Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары – қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттық бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.
Көркем гимнастиканың мазмұнынан арнайы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-ақ акробатикалық жаттығулар орын алады.
Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, әр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір қимыл-қозғалыстар, әр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, құрсаулар, орамал, жолауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады.
Көркем гимнастиканың ерекшелігі жаттығуларды орындау музыкамен, би жаттығуларымен тығыз байланыстылығы. Жаттығуды музыкамен, би элементтерімен көркемдеу, жаттығудың мәнерлілігн арттырып, айналысушыны ырғақтыққа, эстетикалық сезімге баулиды.
Көркем гимнастиканың жүйелі бағдарламасы бар. Жарыстар өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |