1, 2, 5; в) 2, 5, 6; г) барлық қасиеттері.
13.Ортофосфор қышқылының химиялық қасиеті: (жалпы бейорганикалық қышқылдарға тән): 1) сулы ерітіндіде диссоциациялануы; 2) фенолфталеиннің алқызыл түске боялуы; 3) мырышпен; 4) негіздік оксидтермен; 5) қыздырғанда мыспен; 6) аммиакпен;
7) кейбір тұздармен; 8) азот қышқылымен әрекеттесуі.
Осы қасиеттердің қайсылары шындыққа сәйкес келмейді:
а) 2, 4, 5, 8; б) 1, 2, 4, 8; в) 2, 3; г) 5, 2, 8?
14.Калий дигидрофосфатын калий гидрофосфатына ауыстыру үшін қолданылатын реактив: а) су; б) ортофосфор қышқылы; в) сілті; г) күкірт қышқылы.
15.Ортофосфор қышқылы және сұйылтылған азот қышқылы қандай заттармен әрекеттеседі: а)күміспен; б)кальций оксидімен;
в) калий гидрооксидімен; г) аммиакпен?
16. Азот қышқылына тән қасиет: 1) жарықта ыдырау; 2) қайнап жатқан қышқылдың үстінде шоқтанған шырпының тұтануы; 3) белоктарды сары түске бояу; 4) магниймен реакциясында N2O5 – тің бөлінуі; 5) қараңғыда жарқырау;
6) мыспен реакцияда NO2-нің бөлінуі. Осы қасиеттердің қаншасы шындыққа сәйкес келмейді: а) 2; б) 3; в) 4; г) 5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет