І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі


ІІ. тарау. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі



бет2/2
Дата03.03.2020
өлшемі84,27 Kb.
#59406
1   2
Байланысты:
kur -ana-tili-sabaqtarynda-qazaq-halyq-ertegilerin-oqytu-arqyly-oqushylarga-adamgershilik-tarbie-beru-zholdary-34


ІІ. тарау. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі

2.1. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі
Ана тілі бастауыш мектептегі негізгі де, маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасаумен дүниетанудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие.

Бастауыш сыныпта оқылатын ана тілі сабағы аса маңызды дидактикалық міндеттерді де шешуге тиіс.

Ана тілі байлығы мен осы тілде жасалған әдеби шығармалар арқылы оқушының рухани деңгейі артады. Ана тілін оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі түрде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, интегративті ұштастыра меңгеріледі.

Ана тілі пәнінің негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диологтық және монологтық сөйлеуін дамытады [2].

Ана тілі пәні бойынша балаларға берер тәрбиеміз ерекше. Бұл пәнді оқыту барысында дидактикалық міндеттерге тоқталсақ мынадый:

- жалпы оқу дағдысымен машығын қалыптастыру;

- оқушылардың айналадағы дүние (адам, табиғат, қоғам) туралы түсініктерін байыту;

- оқушылардың идеялық, мінез-құлықтық тәрбие беру;

- оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналасындағы дүниемен жекебас – тұлғалық қатынасын этикалық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени – рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асуға болады. Осымен байланысты бағдарламада халқымызға тән әдептілік, имандылық, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер, тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты пікірлер қалыптасқан

1-4 сыныптардағы ана тілі бағдарламаларында оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізінен халқымыздың мәдени, рухани дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін ертегілер, аңыз-әңгімелер сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, ең алдымен, халқымыздың осы санадағы озық әдет-ғұрыптарына, дәстүріне, бай мұрасына негізделіп жүргізілетіні нақтылы көрсетілген.

Білім мазмұнын мектепке тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік құралдық шамамен алғандағы тізімін алдын-ала білу. Тізім ең алдымен, қандай оқу -әдістемелік құралдардың қажет екенін біліп, білім мазмұнының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық т.б. мақсат, міндеттерін, толық, жан-жақты жүзеге асырып, әдістемелік жүйе түрінде құруды бағдарламаға мүмкіндік береді.

Ана тілі пәні бойынша мектеп оқушыларын ертегілерді оның ішінде қазақ халық ертегілерін оқыта отырып, ар-намысқа, адамгершілікке тәрбиелейміз.

Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В.Радиов, Г. Потанин, И. Березин; Ш. Уалиханов сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінде де мол орын алғаны бар. Қазақ тілінде мектеп оқу құралдарының барлығын да көп жылдардан бері халық ертегілерінің әр алуан үлгілері жарияланып, зерттеліп, оқылып келеді.

Халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден –ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, ертегі-аңызға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді [18].

Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда ана тілі пәні сабағының өзіндік ерекшелік мәні зор. Ана тілі сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш звонаға бөліп, І – звеноға сол ертегі бойынша диалог – монологтың түрде тексті дұрыс оқу, ІІ- звеноға сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, ІІІ- звеноға сахналық қойылым ұйымдастыру. Сонда өзі берілген 1 немесе 2 сабақты уақыт өлшеміне қарай пайдалану.

Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т.б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып береді.

Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы; деректі ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек; сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі; мысалы, “Ғажайып бақ” ертегісінен келтірілген оқушыға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру тәсілдерін талдап көрейік:

ұлтарақтай жер – азғантай,

болмашы жер – тәсіл (б)

ай десе аузы, күн десе көзі – асқан сұлу, өте көрікті – тәсіл,

жұбаныш – көңілге сүйенім, алданыш, мадет – тәсіл (б)

үміті – тілегі, міндеті – тәсіл (ә)

қолданып - әзірленіп, дайындалып – тәсіл (з)

жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өнімі, індеті – тәсілі.(ә)

жүгіну – бұл жерде арадағы дау – жанжалды

айтыс - тартысты дұрыс шешу үшін әділдік тілеп, төрешіге жүгіну, өтіну

Бас ию, табыну, үкім шығару тәсіл (а)

жаны ұдай ашыды – қатты алды, қайғырды – тәсіл (ә)

таңым – ізет, құрмет - қошамет – тәсіл (ә)

шегендеу, қалау, жинау – тәсіл (ә)

кіріптарлық, жоқшылық, қиыншылық, тәуелділік – тәсіл (б)

ширігіне келмиді – теңесе алмады – тәсіл (ә)

Жалпы бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт түрлі бағытта жүргізіледі:

Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынан білмейтін, жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;

Сөздіктерін анықтау, яғни бұрынна білетін сөздерінің мағынасының түсініктерінің тереңдете түсу;

Сөздіктерін қолдануға мүмкіндіктер жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру;

Әрбір тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау. Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Оқулыққа шыншыл ертегілердің “Ғажайып бақ”, “Өнеге”. ”Хайуанат” жайындағы ертегіден “Түс көрген патша” енеді. “Ғажайып бақ” ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен - қарапайым еңбек адамдары. Ертегінің негізгі идеялы – қарапайым адамның ісі мен ақылы ардақтау. Көңілі ақ, жүрегі таза Қасен бір кездері басына қиыншылық түскен кезде Асанның бөліп берген жерінен ішіне толтырып алтын салған бір қара қазанды тауып алып қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді, ал Қасен алтынды алудан бас тартып “бұл сол жерін маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі” деп Асанның өзіне қайтаруы – адалдықтың пәктіктің үлгісі.

“Дайын алтынды балалар неге алмады” деген сұраққа жауап Асан мен Қасеннің балалары да өздеріне тартқан адал, шыншыл екендігін көрсетті. “енді алтынды кім алуы керек.” Деген сұрақ ертегідегі оқиға желісінің өрбуіне әкелді. Ақыры алтынды “осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жинаған саялы бақ өсірер едім” деп шешім айтқан қарияның үшінші шәкірті алады да арманына, тілегіне жетеді.

Әрине, ертегіде жас жігіт арманына жету жолында басқа да шытырманды оқиғаны басынан кешіреді, оның рахымдылығы мұратына жетуге себепші болады.

Бұл ертегілердегі оқиғаның шарықтау шегі. Оқушыны ертегінің ретімен, жүйелі айтуын оны бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою көмектеседі:

І бөлім: Қасеннің жұтқа ұшырауы.

ІІ бөлім: Асанның достық көмегі.

ІІІ бөлім: Алтын салынған қара қазан.

ІV бөлім: Кедейлердің қарияға жүгінуі.

V бөлім: Қарияның шешімі.

VІ бөлем: Жас жігіттің рақымдылығы.

VІІ бөлім: Халықтық рахатқа кенелуі.

Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор достыққа берік деп, қарияға әділ билік айта алатын, шыншыл деп, қарияның үшінші шәкірті қайырымды, рақымды, елін сүйген ер деп мінездеме беру басрысында оқушылардың өз сөздерін ертегі оқиғасынан мысал келтіріп дәлелдеуі тапсырылған жөн.

Ертегіде суреттелетін, ғажайып бақтың көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жұпар иіс, қып-қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған көл, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдыр қағады т.б. сөз тіркесін қолдану арқылы бейнелеп айтуы керек. Осыдан бақтың көрінісін көз алдарына елестетіп, қиялдарына туғызады, оны қылқаламның көмегімен қағаз бетіне түсіруге тырысады.

Ал ертегі бойынша біз қандай сөздермен жұмыс жасауға болатынын жоғарыда атап өттік.”Сен өзің осы алтынды қайда жұмсар едің” деген сұрақ сабақта пікірталас туғызды. Негізгі идеясы ”Не істесең де ойлап істе”, ойламай іс қылсаң, қор боласың деп келген.

Қай ертегінің болмасын түп нұсқасы халықтың сан мыңдаған жылдар бұрын туындағын, арманынан, қиялынан шыққандығы анық. Дегенмен де әр ертегіде бір шындық. Оны мысалға ұлы жазушы М. Әуезовтың мына сөздерінен байқауға болады. Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты кісі болса, соның өмірінде шын әрекетімен болған мінез - құлқынан туғызып, қиялдың тың ісі, оқиғалар тізіледі. Осындай әңгімелерді аңыз немесе ертегі дейді [22].

Ертегіде айтылып отырған оқиға сол адам басында айтылған күйінде болмауы да мүмкін. Тек сол адамдарды халықтық ескіліктің көркем әңгімесі ескі күндерден ұмытпай сақтайды да, өмір еңбектерін сүюден, қызық көруден, көпшіліктен көрі ерекше жандар деп санаудан барып, тарихта шын болған адамдардың басына тірлік әрекетіне, елдің өз әңгіме, қиялы қосқан із, мінез, сөздерді жамайды. (М. Әуезов 40 бет).

Оқулықта Фараби, Асан қайғы, Алдар көсе басына құрылған аңыздар берілген. ”Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай” аңызында алдардың Шығайбайды алдап, мазақ еткені көрсетіледі, мұндағы бай ешкімді қондырмайтын, қондырса дәл бермейтін екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:

- Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны ”Шығайбай” атап кеткен.

Міне, осындай өзі тойса да көзі тоймайтын, қатты сараң адамды алдар бірнеше рет алдап, әбден мазақ етеді. ”Шықбермес Шығайбай мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын” деп өзіне ант беріп келген Алдар жабықтан сығаласа, Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. Алдар үйге кіріп келгенде бұлар қолдарындағын жасыра қояды. Сонда Алдар өзінің жолда келе жатқан үлкен сары жылан көргенін

Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай,

Артың – кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай,

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай,

Былш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай,

Өтірік болса сақалым жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай –

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды алып ұрламай,- дейді.

Алдардың бұл қылығы оқушыларда күлкі туғызып, шығарманы жылы қабылдауына септігін тигізеді. Мұғалім ертекті Алдардың сараң байда тағы да бірінші рет алдағаны сөз болатыны, оны үйде оқып келулеріне тапсыруға болады.

Шығарманы оқудың екінші сағатында оқушылар Алдардың қылықтарын қызыға әңгімелейді. Алдар мен Шығайбайдың іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіреді.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі санасының бірі – осы ертегі болмақ. Дәуір ертегілерін қай жағынан зерттесеңіз де балалар үшін ең алдымен адамгершілік қызметінің зор екенін көреміз. Әр сыныпта әр сабақта ертегі тақырыбы сөз болған өткенге талдау жасап, ондағы жақсы жақтарын бойларына сіңіруге көмектесуіміз тиіс.

Ертегі – бастауыш мектеп жасындағы оқушының қиялына қозғау саналады. Шәкірттердің саналы тәртібі, мінезі туралы түсінігі қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне адамгершілік тәрбиесіне байланысты.

2.2. Жеке іс-тәжірибелерден сабақ жоспарларының үлгілері.
Сабақтың тақырыбы : Қарлығаш.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, табиғат пен адам байланысының арасындағы байла нысты меңгеру. 2.Дамытушылық: Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру. 3. Тәрбиелік: Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, пирамида, ассоцация, бес

жолды өлең, тірек сөздер, дөңгелек стол.
Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

б) Оқушының зейінін сабаққа аударамын.

2 Үй тапсырмасын тексеру:

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесін түсініп , оқып келу.

а) Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған ?

ә) Сен Темірдің орнында болсаң ше? Орманға жалғыз кетер ме едің, әлде бармай-ақ үйіңе қайтып келер ме едің?

б) Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр . Бақыт пен Темірге мінездеме бер.( Венн диаграммасы бойынша мінездеме беріңіз.)


Өз ісіне тиянақты

Сыпайы Еріншек


Бақыт

Темір

Еңбекқор огшБақыт Өзімшіл


Еңбексүйгіш Жалқау

Оқушы, құрдас,

оқуға, бейім, сауатты.

3.Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.

-Балалар , біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» деп аталатын өлеңімен оқып танысамыз. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

-Балалар «Қарлығаш» өлеңін оқып таныспас бұрын «Қарлығаш» деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

Ой қозғау: Ассоциациялық аймақ құру.


Пайдасы мол Адамды қорғайды


Қарлығаш

Киелі құс

Балапандайды

Көктем жаршысы


Балалар өз ойларын айтады, мұғалім жазып тұрады. Оқушыларды екі топқа бөлемін.

Топтарға тапсырма:

1- топқа тапсырма : Әңгіме мазмұны бойынша жеке-жеке

суреттерге әңгіме құрау.

2-топқа тапсырма: «Бес жолды өлең» әдісі

(Жылан, дәуіт, қарлығаш).

Сергіту сәті: ( Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау)

Аппақ болып таң атты

Түтін тік боп шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт

Төкті жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.


4. 1- топқа тапсырма: Венн диаграммасы.
Қарлығаш Жылан

2- топқа тапсырма: Тірек сөздермен әңгіме құрау.

Қарлығаш, сұм жылан, дәуіт, бірлік етті.

5. Сабақты бекіту, қорыту.


Өздерің көріп отырсыңдар қарлығаштың өте әдемі, адал құс екенін. Ата-бабамыз құстардың атынан қыздардың есімдерін қойған деп түсіндіре келе сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытамын.

1.Қарлығаш ұясын қалай салады, көргендерің бар ма?

2.Қарлығаш ұясын неліктен адам жүретін жерге салады?

3.Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?

4.Қарлығаштар туралы қандай мультфильмдер көрдің?

5.Қандай ертегілер білесіздер?

Үйге тапсырма беру: «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастырып, альбом жинақтау.

7. Бағалау.

Әр топтағы топ басшыларына бағалау парақшасын беру арқылы бағалап отырамын.
Пәні: Көркем әдебиет.

Сабақтың тақырыбы:“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгере отырып, оның мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істей

білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.

2.Дамытушылық: Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Жауыздықтан жирендіру, әлсіздерге, жәбір көрушілерге арашашы болуға, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, әрқашанда әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топпен жұмыс, кубизм әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреті, Қожанасыр суреті,

орталықтар жазылған тіреуіштер, фишкалар, аппликация, ермексаз, қоржын, асық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Балаларды түгелдеу.

Таңертеңгілік жиын:

- Балалар шеңбер жасап тұрады. Оқушылар дөңгеленіп тұрып сәлемдеседі, барлығымыз дөңгелене отырып, бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, жақсы тілек айтып шығайық.

- Әрине, біз бір-бірімізге жақсы тілектер айтуға дайынбыз.

- Ендеше бір-бірімізге күлімдеп қарап, жүрек жарды лебізімзді жеткізейік.

Осылайша барлығы бір-біріне өз тілектерін айтып шығады.

Балаларды орындарына отырғызамыз.

ә)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.

Кіріспе сөз:

-Балалар,жаңа сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін табыңдар. Балаларға жұмбақ жасырамын.

Бұдыр-бұдыр балшықты.

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа.

Үй салады жабыққа. (қарлығаш)

Дұрыс айтасыңдар балалар

“Ой қозғау стратегиясы”

Балалар сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіндер ме ?

Балалар білеміз деп жауап береді .

Олар жылдың қай мезгілде ұшып келеді ?

Көктем мезгілінде .

Қазір жылдың қай мезгілі ?

Көктем мезгілі .

Балалар , қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп ойлайсындар?

Шөп- шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар .

Ия , дұрыс айтасындар балалар .

Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап , қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді . Ондай ұя әрі ыдамды, әрі жылы болады деп балаларға түсіндіріп өтемін .

Балалар мен сендерге “Қарлығаш әулие ” деп аталатын әнгімемен таныстырып өтемін. Міне балалар Төле би осылай “Қарлығаш әулие” деп атаныпты .

Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті . Ертегінің өзі үш түрге бөлінеді : Қиял – ғажайып ертегілер , тұрмыс – салт ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер .

Балалар біз көптеген ертегілермен таныс болдық .

Кубизм” стратегиясы :

Кубиктің әр қырларына мына суреттерді жабыстырып сабаққа қолдандым

“Мақта қыз бен мысық” ертегісі , “Бауырсақ” ертегісі , “Кім неден күшті” ертегісі , “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” .

Бүгін өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегімен оқып танысамыз . Ертегіні тақтаға ілінген мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін .

Балалар , біздің бүгінгі сабағымызға Қожанасыр қонаққа келіпті . Қоржынын толтырып сендерге көптеген тапсырмалар әкеліпті . Біз осы тапсырмаларды орындау үшін :

ІІІ . Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық .

Қоржыннан асық алу арқылы орталықтарға бөлемін .

Балалар біздің сабағымызға ата-аналарымыз қатысып отыр . Әр топқа бір ата-анадан бөліп отырғызамын , оның міндеті топтағы оқушыларға бағыт – бағдар беру .

1 – топ : Әдебиет орталығы :

Тапсырма : Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақпақтар айту .

(Қарлығаш , түлкі , маса , айдаһар) .

2 –топ : Стол – үсті орталығы :

Тапсырма : Түрлі - түсті қағаздармен орындалатың аппликация .

Қарлығаштың суретін қағаз бетіне жабыстыру , қарлығаш

деген сөзге сөйлем құрату .

3 – топ : Мүсіндеу орталығы :

Тапсырма : Қарлығаштың суретін қағазға салып беремін , оны балалар

ермексазбен мүсіндейді .

Сергіту сәті : (Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау) .

Шиқ – шиқ еткен қарлығашты .

Қорғамасаң болмайды .

Кіп – кішкентай қарлығаштар .

Адамдарды қорғайды .
Таспен атып қарлығашты .

Ұя бұзған оңбайды .

Құс өкпелеп кетеді .

Ауламызға қонбайды .

ІҮ. Екінші айналымда орталықтың тапсырмалары ауыстырылып беріледі

1 – топ : Әдебиет орталығы :

Тапсырма : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегісі бейнеленген суреттер беріледі , сол сурет бойынша әңгіме құрастырады.

2 – топ : Стол – үсті орталығы :

Тапсырма : Қарлығаштың , түлкінің үзік нүктелер арқылы салып беремін, оларды қосып , суретті түрлі – түсті қаламмен бояп шығады .

3 – топ : Драма орталығы :

Тапсырма : Балалар осы ертегідегі кейіпкерлердің бейнесінде сахналық көрініс жасайды .

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа келген Қожанасырдың қоржынындағы түрлі тапсырмаларға жақсы жауап бердік.Қожанасыр біздің жауабымызға дән риза. Қожанасыр келесі мектептегі балаларға көптеген тапсырмалары бар екен. Балаларға жеткенше асығып отыр деп шығарып саламыз.

V. Қорытынды: “Сандардың сырын аш” ойынын ойнатып сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылап шығамын.

1. Түлкі Айдаһар ауруына қандай ем айтты?

2. Оған Маса қанды не үшін әкелмек болды?

3. Маса қанды қалай жинады?

4. Айдаһар қанды неліктен іше алмады?

5. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?

6. Адам қарлығашты неге жақсы көреді?

7. Осы ертегі туралы мультфильмді көрдіңдер ме?

8. Ертегі сендерге ұнады ма?

Сандарды ашқанда “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” етрегісі

бейнеленген сурет шығады.

VІ.Жиынға оралу.

Бағалау. Балаларды фишкалар немесе гүл, қызғалдақ беру, мақтап, мадақтау арқылы бағалаймын.


Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: Оқушыларға ертегі арқылы олардың өмірге деген дұрыс көзқарасқа, ой-өрісін, сөйлеу тілін, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен айлақ болуға үйрету, баулу. Өз отанын сүюге, ана тілін қадірлеуге үйрету. Қызығушылықтарын талғампаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Орман көрінісі бейнеленген суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қоян, тиін, аюдың суреттері.

Барысы: Балалар біз бүгін “Ертегілер еліне саяхат” жасаймыз. Балалармен бірге орманның ішінің әсемдігіне таңданып келе жатқанда, балалардың құлағына бір дауыс келеді. Жақындай келе ол дауыс қоянның дауысы болып шығады. Қоян байқаусызда қақпанға түсіп қалған екен. Қоянды балалар қақапаннан шығарып алғысы келеді, бірақ ол үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Тапсырма: Мына суреттегі кейіперлердің атын ата? Олар қандай ертегілерде кездеседі? (қиял-ғажайып ертегілер).

Балалар берілген сұраққа жауап беріп, қоянды қақапаннан босатып алады.

“Ақ қоян” деген қимылды ойын ойналады.

Мына сөйлемді жалғастыру қажет.

Қоян қыста ақ, жазда….

Қоянның құйрығы қысқа, құлағы…..

Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы……

Балалар қоянмен қоштасып, ары қарай орманды аралап келе жатқанда, мұғалім қане тыңдаңдаршы балалар, ормандағы ең көңілді жануар туралы жұмбақ жасырамын.

Секең – секең етеді,

Орман оның мекені.

Отырғанда шоқшиып

Құманға ұқсап кетеді.

- Бұл қай аң?

- Тиін.


- Дұрыс, айтасыңдар балалар!

Сендер білсеңдер айтыңдаршы, тиін немен қоректенеді?

Жаңғақ, саңырауқұлақ, шырша бүршігімен қоректенеді деп жауап берді балалар.

Біз тиінға қоректенетін азығын жинауға көмектесейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

Тапсырма: Мына ертегі кейіпкерлерінің атын атау. Осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып бір ертегіні айтып беру. Түлкі мен ешкі. (хайуанаттар туралы ертегілер).

Тапсырманы орындау арқылы тиінға азығын жинап алуға көмектесеміз. Ал енді балалар тиін туралы қандай ертегі білеміз.

“Ақ тиін мен қасқыр” ертегісін мәнерлеп оқу.

Ақ тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:

Мені жеме, жібер, - дейді.

Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт;неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиін: Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлер алар емеспін, - дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін әр уақытта шат болып жүреміз,- депті.

Тиінмен қоштасып, орманды ары қарай аралауды жалғастырамыз. Орманды аралап келе жатып, бір үлкен үңгірге кезігеді. Балалалр бұл ненің үңгірі екен деп қорқа бастады. Ішінен қорылдаған дыбыс естіледі. Балалар одан сайын қорқа бастады. Балалар қорықпаңдар біз мына тапсырманы орындасақ, оның ішінде не барын білеміз.

Тапсырма: Ертегі сурет арқылы бейнеленген, суреттегі ертегінің атын айтып, сол ертегінің біреуіне көрініс көрсетеді.

«Мақта қыз бен мысық», «Жақсылық пен жамандық».

Балалар барлығы шулап жауап беріп жатты. Бұл шудан ұйықтай алмаған аю:

- Мынау не шу! Мені ұйқымнан оятқан деп аю қорбаңдап үңгірден шыға келді.

Балалар сендер менен қорықпаңдар – деді аю. Мен сендерге тиіспеймін. Сендер маған арнап тақпақ айтып беріңдерші.

Барлығы қосылып: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

деп балалар тақпақ айтып береді. Аю балалардың себетіне толтырып құлпынай теріп береді. Балалар себет толы құлпынайды алып, ормандағы аюмен қоштасып қайтады.

Қорытынды: Балалар сендерге “Ертегілер еліне саяхат” ұнады ма?

- Онда кездескен аңдарды атаңдаршы. Оларға қандай көмек көрсеттіңдер?




Қорытынды
Қай халық болса да өзінің дамуында қилы- қилы тарихи жолдардан өтеді. Сол жолдардың көрінісін ертегі арқылы да бейнеленеді.

Ертегі – тәрбие құралы, халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Осы ертегіні балаларға жеткізу, насихаттау алғаш мектепте ана тілі сабағынан басталады. Ана тілінің 2-4-сыныптардағы пәнді оқытудың мақсаты нақтыланды. Балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті-ізгілікті , ұлтжанды-отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді.

Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық құндылықтарда сіңіруге басымдылық берілді. Бұл оқушының мәдени дағдыларды игеруіне , тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасады.

Бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқыту арқылы қиялдауға шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, қайратты істер жасауға жұмылдыру және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болады.

Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәлім - тәрбиесінің дамуына ықпал жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әрекетілікке үйретеді. Өмірде кездесетін жайттардың яғни жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б ара жігін ажыратып, түсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.

Жүйелі жүргізілген мұндай жұмыс баланың ана тілінде дұрыс, таза сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы балаларға айтқан, көрсеткен нәрсенің барлығы шындық, сұлу, әсем үйлесімді болу шарт.

Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Теориялық материалдар мен тәжірибелік- эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар беріледі:

- бастауыш сынып оқушыларына қазақ ертегілері негізінде адамгершілік тәрбие беру басты нысанда болуы тиіс.

- адамгершілік тәрбие беру жұмыстары барлық пәнде жүйелі жүргізілуі қажет.



Зерттеу мәселесі сан қырлы болғандықтан оның барлық жағын жан- жақты қарастыру мүмкін емес. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізін жасау әлі де зерттеу нысаны ретінде қаралады деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер


        1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы. 2002 ж.

        2. ”Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы”. 1-4 сынып. Алматы. 1997 ж.

        3. ”Ана тілі оқыту әдістемесі”. 1-4 сынып. Алматы. ”Атамұра”. С.Рахметова. Р. Қабатаева.Т. Әбдікәрімова.

        4. Едигенова А.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Автореферат Алматы 2004.

        5. С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері ”Рауан” баспасы. 1996 ж.

        6. С. Тілешова. ”Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау”. Алматы. 1993ж.

        7. К. Бектаева. Ж. Елеубаева.Бастауыш сыныптарда ”Ана тілі” сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Алматы 1999ж

        8. Ш. Ахметов. ”Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы”. 1980 ж.

        9. Р.Ізғұттынова. Қазақ халық ауыз әдебиеті – тәрбие бастауы. ”Бастауыш мектеп”. 2003.№7

        10. К. Әлиева. Адамгершілік сезім қалыптастырудың теориялық негіздері. ”Бастауыш мектеп”. 2004 – 3.

        11. Э.Рахимова. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. ”Бастауыш мектеп”. 2004-6.

        12. Л.Омарова. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері. ”Бастауыш мектеп”.2004-2.

        13. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. ”Қазақ тәлім – тәрбиесі”. Алматы. ”Санат”. 1995 ж. 21-22 бет.

        14. Ә. Табылдиев. ”Халық тағылымы”. Алматы.”Қазақ универсиеті”. 1992. 56 бет.

        15. Р.Төлеубаева. ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика”. Алматы. 1994 ж. 43 бет.

        16. М. Қалқабаева ”Балалар әдебиеті – тәрбие құралы”. ”Мектеп” баспасы. Алматы. 1976 ж. 25 бет.

        17. И.А.Комиров. О.С.Богданова. ”Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі”. Алматы. ”Мектеп” баспасы.1988 ж.

        18. М. Жұмабаев. ”Педагогика”. Алматы. ”Рауан”. 1993 ж.

        19. А.Қ.Дүйсенбиев. Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері. “Бастауыш мектеп”.

        20. А.Қ. Игенбаева “Адамгершілік сабақтары”.. Алматы. 2001 ж.

        21. С. Қалиев Халық педагогикасының ауыз əдебиетіндегі көрінісі А., 1987

        22. М. Әуезов Ертегілер І том. жазушы 1988, 40 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет