ІҮ тарау. Металдардардың жалпы сипаттамасы 1-нұсқа 1.Металдарға мына байланыс түрі және кристалдық тордың түрі тән:
а) атомдық; б) иондық; в) металдық;
2. Айқын металдық қасиет көрсетеді:
а) кальций б) стронций в) барий
3. Сыртқы энергетикалық деңгейінің құрлысы мынадай болатын металл: ...3d64s2 бұл
4. Магнийдің электрондық конфигурациясы ...
5. Ең баяу балқитын металл:
а) алюминий б) мыс в) вольфрам
6. Ең жақсы электрөткізгіш:
а) күміс б) темір в) мыс
7. Металдар мен олардың физикалық қасиеттері арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:
а) натрий 1) күміс тектес, ақ
б) мыс 2) ең жұмсақ
в) алюминий 3) сары, созылғыш
8. Электротехникада мыспен алюминийдің мынадай қасиеттерін қолданады:
а) жеңілдігі б) созылғыштығы в) жылу және электрөткізтігі
9. Табиғатта саф металдар түрінде кездеседі:
а) магний б) қорғасын в) күміс
10. Оттекпен әдеттегі жағдайда әрекеттеседі:
а) калий б) мыс в) алюминий
11. Сәйкестікті анықтаңдар:
Металдар Сумен әрекеттесуі
а) алтын 1)қыздырғанда әрекеттеседі
б) никель 2) бөлме температурасында әрекеттеседі
в) литий 3)әрекеттеспейді
12. Тұз қышқылымен әрекеттеседі:
а) темір б) cынап в) мыс
13. Концентрлі күкірт қышқылында ерімейтін металл:
а) күміс б) платина в) қалайы
14. Мына заттар арасында химиялық реакциялар жүруі мүмкін:
а) Mg + FeSO4 = б) Cu + NiCl2 = в) Hg + CuSO4 =
15. Айналуларды жүзеге асырғанда түзілетін «Х» және «Ү» заттары:
K X→Y→K3PO4 а) КОН, КН2РО4 б) КОН, К2О в) КОН, КСІ
16. Мыс бромиді ерітіндісінің электролизі кезінде түзілетін заттар:
Катодта: Анодта:
а) Cu, O2 б) Cu, Br2 в) H2, Br2 17. Темір мына металдармен жанасқанда жемірілуге ұшырайды:
а) қалайымен б) алюминиймен в) хроммен
18. Жемірілумен күресетін негізгі тәсіл:
а) қорғаныш қабаттарын қолдану; б) металл бетін тазалау; в) металдарды пластмассаға ауыстыру;
19. Сәйкестікті анықтаңдар:
Металл оксиді Сипаты
а) Al2O3 1) негіздік
б)MgO 2) екідайлы
в)CrO3 3) қышқылдық
г) K2O
20. Есеп:Егер өнім шығымы теориялық мүмкіндікке қарағанда 80%-ті құрайтын болса, 149г калий хлориді балқымасының электролизінде газдың қандай көлемі бөлінеді.
а) 22,4л б) 17,9л в) 18,4л г) 11,2л