I-тарау. Білім беру мазмұны-бүгінгі күннің басты талабы



Дата29.03.2022
өлшемі38,83 Kb.
#137122
Байланысты:
Анель Курсовой


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Бастауыш білім беру» бөлімі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері


Дайындаған:Ұланқызы.Ә.


Б-18 тобының студенті
Жетекші:Жумкина.Д.Б

Қарағанды 2022


Мазмұны
Кіріспе
I-тарау.Білім беру мазмұны-бүгінгі күннің басты талабы.
1.1.Жаңартылған білім беру жүйесінің басты сипаты және жаңаша бағыттары.
1.2.Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру.
1.3.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Қорытынды
Кіріспе
Бүгінгі таңда білім беру мазмұны өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр.Білім беру мазмұнын жаңарту –сапалы білім ,жарқын болашаққа негіздеп ,жаңа тісілдермен ұштастыру.Білім беру мазмұнын жаңарту-білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын ,оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген ,кез келген өмірлік жағдайда сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаныі үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болып табылады.Жаңартылған білім беру мазмұны-оқушы тұлғасының үйлесімді,қолайлы білім беру ортасын құра отырып ,сын тұрғысынакн ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу,тәжірибе жасау ,АКТ-ны қолдану,қарым-қатынас жасай білу ,сауаттылықты,шығармашылықты қолдана білу.
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі
Пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі
Оқу үдерісін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру
Оқушының адамгершілік –рухани қасиеттерін қалыптастыру
Оқушының білім алу үдерісіне белсенді араласуын қадағалау
Мақсаты-білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Оқу бағдарламасының мазмұны
Пәннің маңыздылығы
Үштілдік саясатын жүзеге асыру
Педагогикалық әдіс-тәсілдер қолдану
АКТ қолдану құзіреттілігі
Коммуникативті дағдыларды дамыту
Оқу жетістігін бағалау
Оқу мақсаттарының жүйесі
Пәннің мазмұны
Оқу мақсаттарының жүйесі
Ұзақ мерзімді жоспар
Оқу бағдарламасы-білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын,сағат санын ,бағалау жүйесін және т.б сипатайтын құжат.
Оқу бағдарламасында кодтау арқылы оқу мақсаттары айқын көрсетіледі.Осы оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асырылады.
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын негізгі құжаттар
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бастауыш негізгі орта жалпы орта
Оқу бағдарламасы
Оқу жоспары
Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы
Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Оқушы портфолиосы –оқушы портфолиосына жиынтық бағалау жұмыстары жинақталады
Оқушы күнделігі –күнделікке кері байланыс жазылуы мүмкін «ата-анасына баланың білімі туралы хабардар етуі мақсатында
Қысқа мерзімді жоспар-
Сабақ тақырыбы
Оқыту мақсаттары
Сабақ мақсаттары
Бағалау критерийлері
Тілдік мақсаттар
Құндылықты дарыту
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары
Сабақ барысы
Тапсырма Жаңа сабақ тапсырмасы-оқу мақсаттарының негізінде беріледі
Үй тапсырмасы-мұғалім сабақ басында ортасында немесе соңында сұрай алады.
Дескрипторлар
Қалыстастырушы бағалау
Кері байланыс
Саралау Бағалау Қауіпсіздік ережесін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия
Дескрипторлар мен Бағалау крийтерилерін құру
Тапсырма сабақ тақырыбына емес,оқу мақсатына сәйкес беріледі.
Тапсырмалар құрастыру үшін
Оқу бағдарлмасымен,оқу жоспарымен танысу,оқыту мақсаттарына талдау жасау
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау крийтерилерін құрастыру
Тапсырма құрастыру кезінде бағалау крийтерилерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу
Бағалау крийтерилері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмашлар құрастыру
Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Бағалау крийтериі-білім алушының оқу жетістік терін бағалауға болатын белгі
Дескриптор-тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама
Кері байланыс –белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру,пікір білдіру.
Рефлексия-қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға,өзін –өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Сонымен қатар әр жоспарда өзіндік шартты белгілер мен түсініктемелер қамтылған
Орта мерзімді жоспар-
Математика
Ұ-ұжымдық сыныппен жұмыс Т-топтық жұмыс
Ө-өзіндік жұмыс Ж-жұптық жұмыс
М-мұғалімнің көрсетілуімен Ү-үй тапсырмасы
Қазақ тілі
ТЖ-топтық жұмыс ЖЖ-жұптық жұмыс
С-сыныппен жұмыс Ж-жеке жұмыс
ҚБ-қалыптастырушы бағалау ЖК-жетістік крийтерилері
Орта мерзімді жоспар мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.Орта мерзімді жоспарда осыған дейін меңгерілген білім ,осы бқлімнің тілдік мақсаттары,бөлімге қысқаша шолу жасалады.Сонымен қатар оқу мақсаттары көрсетіліп ,нақты сабақты қалай өткізуге болатынына түсініктеме беріліп ,пайдалануға ұсынылған ресурстардың сілтемелері берілген.Ұзақ мерзімді жоспарда шартты белгілер туралы түсініктемелер қамтылған.
Күнтізбелік жоспар
1,2,5,7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндеріне бірдей қарастырылмаған .Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі ,сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізу құқығы бар.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар –бөлім,бөлімше,оқу мақсаты.
Оқу мақсаттарының жүйесі-бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлығы үшін кодтау енгізілді
Кодта-бірінші сан сыныпты
Екінші және үшінші сандар –бөлім мен бөлімшенің
Төртінші сан-оқыту мақсатының реттік санын білдіреді
Мысалы-7.2.1.4.кодында «7»-сынып, «2.1»-екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі , «4»-оқыту мақсатының реттік саны
Журналды толтыру талаптары
Журналдың әр бетінде мерзім мен тақырыпқа тек 20 графадан бөлінген ,сондықтан осыған байланысты келесі шешім қабылданады
1.Сабақ мерзімі мен тақырыбы жол қалдырылмай қатарынан жазылады ,мысалы 34 сағат 1,5 бетке,68 сағат 3,5 бетке жазылады БЖБ және ТЖБ арналған беттерін қоспағанда
2.БЖБ және ТЖБ бағалары бірінші беттен басталады-1 тоқсан,2-бетте-2 тоқсан,3-бетте-3 тоқсан,4-бетте-4тоқсан,жылдық баға 5 бетте жазылады.
3.Бағаланбайтын немесе жартыжылдықта бағаланатын пәндерден беттер санын азайтуға болады.7-сыныптарда музыка және көркем еңбектен де бет санын 3-ке азайтуға болады .
4.Журналдың екі беті бір-біріне байланысты емес,жазулар дербес жүргізіледі,кейбір беттер толтырылмауы мүмкін.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын ,құрылымын анықтайтын ақпараттарда тұрады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Пән бойынша күтілетін нәтижелер
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсандық жиынтық бағалауға шолу
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері
Тапсырмалардың балл қою үлгілері
Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесен өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар.Тоқсандық жиынтыұ бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда біріңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін тест сынақтар бақылау жұмысы т.б.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізі кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп ,тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға болмайды.Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс ,бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау
БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады
БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады.15-20минуттық шектеу –шартты болып келеді ,бұл-сабақтың бір бөлігін қамтитын,шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.
БЖБ-ды қандай түрде –бақылау практикалық шығармашылық жұмыс проект ауызша сұрау эссе және т.б қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.
БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек
БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады
БЖБ –да максималды балды дескрипторларды ескере отырып ,мұғалімнің өзі анықтайды.
БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады
Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада БЖБ нәтижелері туралы оқушыны,ата ананы ақпараттандыру қажет.
Қалыптастырушы бағалау-оқушы мен мұғалім арасыындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ ерекшеліктері
Қалыптастырушы бағалауда баға,балл қойылмайды
ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді
Оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау крийтерилеріне сәйкес жүзеге асады
Әр оқушының іргерілеуі туралы кері байланыс беріледі
Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі
Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезеңінде есепке алынбайды
Тоқсандық баға бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50 пайызыда 50 пайыздық арақатынаста қойылады
Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда білім алушы орта білім беру ұйымына қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі
Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.
Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі тыңдалым айтылым оқылым жазылым .Тыңдалым және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі
Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда обьективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі.Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатып сол стяқты төмендетіліпте қойылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-оқушыларды оқытуға үйрету,әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу,инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.Қазіргі таңдағы мақсат-жан-жақты білімді,өмір сүруге бейім ,ой-түлғасы бар,адамгершілігі жоғары,қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалптастыру.Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру-қоғамнығ басты мәселесі.Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің жомспарында желілік қоғамдастық ,тәлімгерлік инновациялық,интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру,интернет жүйесімен байланысты жандандыру,жаңа ақпартты технологияны меңгеру ,жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған.Ал мұғалім үнемі ізденіп,білім қорымен өзінің іс-тәжірибесін таратып,өзгенің жаңалығын үйреніп отырса,оның сабақтары да қызықты,бала үшінде тиімді болмақ.Бүгінгі мұғалімнің еңбегі,тынымсыз ізденуді,үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын –тыңдалым айтылым оқылым жазылым жетілдіруге бағытталған.Бұл төрт дағды оқу жоспарында Шиыршық әдісімен орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты.Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып,ой-өрісі кең,саналы,еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау,зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты –білім мазмұнының жаңаруымен қатар,критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері сен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Модерация
Жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды
Баға қарындашпен қойылады
Жиынтық бағалау жұмыстары іріктелініп алынады
Іріктелген жиынтық жұмыс үлгілерінде білім алушылардың жеке мәліметтері шифрленеді
Жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды және балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді
Қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді
Отырыс хаттамасына қол қояды
Білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды
Балдарды жоғарылату немесе төмендетуі мүмкін
Нақты балл бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журналға қойылады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері-пән мазмұнын жобалаудың күрделік ұстанымы,яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен,сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту.Таным заңдылығы мен пәндік маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттары.Бір білім саласы пәндер арасында,сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында ортақ тақырыптардың болуы.оқу процесін ұзақ мерзімді ,орта мерзімді ,қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының білім беру салалары және пәндер.Тіл және әдебиет-Сауат ашу,қазақ тілі,әдебиеттік оқу,орыс тілі,ағылшын тілі.Математика және Акт –математика ,ақпараттық коммуникациялық технологиялар.Жаратылыстану-жаратылыстану.Адам және қоғам-дүниетану ,өзін-өзі тану.Өнер-музыка,бейнелеу өнері,еңбекке балу.Дене шынықтыру-дене шынықтыру.Бастауыш білім берудің мақсаты-кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасның үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.Кең ауқымды дағдылар-білімді функционаалдықпен және шығармашылықпен қолдану,сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмысын жүргізу,ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану,коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін ,оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану,топпен және жеке жұмыс жасай білу.Оқу бағдарламасының құрылымы-сауат ашу пәнінің маңыздылығы ,сауат ашу пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты,үштілдік саясатын жүзеге асыру,педагогикалық әдіс-тәсілдер,түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру,оқушылардың оқу жетістігін бағалау.Сабақ барысында зейінді күшейту,ақпарат беру және тәжірибе жасау,кері байланыс орнату маңызды болып саналады.Ұйымдастыру-мақсат,әдіс,құрал,нәтиже.Нәтиже-оқу мақсаттарына шолу,ойлау деңгейлерін сәйкестендіру,бағалау крийтерилерін анықтау,тапсырмалар құрастыру,дескрипторлар құрастыру.Сабақ жоспарлау –оқу мақсаттарын таңдау,сабақ тақырыбын анықтау,сабақ мақсатын белгілеу,тапсрыма құүрастыру кезінде саралау тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау крийтерилерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу,сабақ жоспарын жасауға кірісу,оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін сабақтың алға қойылған мақсатына қол жеткізетіндей етіп жоспарлау.Мұғалімнің жетістіктерінің нәтижелері-оқушылардың жетістіктері.Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту жаңатехнологияларды өз тәжірибесінде қолдана білу,жаңа заманның жаңа педагог тұлғасын қалыптастырады.Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды,бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні одан да маңыздырақ.Нәтиже-жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады,нақты өз деңгейіне бағаланады.Жеке қабілеті айқындалады,өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.Өз пікірін ашық білдіруді талап ету арқылы-біз оқушынының білімін біле аламыз.Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шыңармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр.Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл ,икемді өзгерісті тез қабылдай алатын,жан-жақты ,жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.Бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе .Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және свапаға бағытталған бағдарлама.Жаңартылған білім берудің маңыздылығы –оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізі ,тәжірибе жасау ,АКТ-ны қолдану.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральды қағидатпен берілуі.Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.Бағалау жүйесіде түбегейлі өзгеріске ұшырап,критериялық бағалау жүйесіне өтеді.Оқұушылардың пән бойынша үлгерімін екі тәсілмен бағалайды-қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.Бұл бағалау түрлері баланың жан жақты ізденуіне ынталандырады.Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін тоқсан оқу жылы орта білім деңгейі аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізеді.Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау пәндер бойынша қолданылады.Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып,саналы ,еркін азамат етіп тәрбиелеу міндет.Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу қажетті факторларды айтатын болсам,ол-әлем стандартына сай білім еру,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу,табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру,әлем азаматын тәрбиелеу,функционалдық сауаттылықты арттыру,мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.Рухани құндылықтар дағдылар-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті,өзгелердің мәдениетіне және проблемаларды шешу қабілеті,көзқарастарына құрметпен қарау,жаупкершілік,ғылыми зерттеу дағдылары,АКТ саласындағы дағдылар.Педагогикалық мақсат қою.Бастауыш сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі мәселенәі бірі.Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын даңдылары-өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу,ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу,проблеманы шеше білу,пікірталасты жүргізе білу қабілеті.Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі-белсенді практикалық іс-әрекетте болуы,басқалармен қарым-қатынас жасай білуі,қорғай білу,қажет болса өз көзқарасын өзгерту,топтық тұжырымдарға келе білу,топ алдында өз тұжырымын айта білу.Мұғалімнің рөлі басқарушы ,жетекші,оқыту үдерісін,танымдық қызметін білім көзі ұйымдастырушы,кеңесші.Білімді ұсынуы дайын күйінде,үлгі аудио,визуалдық,формалар бойынша,сөздік әдістер ,графикалық көрнекіліктермен мәтіндік формалар мен интерактивті әдістер арқылы .Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі бастауыш білім берудің мақсаты –кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану,сын тұрғысынан ойлау,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану,топпен және жеке жұмыс жасай білу.Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі-оқу дағдылары оқылым айтылым тыңдалым жазылым,ойлау дағдылары білу түсіну қолдану талдау салыстыру бағалау,шығарм ашылық ойлау дағдысы,логикалық ойлау дағдысы,сыни ойлау дағдысы,алгоритмдік ойлау дағдысы,критикалық ойлау дағдысы,проблемалық ойлау дағдысы,технологиялық ойлау дағдысы,тілдік құзіреттілік дағдысы.Ұстаздарға қойылатын талаптар –бәсекеге қабілеттілігі ,білім беру сапасының жоғары болуы ,кәсіби шеберлігі ,әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп,ұстаз-рефлексияға қабілетті,өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық ,зерттеушілік ,дидактикалық,әлеуметтік тұлғалы,ақпаратық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани адамгершілікті,азаматтық жауапты,сауатты,шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру-басты мақсат болып табылады.Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр,шапшаң ,сезімтал,ештеңені жасырмай еркін айтады.Мақтау сүйгіш ,мұғалімнің жетегіне тез ілескіш ,үлкендердің ой пікіріне сүйенеді.Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді.Баланың қиялын дамытып ,ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалрдың өздері де ізденіске түседі.Ал,дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі.Әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі.Білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп,олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі-жалпы педагогикалық,ғылыми –теориялық ,әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу,оны қызықтыра білу,ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін.Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс тәсіл болып табылады.Топтық жұмыс барывсында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес ,кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет еу дағдысы,қарым-қатынас дағдысы ,проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады.Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып ,дағдыланып қалады.Тапсырма топқа беріледі.Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі.Топпен жүмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де,басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі,бір сөзбен айтқанда ынталанады.Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен.Диалогті оқытуды таңдаудағы себеп-баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі.Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалорг көбінесе мұғалім мен оқушы арасывнда өтілетін жіне бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтіп,онда да таңдалып шығарылатын,сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай тұйықталатын болған.Сабақтарда жаңа әдіс тәсіл қолдана отырып,топтастыру ,бағалау түрлерін қолданып,ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады деп ойлаймын.Оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында,әуелі идеялармен өзара бөліседі содан соң бір-біріне сұрақ қою ,яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді.Мұғалім өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс-тәжірибесін сыни бағалау да қажет.Кез келген қадамды жоспарлау оны орындау үшін әс-әрекет жасау,ал сол жасаған әрекетке рефлексия жасау маңызды болып табылады.Бұл өз ісіңе есеп беру ,өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойландыру үдерісі.Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесін анықтайды.Бұл бағалау рәсімдердердің сапалылығын ,олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұл бағдарлама жаға критериалды бағаплау жүйесі білім алушының дамуын ,оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады.Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті ,жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып,дамыту болып табылады.Оқу мақсаттарына жету,ортақ тақырыптардың берілуі,оқу мазмұнының қысқа мерзімді,орта мерзімді,ұзақ мерзімді ұйымдастырылуы.Бағалау крийтерилері оқытудың мақсатын және арақатынасын белгілеуге сәйкес белгі.Дескриптор- жетістік деңгейінің сипаттамасы.Мақсат-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау,өз бетімен шешім қабылдайтын,өз пікірін ,өз ойын айта алатын тұлға етіп қалыптастыру.Сабақта түрткі сұрақты үнемі тиімді қолдану.Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқытуға бағыттап отыру.Міндет-сыныпта ынтымақтастық ,қызығушылық орта ұйымдастыру.Жаңа бағдарламаның әдіс –тәсілдерін қолдана отырып,сынып үшінде жағымды психологиялық ахуал туғызу.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыта отырып,жүйелі ойлана білуге,сөйлей білуге бағыттау.Күтілетін нәтиже-сабаққа түрткі сұрақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын,белсенділігін кһтереді,сөздің қорын молайтып,оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.Оқушылар өзара пікірталасқа түседі,сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастырады.Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламаларының мақсаты оқушыларға еркін ойлануды үйрету болып табылады.Мысалы,мұғалімдер оқушылар ұсынатын сұрақтарды келесі түрде жіктеуге көмектесе алады.Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етсе,олар ештеңені үйренбейді деуге болады.Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады.Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп сурет ,диаграмма ,график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы елестетуді ұсынады.Дәлелдеумен тұрған дағдылардың бірі-проблемаларды шешу.Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді.Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай ,білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді.Белсенді оқу аясында көңілді білім алады.Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді.Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерді анықтайды,яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма немесе жоспар іске асты ма деген сияқты .Ең дұрысы талдау,жинақтау,салыстыру,біріктіру әдістері мен тәсілдерін қолдану.Тиімді қолданылған әдіс-тәсілдер ,оқушылрдың дүниетанымдық ,адамгершілік,экологиялық,құзыреттілігін қалыптастыру үшін маңызды.Пәндерді кіріктіру мен пәнаралық байланысты тиімді қолдану білім мазмұнын игеруге немесе бекітуге,уақыттың үнемделуіне мүмкіншілік тудырады.Білім мазмұнын құруда саралау әдісі міндетті ұстаным болып саналады.Оқытудың бастапқы деңгейінде қарапайым түсінікті беріледі,ол білімді толықтыру және танымдық мүмкіншіліктердің өсуіне байланысты тереңдетіледі және кеңейтіледі.Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес .Ол үшін шығармашылық тұрғыда ізденіс ,шыдамдылық ,жүйелі жұмыс жасалуы керек.Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі осы.Оқылым жазылым айтылым және тыңдалым –бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау даңдылары.Тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді,сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады,осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі үсынылады.Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы-аудио мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады,содан кейін пкірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады.Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс.Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыру керек.Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса ,онда өзі де бұлыңғыр жауап алады.Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек ,керісінше оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп,жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек.Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып ,айқын қызығушылықпен тыңдауы керек.Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып ,нұсқау беріп,пікір таластыруға тартып және тапсырма орындардың алдында ,орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады.Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді.Олар оқылым жазылым әдіс тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.Оқушыларға пән мен тақырып арқылы байланыс орнатуға көмектесу үшін мұғалім мақсатты сұрақ-жауап жүргізе алады.Мұғалім оқушыларға портфолиосындағы жұмыстарын тақырыптар бойынша сақтауға ұсына алады,бұл пәнаралық байланысты айқын көруге мүмкіндік береді.Мұғалім үшін мыналар маңызды –сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу.Оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу.Оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу,топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу,оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап,диалог құруға ынталандыру,оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру,оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу,оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою,оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру,жекеленген оқушылармен көзбе-көз кездесу ұйымдастыру,оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданады.Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғандығын талдай білуі тиіс.Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегіндей білім,білік,дағды,машықтарға үйренеді-терең ойлану,жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту ,өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру,ақпаратты өздігімен түсініп ,жан-жақты талдап,таңдап алу,өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру,пкірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу,шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.Балларды психологиялық тұрғыдан дайындау,сабақ барысында сергіту сәті ,балаларды белсенділігі үшін марапаттау ,баланың өзін-өзі көрсетуіне жол беру.Кабинеттің талапқа сай болуы,жұмыс орнына назар аудару қажет,оқу орны ыңғайлы және жайлы болуыда маңызды.Бала өз пікірін көзқарасын білдіріп дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару керек.Мысалы,белгіленген уақыттан асып кетпеу ,бөгде кісінің пікірін сыйлау,сөзді бөлмеу,оның ар-ожданын сыйлау.Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.Интерактивті әдістеме өзара қарым қатынастыі мол ауқымын қамтиды.Әдістемелік амал қандай болса да ,өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі болып саналады.
Жаңартылған білім мазмұнында ұстаздарға қойылатын талаптар –бәсекеге қабілеттілігі ,білім беру сапасының жоғары болуы ,кәсіби шеберлігі,әдістемелік жұмыстағы шеберлігі .Осы айтылғандарды жинақтай келіп ,ұстаз-рефлексияға қабілетті,өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық ,зерттеушілік ,дидактикалық –әдіснамалық ,жауапты,белсенді,сауатты,шығармашыл тұлға,болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру –басты мақсат болып табылады.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де,сапалы білім берудің жаңа әдіс –тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Осы заманда жаңаша ұрпақтың ойлау қабілетін ,білімге деген құштарлығын арттыру міндет.Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр ,шапшаң ,сезімтал келеді.Мұғалім тек оқушыларға теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай,олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты.Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістің қажеттілігін дәлелдейді.Себебі біз болашақ мұғалімдер болашақты дайындаймыз,ал қазірге болашақ мектеп оқушылары болып табылады.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп,рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,оның қабілетін анықтау және дамыту,білімдерін ашу,мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез –құлық қалыптастыру.Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту.Білімді тұлға жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі ,балаға ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады.Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру ,жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады.Жаңартылған оқу бағдарламасында тек өз пәнін,өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.Жалпы айтқанда ,бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу арқылы ,баланың танымдық белсенділігін арттыруға ,өз бетінше білім алуға,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына баулиды.Яғни оқушы өз ойын ашық еркін айтуына,бір-бірін тыңдауға үйренеді,сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.Осы бағдарманы меңгергенде ғана жан-жақты дамыған,болашағы айқын ,бағдары анық,бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.Жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де,мұғалім үшін де тиімді бағдарлама.

Әдебиеттер тізімі

Бабаев С.Б Оңалбек Ж.К «Жалпы педагогика»
Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі «Әдістемелік құрал»

«Ж.Жонтаева «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту»

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру»

«Жаңартылған білім беру мазмұны негізгі аспекті мен перспективалары»



М.М.Мұқанов «Жас және педагогикалық психология»

Алимов.А. «Табысты оқыту»Оқу құралы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет