I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет19/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Қолданбалы гимнастика: спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік гимнастика, емдік гимнастика болып бөлінеді.

Спорттық қолданбалы гимнастика спортшының жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекеленген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады.

Кәсіптік-қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады және жетілдіреді (биіктікте жұмыс істейтін құрылысшы, шахтер, жүргізуші, т.б.).

Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді :

а) кіріспе гимнастика – жұмыс басталар алдында (ұзақтығы 8-10 минут);

б) дене тәрбиесі үзілісі (ұзақтығы 5-7 минут) жұмыс күні барысында үзілісте жасалады. Гимнастикалық жаттығулар құрамына өндіріс сипатына байланысты жалпы дамыту жаттығуларының қарапайым түрлері мен арнайы жаттығулар іріктелініп алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет