I тарау. Биологияны оқытуда халықТЫҚ педагогиканы қолданудың педагогикалық психологиялық алғышарттары


ОРТА МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет8/12
Дата18.05.2020
өлшемі343,5 Kb.
#69488
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Халықтық педагогика элементтерін биология сабағына енгізу

2. ОРТА МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу тәрбие үрдісінде пайдалану

Мұғалімдерді қазақ эндопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға даярлауды бағалау өлшемдерінің (көрсеткіштерінің) негізіне мынадай ұстанымдар тірек болады: қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлау үрдісі мен оның нәтижесінің тиімділігін бағалаудың бірлігі; сандық және сапалық бағаның бірлігі (сапалық баға жетекші рөл атқарғанда); мұғалімдерді оқытудың тиімділігіне бағалы кешенді көзқарас. Мұғалімдерді қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлаудың тиімділігі, ең алдымен, сапалық өлшемдер, сонымен бірге оны даярлау үрдісінің нәтижелеріне берілген баға болжамдайды. Біріншісі – мұғалімдерді мектептегі әдістемелік бірлестікте оқыту жүйесінің тиімділігін бағалауды болжайды. Екіншісі – мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалану әдістемесін талдаумен шектеледі, яғни мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерде меңгерген білімінің нәтижелілігі тексеріледі.

Мұғалімді қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлаудың тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемдері болып мектеп мұғалімдерінің қазақ эндопедагогикасы материалдарынан білімдері мен іскерліктерін жетілдіру саналады: бағалаушылық, болжамдық, құрылымдық, ұйымдастырушылық және талдаушылық.

Мұғалімдердің құрылымдық іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында оларға эндопедагогиканы оқыту барысында әр түрлі жағдайларда мынадай тапсырмалар ұсынылады:



  • өзінің іс-әрекетінің жоспарын қазақ эндопедагогикасы материалдары негізінде құру;

  • нақты тақырыптар бойынша (қазақ эндопедагогикасы материалдары негізінде) сабақ жоспарын, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының сценарийлерін жасау;

  • қазақ эндопедагогикасы материалдары негізінде шығармашыл топтардың жұмыс жоспарлары бойынша ұсыныстар жасау;

  • әдістемелік бірлестік отырысында баяндама жасауды жоспарлау (қазақ эндопедагогикасы материалдарын сабақтарда, сабақтан тыс әрекеттерде пайдалану нәтижесі бойынша);

  • нақты эндопедагогикалық жағдайлардың шешімін үлгілеу.

Мұғалімдердің қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы ұйымдастырушылық іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында мынадай тапсырмалар беріледі:

  • кішігірім топта қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты іс-әрекеттер ұйымдастыру;

  • әдістемелік жұмыстың бір формасын ұйымдастыру арқылы (тақырыптық конференциялар, конкурстар, шығармашылық есеп беру, “Қыз сыны”, “Жігіттің сұлтаны” жарысы, т.б.) іскерлік ойынын өткізу;

  • өзінің жеке басына түскен қиындықтардың шешімін табу үшін өздігімен білімін жетілдіруді ұйымдастыру.

Әдістемелік даярлық арнайы даярлықты қажет ететін болғандықтан, семинар өткізуде алдын ала “Қазақ эндопедагогикасын мектеп жағдайында пайдалану әдістемесі” бағдарламасы жасалынды. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады.

І. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың әлеуметтік-қоғамдық маңызы.

1.1. Мұғалімнің әдістемелік даярлығы - қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдаланудың басты факторы.

1.2. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға байланысты озық педагогикалық тәжірибе.

1.3. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың дидактикалық шарттары.

ІІ. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын орта сыныптарда оқылатын пәндерде пайдалану әдістемесі.

2.1. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты оқу үрдісін жоспарлау.

2.2. Түрлі пәндерде қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалану бойынша оқу материалдарын құрастыру.

2.3. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдаланатын сабақтарға дайындалу.

2.4. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын сабақтарда пайдалану бойынша озық тәсілдерді лайықты етіп таңдау.

2.5. Сабақ - қазақ эндопедагогикасы материалдары пайдаланылатын оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

2.6. Қазақ эндопедагогикасы материалдары пайдаланылатын қалыпты емес сабақтар.

2.7. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы оқушылардың сабақтан кейінгі өзіндік жұмыстары.

2.8. Қазақ эндопедагогикасы материалдарын пайдалану бойынша сабақтардың тиімділігін анықтау, оқушылардың осы саладағы білім, іскерлік, дағды деңгейлерін диагностикалау.

2.9. Қазақ эндопедагогикасы материалдары бойынша сабақтарда кері байланыс орнату.

“Мұғалімнің әдістемелік даярлығы - қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдаланудың басты факторы” тақырыбы бойынша қарастырылатын материалдар мұғалімдердің қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудың әлеуметтік маңыздылығын саналы түрде сезіну міндеттерін шешуге бағытталады. “Қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың ерекшеліктері” тақырыбын игеру мұғалімнен өз пәнін оқытудың әдістемесін жетік меңгерумен бірге философия, этнопсихология, этномәдениет, тарих, ана тілі, т.б. ғылымдар саласынан теориялық білім қорын талап етеді. Бұл тақырыпта “Дайындық”, “Кәсіби даярлық”, “Әдістемелік даярлық” ұғымдарына сипаттамалар беріледі, қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мұғалімдерді даярлау жүйесі таныстырылады. Әсіресе, “Әдістемелік даярлық”, “Қазақ эндопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға әдістемелік даярлық” ұғымдары кеңінен ашылып, жалпы, арнайы және жеке іскерліктері мазмұндалады.

Мұғалімдердің қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтың мәнін терең ұғыну үшін олардың қазақ этнопедагогикасын пайдаланудың мән-мағына, маңызы жөнінде мағлұматтары, бүгінгі күндегі зерттеу деңгейі және республика мектептеріндегі озық педагогикалық тәжірибемен таныс болуы, педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруі, қазақ этнопедагогикасы материалдарының мазмұны саласынан теориялық білімі болуы, “Қазақ эндопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” тұжырымдамасын басшылыққа ала білу керек.

Бағдарламаның ІІ бөліміндегі “Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың дидактикалық ұстанымдары мен әдістері” тақырыбында қарастырылатын “Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың дидактикалық ұстанымдары” тақырыбы осы бағыттағы бастапқы талаптар жүйесінен мағлұматтар береді. Олар: Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасын ұстану; белсенділік пен саналылық; ғылымилық мен лайықтылық; жүйелілік; оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру; көрнекілік.

“Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты оқу үрдісін жоспарлау” тақырыбында қазақ этнопедагогикасы материалдары пайдалатылатын пәндерді оқыту бойынша күнтізбелік, тақырыптық жоспар және күнделікті сабақ жоспары сөз болады. Оның мақсаты қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану бойынша сабақтар жүйесін дайындау болып табылады.

“Қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу тұжырымдамасын” жүзеге асырудың барысында мұғалімнің әдістемелік даярлығы өзіндік нәтижесін көрсетеді.



Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде пайдаланады.

Қазақ халқының бай рухани мұраларының бірі – халықтық тәрбие, халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып олар арқылы баланың «жеті қырлы бip сыры» болып қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Қай қоғамда болсын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше, білім негізі метепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалімнің жауапкершілігі орасан зор.



Күнде өзгеpic болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұрамызды біліп қастерлеп бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі кайнарына айналдыру - өмір кажеттілігінен туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

Сондықтан да бүгінгі ұрпакты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, халықтың педагогикалық нәрлі қайнарымен сусындату оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бipi болып табылады. Халықтық педагогика мәселелерін ғылыми зерттеудің тарихнамасы, тәрбиенің халықтык тәжірибесі, тарихи дамудың, барлық кезеңінде ұлы педагогтардің, ғылыми ғалымдардың қызығушылықтары болып келгенін көрсетеді.

Педагогика тарихынын шың басында тұратын даналар: Я.Коменский, П.Песталоции, Н.Крупская, А.Макаренко, қазақ ойшылдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, А.Байтұрсынов. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б халықтық педагогиканың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын ерекше атап өткен.

Ұлағаты мол даналардың, зepдeci терең ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып болашақ жеткіншек ұрпаққа этнопедагогикалық дәріс беру негізгі мәселелердің бipi болып табылады.



Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Дүниежүзілік тарихи педагогикалық әдебиеттерде халықтық педагогика ұғымына әр түрлі анықтамалар берген.

Татар халқының ғалымы И.Ханбиков "Халықтық педагогика - бұқара халқының қарапайым педагогикалық білімдердің тәрбиесінің саласы" деп тұжырымдаса, чуваш ғалымы Г.Волков "Халықтық педагогика, халықтың ауыз әдебиетіндегі әдет-ғұрыптардағы, салт-дастүрлеріндегі бабалар ойыншығындағы және ойындағы сақталған педагогикалық нәтижелердің жиынтығы" дейді, ал болгар ғалымы Е.Христова "Халықтық педагогика терминін бұқара халықтың таптық педагогикалық санасы деп түсінеміз" деп жазған.

Орыс ғалымы В.Григорьев "Халық педагогикасы деп дәстүрлі тәрбиенің халықтық тәрбиесі ғана емес, ондағы пайда болған білімдерді, идеяларды және солардың барлығын зерттейтін ғылымды айтамыз" дейді.

Бұл мәселе төңірегінде соңғы жылдары Қазакстан ғалымдары Д.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Бөлеев, С.Ұзақбаева, Ы.Оршыбеков, т.б. бipaз келелі ойлар қозғаған. Қ.Жарықбаев "Халықтың педагогика - халықты оқыту және тәрбиелеу туралы білімдердің қосындысы" десе, С.Қалиев "Халықтық педагогика - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің мәдени ойлау жүйесінің эстетикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы" деп түйген. Miнe, бұл анықтамалардың мазмұны жағынан бip-бірінен онша алшақ кетпейтіні байкалады.

Тәрбие мен оқыту жұмысы - халықпен бipгe туып, бipгe өскен, бірге дамыған тарихи көне үрдіc. Сондықтан ол сан ғасырлар бойы халықпен бipгe жасасып, оның озық үлгiлepiн келер ұрпаққа мирас етіп отырған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің пікірімізше халықтың ұлттық тәрбиесінде, әcipece жеке адамды калыптастыруда қолданылатын оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, жөндерін, мақсаттарын, міндеттерін соларға қатысты педагогикалық үлгілері мен үйлесімдер жиынтығын этнопедагогика деуге болар eдi. Бұл жерде халық педагоги­касы этнопедагогиканың зерттеу нысаны болып отыр. Олай болса, халық педагогикасы көпшілік колданған тәжipибeлep мен білімдер жиынтығы болып шығады.

Бұл айтылғандарды басшылыққа ала отырып халықтың педагогика­лық көзқарастарына талдау жасасақ оның негізінде ұлттық философиялық ой мен халық психологиясы жатқанын байқаймыз.

Сонымен халық тәрбиесі ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманы, тыныc-тipшiлiгi, шаруашылық кәсібi, отбасылық коғамдық ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Этнопедагогика - халқымызда ертеден жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанаттыда қадырменді сөз, байырғы қасиеттіде киелі дәстүр.

Этнопедагогика - халықтың тәлім-тәрбині, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, epтeгiлep мен аңыздарда, айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі.

Этнопедагогика элементтері - бала тәрбиесін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру салаларындағы орын алған кемшіліктердің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі.

Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие кұралы болып саналар қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде калыптасуын осы мәселе төңірегінде алғаш төл туындыларын жазған демократ-ағартушыларымыз Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин. А.Кұнанбаевтардың есімімен байланыстырамыз. Осыдан соң С.Торайғыров, Э.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов. М.Жұмабаевтар өз еңбектерінде ұрпақ тәрбиесінде ұлттық педагогиканы пайдалану жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы карастырып, сөз етті.

Бүгінгі таңда этнопедагогиканы зерттеу iciмен Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбаев, Қ. Қожахметова, Қ.Бөлеев, Е.Сағындықов, тағы да басқа көптеген ғалым-педагогтар айналысуда. Сондай-ақ этнопедагогика арқылы тәрбиелеу iciмен шұғылданып, арнайы зерттеу еңбектерін жазып жүргендер қатарында У.Асанова, Ә.Әмірова, А.Дайрабаева, А.Қисымова, Ж.Сәдірмекова, Р.Төлеубекова, Р.Дүйсембінова, Ф.Бөрібекова және тағы басқалар бар.

«Қазақ халқының айтыс өнepi арқылы балаларға адамгершілік эсте- тикалық тәрбие беру» деп аталған кандидаттық дессертациясында Y. Aсa- нова балаларға қазақ халқының айтыс өнepi арқылы адамгершілік эстетикалық тәрбие беру мәселесін теориялық жағынан негіздеп, айтыс өнерінің epeкшeлiктepi мен тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындап берген және "Айтыс өнepi" факультативтік курсының бағдарламасын мектепке даярлықтан бастау кepeктігін дәлелдеген.

Демек, қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлауға күнделікті өмірдің үдемелі сұранысы мұғaлiмдepдi әдicтeмeлiк даярлау міндетті түрде кажеттігін айқындайды.


  1. Мектептің әдістемелік жұмысының теориялық негіздерін мұғалімдердің қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы даярлық деңгейін көтерудің құралы ретінде айқындау.

  2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пай­далануға мұғалімдердің әдicтeмeлiк даярлығын сипаттайтын өлшемдер мен көpceткішерді айқындау.

  3. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оку-тәрбие үрдісінде пай­далануға мұгaлiмдepдi даярлаудағы әдістемелік жұмыс пен тәжірибелік жұмыстың өзара байланысын және өзара шарттастығын мазмұнына, формаларына, әдістеріне сәйкес қарастыру.

  4. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға мұғалімдердің әдістемелік даярлаудың тиiмдiлiгiн тәжірибелік- эксперимент жүзінде тексеру.

Этнопедагогика қоғамның тарихи дамуы барысында көкейкесті проблема болғандығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның көкейкестілігі соңғы жылдары әр республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен бірге ұлттық сана-сезімнің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты бұрынғысынан да артуда. Мұны ғылымның барлық саласында орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдеуде.

Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл ұғымға түсінік беруде.  Этнопедагогика проблемасы көкейкестілігінің жаңа қоғам талаптарымен ұштасып жатқанын  ҚР Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулары, нормативті құжаттары мен бағдарламалары «Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану», «Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемасы», «Этникалық педагогика курсы», ғылыми-практикалық конференция материалдары және соңғы буын оқулықтарының жарық көруі дәлелдеп отыр.



Орындалған зерттеулерге жасаған талдау бойынша мынадай көріністерді байқауға болады:

  1. Этнопедагогика проблемалары барлық мемлекетте педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып саналады.

  2. Этнопедагогиканы мектеп практикасына кешенді ендіру мәселесі жеке зерттеу проблемасы тұрғысында қарастырылмайды. Зерттеулердің басым көпшілігі халық педагогикасы аясында орындалған.

  3. Этнопедагогика мен халық педагогикасы материалдары (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы, салт-дәстүрлер) мектеп жасына дейінгі мекемелерде (О.В.Леонова, З.Б.Лопоносова, Р.Ш.Халикова, Ж.М.Орозбаев) мектептерде (В.И.Баймурзина, А.Ш.Хасанов, В.Ж.Хамаганов, Л.Г.Агурашвили) тәрбие құралдары ретінде зерттелді.

  4. Этнопедагогика мен халық педагогикасы материалдарын жеке пән сабақтарында пайдалану жолдары – математика Х.Г.Валицис, әдебиет А.А.Полякова, Ж.А.Доржиева, еңбекке баулу А.К.Атдаев, Л.В.Ершова, денешынықтыру Е.Сағындықов, В.П.Красильников еңбектері негізінде анықталды.

Ал, енді қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұл мәселе саласында бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді. Егер дәлелді сипаттама беретін болсақ:

  1. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеп берді (ұлттық мектеп ашты, халықтың ауызекі шығармаларын, қолөнерін, салт-дәстүрлерін бала тәрбиесінде пайдаланды).

  2. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына мектеп практикасында пайдалану қажеттігін тікелей атап көрсетпегенімен, оның бала тәрбиесіндегі рөліне, құнды адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы мәніне ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов пен А.Құнанбаев та ерекше назар аударған.

  3. Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пайдалану, ана тілінде мектептер ашу мәселелеріне аса мән берді.

  4. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектептерде пайдалану туралы қазақ зиялыларының айтқан ой-пікірлерін кейінгі жылдардағы ғалым-педагогтар (М.Ғабдуллин, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов) қолдап отырды. Еңбектерге жасалған талдау қазақ этнопедагогикасының арнайы зерттеу объектісі болмағандығының және мектеп тәжірибесінде жүйелі пайдаланылмағандығын дәлелдейді.

  5. Қазақ этнопедагогикасы 70-ші жылдардың басынан (А.Х.Мұхамбаева, И.Оршыбеков) зерттеле бастады. Кейінгі он жыл көлемінде әр түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер (іргелі, қолданбалы, өңдемелер) ғылыми мақалалар, кітаптар мен қолжазбалар жарық көрді.

Мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау нәтижесінде былайша ой түйіндеуге болады:

  1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалануда мұғалімдер басылым көрген кітаптар мен қолжазбаларды, оқу құралдары мен қолданба құралдарды, кітапшаларды негізге алумен шектелген.

  2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты жасалған бағдарламаларда педагогикалық талаптар ескерілмейді және мазмұны теориялық тұрғыда негізделмейді.

  3. Материалдарды практикада тиімді пайдалану факторлары мен шарттарын анықтау ескерілмейді.

  4. Бағдарлама мазмұнына ендірілген мнақты көрсеткіштер арқылы сұрыпталмайды.

  5. Қазақ этнопедагогикасы саласында қалыптасқан озық тәжірибелерді мектептерге ендіру мәселесіне назар аударылмайды.

  6. Қазақ этнопедагогикасы аясында орындалған ғылыми-зерттеу еңбектерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары қарастырылмайды.

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің қазақ этнопедагогикасы саласындағы даярлығын зерттеу барысында олардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерінің төмендігі анықталды. Мысалы, сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің 63 пайызға жуығы ұлттық мәдени дәстүрлерді бала тәрбиесінде жүйелі пайдалануға теориялық даярлығының жоқтығын көрсетсе, бұл саладан білімі бар дегендер оларды өз тәжірибесінде пайдаланбайтындығын байқатып, 17 пайызға жуық мұғалім қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімді отбасынан, педагогикалық колледж, университет пен институттан алатындығын айтты.

Бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасының бірі мектеп практикасына қазақ этнопедагогикасы бойынша орындалған ғылыми зерттеулердегі жетістіктерді, қазақ этнопедагогикасының озық тәжірибелерін ендіру болып отыр.

Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілігі – проблеманың практикадағы қажеттілігімен; ал маңыздылығы – зерттеудің көлемі және бағыттылығымен сипатталады. Зерттеу нәтижелерін практикада пайдалану мүмкіндіктері басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Бұл зерттеулерпдің бірқатары теориялық мәселелерді шешуге де өз үлесін қосып отыр.

Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова) өзінің әдіснамалық, теориялық көзқарасын дәлелді негіздеуге талпынады, шешімі қарастырылып отырған проблеманы теориялық тұрғыда көлемді негіздейді. Зерттеу нәтижелерін мектеп практикасында пайдалануға байланысты қолданбалы әдістемелік ұсыныстар беріп, өңдемелер жасайды.

Қорғалған ғылыми-зерттеу еңбектері республика баспаларында жарияланым көрмей, кітапхана сөрелерінен орын алуда. Ал, бұл болса қазақ этнопедагогикасы аясында орындалған зерттеулерге, біріншіден – мұғалімдер сұранысын шектейді, екіншіден – олардың мектеп практикасына мерзімінде ендірілуіне кедергі келтіреді. Зерттеу еңбектеріндегі ғылыми нәтижелерді мерзімінде мектеп практикасына ендіру мәселесін шешу – Білім және ғылым министрлігінің құзырында.

Ғылыми конференцияларда көрініс тапқан баяндамалар мазмұны ғалымдар мен оқытушыларды қазақ этнопедагогикасының мынадай мынадай салалары толғандыратынын айғақтайды:

-    Этнопедагогиканың кейбір теориялық және практикалық мәселелері.

-    Іс-әрекет.

-    Ұлттық мәдениетті меңгерудің әдіснамалық негіздері.

-    Мақал-мәтелдердегі еңбек тәрбиесі.

-    Халық ауызекі шығармашылығы.

-    Танымдық қызығушылықты қалыптастыру құралдары.

-    Мұғалімнің әдістемелік даярлығы.

-    Қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие.

Қазақ этнопедагогикасы мәселелерін мазмұндайтын өңдемелер, қолжазбалар, қолданбалы құралдар, жинақтар да мектеп мұғалімдері мен жоғары және арнайы орта оқу орындары оқытушыларына көмекші құрал міндетін атқарып жүр. Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау қазақ этнопедагогикасы саласында бірқатар еңбектердің орындалғанын, оларда бүгінгі күн талабына сай көкейкесті проблема шешімін тауып отырғанын, соған қарамастан олардың басым көпшілігінің республика мектептері практикасына ендірілмегенін, тек өздері эксперимент жүргізген мектептермен шектелгенін, қала берді мұғалімдермен қатар мектеп басшылары да мұндай жұмыстардың орындалғанынан хабарсыз екендігін дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет