І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық
элементтердің периодтық жүйесі
1- нұсқа
1.Элементтің химиялық қасиеті:
А) атом ядросының зарядымен Б) периодтық жүйедегі элементтің орналасуымен
С) атомдық массасымен Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен анықталады.
2.Бір периодта орналасқан элементтер:
А) ұқсас химиялық қасиеттерімен Б) бірдей атом радиустарымен
С) энергетикалық деңгейлерінің бірдей санымен Д) валенттік электрондарының бірдей санымен анықталады.
3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:
А) тек металдар Б) тек d- және f- типтерінің металдары
С) тек s – және p – типтерінің металдары Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар
4. Периодтық жүйедегі период нөмірінің физикалық мағынасы:
А) ол осы период элементтерінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды
Б) металдық қасиет солдан оңға қарай әлсірейді
С) атомдардағы электрондық деңгейлер саны период нөміріне тең
Д) элементтердің қасиеттері периодты түрде қайталанып отырады.
5.Элементтердің бейметалдық қасиеттері химия тұрғысынан мына жағдайларға байланысты:
А) олардың металдармен әрекеттесу белсенділігіне
Б) атомның электрон қабылдау белсенділігіне
С) кристалдық тор құрылысына Д) салыстырмалы электртерістік шамасына
6. Қосымша топшаның химиялық элементтері мына жағдайларға байланысты ұқсас қасиеттер көрсетеді:
А) олардың атом ядролары құрылыстарының ұқсастығына
Б) электрондық қабатының құрылысының ұқсастығына
С) атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейлері құрылысының ұқсастығына
Д) периодтық жүйеде ерекше орналасуына байланысты.
7. Негізгі топша химиялық элементтері атомдық нөмірлерінің жоғарылауына байланысты олардың:
А) металдық қасиеттері Б) бейметалдық қасиеттері
С) химиялық белсенділігі Д) суда ерігіштігі күшейеді.
8. 8336 Kr нуклидінің атом ядросында:
А) 83 протон және 36 нейтрон бар Б) 36 протон және 44 нейтрон бар
С) 36 протон және 47 нейтрон бар Д) 36 протон және 83 нейтрон бар.
9. Мына электрондық конфигурациялардың ішінен мүмкін болмайтынын көрсет:
А) 1s22s1 Б) …. 2s22p7 С) …..2s22p6 Д) ….3s23p64s23d11
10.Қалыпты жағдайдағы мыс атомының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны:
А) 2 Б) 1 С) 10 Д) 18
11. 5d- деңгейшесіне орналасатын электрондар саны: А) 3 Б) 6 С) 10 Д) 14
12. Cr3+ ионындағы электрондардың жалпы саны: А) 21 Б) 24 С) 27 Д) 52
13.Кейбір Э3+ катионының электрондық конфигурациясы 1s22s22р6. Осы элемент атомының ядросындағы протон саны: А) 10 Б) 13 С) 16 Д) 17
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық
элементтердің периодтық жүйесі 2- нұсқа
1. Мына атомдардың немесе иондардың сыртқы электрон қабатында сегіз (октет) электрон болады:
А) Те2- Б) Са С) О2- Д) Mg2+
2.Қалыпты жағдайда болатын 19К және 18Аr нуклидтерінің атомдарында бірдей болатын шама:
А) масса Б) протондар саны С) электрондар саны Д) нейтрондар саны
3.4-период элементтері неғұрлым айқын металдық қасиет көрсетеді:
А) калий Б) мырыш С) кальций Д) германий
4.Ү топ элементтері жалпы формуласы мынадай жоғары оксид түзеді:
А) ЭО3 Б) Э2О3 С) Э2О5 Д) ЭО2
5. Ү топтағы негізгі топшада элементтердің атомдық нөмірі өскен сайын элементтер атомының қандай қасиеттері жоғарылайды:
А)металдық Б) энергетикалық деңгейлер саны
С) бейметалдық Д) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
6.Si ----- P ----- CI элементтері қатарына сәйкес дұрыс тұжырым:
А) солдан оңға қарай атом радиусы жоғарылайды
Б) солдан оңға қарай бейметалдық қасиеттері төмендейді
С) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны тұрақты болып қалады
Д) сыртқы энергетикалық деңгейде электрондар саны жоғарылайды.
7. Негізгі топшада орналасқан элемент тобының нөмірін біле отырып:
А) атомдағы энергетикалық деңгейлер санын
Б) валенттік электрондар санын
С) электрондардың жалпы санын
Д) сутектік қосылыстың формуласын болжауға болады.
8.Бейметалдық қасиет жақсы білінетін элемент атомының электрондық конфигурациясын көрсет:
А) ns2np4 Б) ns2 np1 С) ns2np3 Д) ns2np2
9.S және Cr тобында орналасқан элементтер атомдары үшін:
А) радиусы Б) энергетикалық деңгейлер саны
С) жоғары валенттігі Д) жоғары оксидінің формуласы бірдей
10. Атомдардың ядро зарядына периодты түрде тәуелді сипаттамалары:
А) массасы Б) энергетикалық деңгейлер саны
С)радиусы Д) валенттік электрондар саны
11. ІА тобының элементтері гидроксидтерінің негіздік қасиеттері атомдық нөмірі өскен сайын:
А) кемиді Б) артады С) өзгеріссіз қалады Д) кемиді, одан соң артады
12.Марганецтің тотығу дәрежесі жоғары болатын қосылыс:
А) MnO2 Б) H2MnO3 С) Na2MnO4 Д) KMnO4
13. Элементтің жоғары оксиді ЭО3 формуласына сәйкес келеді. Оның сутектік қосылысында 2,47% сутек болады. Бұл элемент .......
А) S Б) Se С) Te Д) Po
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық
элементтердің периодтық жүйесі
3- нұсқа
1. Химиялық элементтің атомдық нөмірінің физикалық мағынасы оның мыналарды:
А) периодтық жүйедегі элементтің орналасуын Б) атом ядросындағы протондар санын
С) энергетикалық деңгейлер санын Д) атомдағы нейтрондар санын анықтайтындығында.
2.Бейметалдық қасиеті басым элемент: А) S Б) Se С) Si Д) Sc
3.Химиялық элементтердің металдық қасиеттері химия тұрғысынан:
А) атомның электрон беру қабілетіне Б) бейметалдармен әрекеттесу қабілетіне
С) электртерістік шамасына Д) кристалдық тор құрылысына негізделген.
4.Негізгі топшаның химиялық элементтерінің химиялық қасиеттері ұқсас болады, себебі:
А) бір топқа жатады Б) элементтердің табиғи тобын түзеді
С) бірдей валенттік көрсетеді Д) бұл элементтер атомындағы сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы бірдей болады.
5.3919К нуклиді атомының ядросындағы нейтрондар санын көрсет: А) 39 Б) 19 С) 20 Д) 58
6.Үшінші энергетикалық деңгейде барлық орбиталь саны: А) 5 Б) 2 С) 3 Д) 9
7.Екі электрон қабылдай отырып, оттек атомы:
А) оттектің изотоптарының біріне Б) азот атомына
С) фтор атомына Д) неонның электрондық қауызымен оттек ионына айналады.
8.Қалыпты жағдайда хром атомының соңғысының алдындағы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны: А) 2 Б) 1 С) 13 Д) 12
9.Асыл газдарға сәйкес келетін (n – басты квант саны) электрондық конфигурациялардың саны:
А) ns2np4 Б) ns2 С) ns2np6 Д) ns2np5
10.Электрондық конфигурациясы 1s22s22p63s23p1болатын элемент атомы:
А) натрий Б) магний С) кальций Д) алюминий
11.Қалыпты жағдайдағы Со атомының валенттік электрондарының конфигурациясын көрсет:
А) … 3d34s1 Б) …. 3d104s2 С) …. 4s24d7 Д) …. 3d74s2
12.Сыртқы энергетикалық деңгейінде екі электрон болатын элемент атомы:
А) кальций Б) күкірт С) хлор Д) калий
13.16О атомы мен 16О2- ионының бір-бірінен айырмашылығы қандай:
А) протондар санында Б) электрондар санында
С) нейтрондар санында Д) ядро зарядында
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық
элементтердің периодтық жүйесі
4- нұсқа
1.18 электроны және 16 протоны болатын ионның заряды: А) -18 Б) -22 С) -2 Д) +16
2.Электрбейтарап атом катионға айналғанда:
А) атом ядросының заряды өседі Б) атом ядросының заряды өзгермейді
С) атомдағы электрон саны өседі Д) атомдағы электрон саны кемиді.
3.Металдық қасиеті аз элементтің таңбасын көрсет: А) Mg Б) Са С) Ве Д) Ва
4.Период бойынша солдан оңға қарай элемент атомдарының төмендейтін қасиеттері:
А) атом радиусы Б) металдық қасиеттері
С) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны Д) бейметалдық қасиеттері
5.Ве ------ Mg ------ Са элементтер қатарында:
А) металдық қасиеттері солдан оңға қарай артады Б) осы ретпен атом радиусы өседі
С) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны өседі Д) бейметалдық қасиеттері артады.
6.Элементтің жоғары оксидінің формуласы ЭО2. Оның сутектік қосылысының формуласын көрсет:
А) ЭН2 Б) ЭН С)ЭН3 Д) ЭН4
7.Элемент орналасқан период нөмірін біле отырып болжауға болады:
А) атомдағы валенттік электрондар санын Б) атомдағы энергетикалық деңгейлер санын
С) атомдағы электрондардың жалпы санын Д) элементтің жоғары оксидінің формуласын.
8. Са және Sc элементтерінің периодында орналасқан атомдардың бір-бірінен айырмашылығы:
А) энергетикалық деңгейлер санында Б) радиусында
С) валенттік электрондар санында Д) жоғары оксидінің формуласында.
9.Бір периодта конфигурациялары мынадай элементтер орналасқан:
А) …..3d34s2 Б) …..4s24р4 С) …..3s23p5 Д) …..3d14s2
10.Атомының электрондық конфигурациясы ...... 3d54s2 болатын элемент:
А) 4-периодта орналасқан Б) ҮІ топтың негізгі топшасында орналасқан
С) ҮІ топтың қосымша топшасында орналасқан Д) бейметалл
11.P2O5 ----- SiO2 ----- AI2O3 ------ MgO қатарындағы оксидтердің сипаты былайша өзгереді:
А) негіздіктен қышқылдыққа Б) қышқылдықтан негіздікке
С) негіздіктен екідайлыққа Д) екідайлықтан қышқылдыққа
12.Азоттың тотығу дәрежесі бірдей қосылыстарының формуласы:
А) Mg3N2 Б) N2 С) NH3 Д) NO2
13.Ү топ элементтінің жоғары оксидіндегі оттектің массалық үлесі 16,06%-ды құрайды. Бұл элемент: А) Р Б) V С) Ві Д) Sb
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ІІ тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы
1- нұсқа
1.Мына топтарда элементтің таңбалары атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:
А) C, O, N Б) O, N, C C) C, N, O Д) N, C, O
2.Электртерістік – берілген элемент атомдарының:
А) басқа химиялық элемент атомдарынан электрондар тартып алуы
Б) электрондарын оңай беріп жіберуі
С) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеттері
Д) теріс тотығу дәрежесін көрсетуі.
3.Коваленттік байланыс:
А) электрондық бұлттар
Б) валенттік электрондар
С) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары
Д) электростатикалық тартылу күштері есебінен жүзеге асады.
4.Иондық химиялық байланыс коваленттік байланысқа қарағанда былайша сипатталады:
А) бағытталмаған және қанықпаған
Б) қаныққан және бағытталмаған
С) бағытталған және қанықпаған
Д) бағытталған және қаныққан.
5.Өте мықты емес химиялық байланыс:
А) металдық Б) иондық С) сутектік Д) коваленттік
6.Донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген коваленттік байланысы бар молекулалар немесе иондардың формулаларын көрсет:
А) СО Б) Н2 С) Н2О+ Д)NH4
7.Су молекуласындағы химиялық байланысты сипаттаңдар:
А) сутектік Б) коваленттік полюсті
С) σ-типті 2 байланыс Д) 1σ- және 1π- байланыс
8.Иондық байланысы бар заттардың формуласын көрсет:
А) КОН Б) Н2О С) K2O Д) KF
9. HF ----- HCI ----- HJ молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді:
А) байланыстың полюстігі де, беріктігі де артады
Б) байланыстың полюстігі артады, беріктігі азаяды
С) байланыстың полюстігі де, беріктігі де азаяды
Д) байланыстың полюстігі азаяды, ал беріктігі артады.
10.НСІ молекуласы түзілгенде сутек және хлор атомдарының қаптасатын сәйкес орбитальдары:
А) s және s Б) s және p С) p және p Д) p және d
11.Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:
А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен
Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен
С) зат молекуласының тетраэдрлік молекуласының түзілуімен
Д) бірдей конфигурациялы электрон бұлтарының пайда болуымен сипатталады.
12.Бериллий хлориді молекуласында жүзеге асады:
А) s -гибридтену Б) sp - гибридтену
С) sp2- гибридтену Д) sp3- гибридтену
13. Судың айрықша қасиеті:
А) гидроксоний иондарының
Б) сутектік байланыстың
С) диссоциацияланған молекулалардың
Д) су молекулаларының ерекше қасиеттері болуымен түсіндіріледі.
14.Күкіртсутек молекуласында химиялық байланыс:
А) иондық Б) коваленттік С) сутектік Д) донорлы-акцепторлы.
15.Mыстың физикалық қасиеттері:
А) элементтің периодтық жүйедегі орнымен
Б) жоғары электрөткізгіштігімен
С) металдық байланыспен
Д) сыртқы электрондық деңгейде екі электронның болуымен сипатталады.
16.Химиялық қосылыстардағы иондардан тұратын атомның шартты заряды:
А) тотығу саны Б) тотығу дәрежесі
С) ион заряды Д) катионды немесе анионды деп аталады.
17.Химиялық байланыстың қандай түрімен зат молекулалық кристалдық тор түзуі мүмкін:
А) коваленттік полюсті Б) иондық
С) коваленттік полюссіз Д) металдық.
18.Атомдық кристалдық торлы затқа тән:
А) сәл қаттылық және жоғары балқу температурасы
Б) жоғары қаттылық және төменгі балқу температурасы
С) жоғары қаттылық және жоғары балқу температурасы
Д) сәл қаттылық және төменгі балқу температурасы.
19.Иондық кристалдық торлы химиялық қосылыс:
А) жоғары балқу температурасымен
Б) жоғары химиялық белсенділігімен
С) жақсы ерігіштігімен
Д) жоғары ұшқыштығымен ерекшеленеді.
ІІ тарау. Химиялық байланыс және зат құрылысы
2- нұсқа
1.Мына топтарда элементтің белгілері атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:
А) Ag,Fe,H,C,CI Б) Ca,Si,AI,P,Br
С) K,Cu,Zn,S,O Д) Br,Se,As,Ge,Ga
2.Азот атомдары азот молекуласында бір-бірімен:
А) коваленттік полюссіз байланыспен
Б) әлсіз иондық байланыспен
С) күшті коваленттік емес байланыспен
Д) коваленттік полюсті байланыспен байланысқан.
3. Иондық байланысы бар заттардың формуласын көрсет:
А) К Б) Н2О С) K2SO4 Д) KF
4.Молекулаларда тек коваленттік полюссіз байланыс қана болады:
А) Р4 Б) Н2О С) N2 Д) NH3
5.Атомдық нөмірлері 3 және 9 элементтерінің арасында:
А) коваленттік Б) иондық С) металдық Д) сутектік байланыс болады.
6.Молекулаларда σ- байланыстары сияқты π-байланыстары да болады:
А)азоттың Б) метанның С) фтордың Д) оттектің
7.ССІ4 молекуласында болатын байланыс:
А) 1σ және 1π Б) 2σ және 2π С) 3σ және 1π Д) 4σ
8.F2 ----- O2 ------ N2 молекулалар қатарында байланыс беріктігі:
А) артады Б) өзгермейді С) азаяды Д) бастапқыда азаяды, одан соң артады.
9.Цезий хлоридіндегі химиялық байланыс:
А) күшті полюсті Б) әлсіз полюсті С) металдық Д) иондық
10.Мына химиялық формулалар қатары бойынша қосылыстарда байланыс полюстігі аратды:
А) NaBr,NaCI,NaF Б) CaCI2, CuCI2, Na2O
С) CO2,SiO2,ZnO Д) FeCI2,NiCI2,MnCI2
11.Сутектік байланыс түзілуі мүмкін заттардың молекулалары:
А) судың Б) фторсутектің С) сутектің Д) фтордың
12.Коваленттік байланыс түзуге қатысатын жалпы электрон жұптарының санына байланысты:
А) полюсті, биполюсті Б) жай және күрделі
С) бір, екі, үш еселі Д) дара, қос, үш еселі деп бөлінеді.
13. Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:
А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен
Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен
С) зат молекуласының тетраэдрлік молекуласының түзілуімен
Д) бірдей конфигурациялы электрон бұлтарының пайда болуымен сипатталады.
14.Химиялық металдық байланыс:
А) металдық тордың болуымен
Б) металдық жылтырымен
С) электрөткізгіштігімен
Д) ортақтастырылған еркін қозғалатын электрондардың болуымен сипатталады.
15.Бір молекуланың протоны мен басқа молекуланың электртеріс элементінің әрекеттесуі мыналардың түзілуіне әкеледі:
А) молекуларалық сутектік байланыстың
Б) донорлы-акцепторлы байланыстың
С) органикалық заттарда ассоциацияланған заттардың
Д) молекулалық кристалдық торлы заттардың.
16. Балқу температурасы төмен заттарды ата:
А) су Б) көміртек С) калий хлориді Д) азот
17.Молекулалық кристалдық торлы зат:
А)оңай балқиды Б) қиын балқиды С) ұшқыш Д) ұшқыш емес
18.Иондық кристалдық торлы химиялық қосылыстар ерекшеленеді:
А) жоғары балқу температурасымен
Б) жоғары химиялық белсенділігімен
С) жақсы ерігіштігімен
Д) жоғары ұшқыштығымен.
19.Сутектің бірдей тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формуласын көрсет:
А) СаН2 Б) СН4 С) Н2О Д) H2
Достарыңызбен бөлісу: |