Гигиеналық жағдай. Дене шынықтыруға қажетті гигиеналық жағдайды сақтау негізгі орын алады. Күнделікті өмірде күн кестесін нақты тәртіп боынша ұйымдастыру; еңбек, демалыс, ұйқы, тамақтану сәттерінде уақытты тиімді пайдалану болып табылады. Тәртіпті сақтау денсаулуқты нығайтады, жағымды көңіл-күй тудырады және жаттығуларын игеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.
Нақты тәртіпті сақтау адамның тәртіптілік, ұқыптылық, ұйымдастырушылық, жағымды қасиеттерін тәрбиелейді.
Оқушылырдың күн кестесі: ертеңгілік гимнастиканы су процедурасымен ұйымдастыру, мектептегі оқу мен үй жұмысына уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, таза ауадағы серуен, ойын, кітап оқу, өзінің сүйікті ісімен айналысу, пайдалы қажетті іс-шараларға қатысудан тұрады. Күн тәртібінде, сондай-ақ нақты уақытылы тамақтану, демалыс, ұйқыға дайындық жатады. Күн тәртібін тиімді пайдалану дене шынықтырудың әр түрлі құралын біріктіріп, оларды дұрыс пайдалануды реттеп отырады. Дене жаттығулары сабақтарында гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет. Сабақ, секциялық сабақ және дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шаралар өткізілетін орында тазалық сақтау қажет, сондай-ақ қалыпты жағдайдағы қалыпты температураны ұстай отырып, үнемі таза ауамен желдетіп отыру керек.
Дене жаттығуларын орындау барысында әр түрлі снарядтар, құрал-жабдықтар қолдануда айналысушының салмағы, бойы, жас ерекшелігі, жынысы қатаң сақталады. Айналысушының арнайы спорт киімін киюі, жаттығуларды жақсы орындауы ағзаға тиімді әсерін тигізеді.
Гигиеналық жағдайларға – дене шынықтырумен айналысушының жеке гигиенасы жатады. Жеке гигиена – барлық іс-шаралар кешені, адам денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету кепілі.
Жеке гигиенаның негізгі талаптары – дененің тазалығы және оны күте білу, киім тазалығы, жұмыс орны жайлылығы, жеке басына қажетті заттарды ұқыпты ұстау. Мектеп оқушыларының жеке гигиенасына оқу заттарына, кітапқа, дәптерге ұқыпты қарау, үйде, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау тәртібі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |