I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене жаттығуларына үйрету



бет74/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Дене жаттығуларына үйрету

Оқыту үрдісі. Дене шынықтыру сабағының да басқа сабақтар сияқты негізгі мақсаты – ол балалардың нақты білімдер мен іскерлік дағдыларын анықтау болып табылады.

Тәжірибелік сабақтарда оқушылар дене жаттығулары, олардың орындалуы туралы білім алады. Осы жерде олар жаттығудың орындау тәсілін үйренеді. Жаттығуларды бірнеше рет – алдағы уақытта жаттығуларды жеңіл, денеге ерекше салмақ түсірмей орындауға мүмкіндік береді. Осылайша мұғалім оқушыларды дене шынықтыру мен үйренген жаттығуларды қолдана білуге нұсқау береді. Мұғалімнің басқаруы оқушылардың белсенді іс – әрекеттер жасауына жағдай туғызады.

Оқытудың тәрбиелік маңызы. Мұғалім оқушыларға дене шынықтыру арқылы жан – жақты тәрбие бере отырып, қажетті білім, іскерлі дағдылармен қаруландырады.

Мұғалім балаларға еліміздің спортшыларының жеңістері, жаңа стадиондар, спорт сарайлары туралы әңгімелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятып, Отаны үшін, елі үшін күресуге тәрбиелейді. Мұғалімнің берген тапсырмасын оқушылар бірге орындауға, жаттығулар жасау кезінде бір –біріне көмек беруге ұмтылады.

Мұғалім осы кезде оларды достыққа, серіктестікке ұжымшыл болуға тәрбиелейді.

Ойын – оқушыларды ережені сақтауға, міндеттерін жақсы орындауға (кезекші құрал – жабдықтарды тарату және жинау) ұжымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Сабақта секіру, өрмелеу, т.б. күрделенген жаттығуларды орындау оларды қайсарлыққа, батырлыққа, дер кезінде шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Сабақ кезінде ережелерді қатаң сақтап, оқушылардың сыртқы бейнесін қадағалау, сабақ өтілетін жердің жақсысанитарлық қалпын сақтау. Оқушыларды тиянақты таза болуға тәрбиелейді. Қатаң жүргізілген сабақ, бұйрықтардың орындалуы тәртіппен шыдамдылыққа үйретеді.

Сабақтың өтелетін орнын жақсы қалыпта сақтап, құрал – жабдыққа күтім жасап, оларды дер кезінде жөндеу, балалардың қатысуымен жүргізілсе, оларды мүлікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Сабақтың дұрыс жүргізілуі, уақытты дұрыс пайдалана білу, оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы, балалардың ұжымшылдыққа, жинақылыққа септігін тигізеді. Дұрыс орындалған жаттығулар мұғалім мақтау мен жауап берсе балалардың көңіл – күйінің көтерілуіне, оқушылардың іс – әрекетіне шешуші мағына береді.

Оқу үрдісінде үйрету әдістерімен қағидалары маңызды орын алады.

Үйрету қағидалары оқушыларды дене жаттығуларына үйрету педагогиканың дидактикалық қағмдаларымен сәйкес келеді.

Дене жаттығуларына жүйелі және бірте – бірте үйрету қағидасы.

Оқушыларға оқу материалы арнайы кезекпен және мөлшермен ұсынылады. Өтелген матириалды қайталай отырып, оны жаңа материалмен байланыстырып білімдері тереңдетіліп, кеңейтіліп отырылады. Тақырыпты өту кезінде алғашқыда жеңіл жаттығулар болса кейін күрделі жаттығулармен жалғасады. Мысалы, 1-2 сыныптарда өрмелеудің қарапайым түрлері секертпемен жүру берілсе, ал жоғары сыныптарға арқанмен өрмелеу беріледі.

1-2 бөлектен тұратын жаттығудан бірте – бірте 3-4 бөлікті жаттығуға көшеді. Денеге түсетін салмақ, сабақтан сабаққа жүйелі түрде өсіп отыруы қажет. Бұл балалардың дене дамуын жақсартады. Жекелеген жаттығуды үйрету кезінде қарапайымнан, біртіндеп күрделендіріледі. Мысалы, тепе – теңдік жаттығуы басында қарапайым түрде еденде жүргізсе, содан кейін орындықтың үстімен, содан барып бөрене үстінде жүру, шаңғымен тегіс жерде жүру, әрмен қарай кедергі жолдармен алып жүру, тағы сол сияқты жаттығулар орындалады.

Оқушылардың саналық және белсенділік қағидасы оқу үрдісі оқушылардың оқу материалын саналы түсінуі мен қабылдай алуынан құрылады. Ол үшін мұғалім оқушыларға дене жаттығуларының мағынасын түсіндіріп, балаларды жаттығуды дұрыс орындауға үйретеді және қателіктерін көрсетіп, оларды түзеп отырады. Жаттығуларды қолдану барысында оқушыларды дене мәдениетіне үйрете отырып, жаттығуларды өз еркімен орындауға, спорт секцияларына қатысуына қызығушылығын арттырады.

Әрбір сабақтың басында мұғалім балалардың алдына жаттығуларды не үшін және қалай орындау керек екендігін айтып, нақты мақсаттар қояды. Ең маңыздысы алға қойылған міндеттердің орындалуында. Оқушылардың өз қателерін өздері түзету олардың сабақты меңгергендіктерін білдіреді. Оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауы (сабақ өтілетін орынды, құрал – жабдықтарды дайындау, сыныптың сапқа тұруы, жаттығуды өз беттерінше орындауы) олардың белсенділіктерін арттырады.

Білім мен дағдыны дұрыс қабылдау қағидасы. Біліммен дағдының дұрыс қабылдауына өткен материалды қайталап меңгерту басты орын алады.

Дұрыс дағды қалыптастыру үшін дене жаттығуларын қалыпты жағдаймен бірге, әр түрлі күрделі жағдайларда қайталанып ртырады. Оқушы дене жаттығуларын орындалуын толық меңгергенде ғана іскерлік дағдылары толық қалыптасады деп айтуға болады. Жүйелі шұғылдану, ағзаның жұмыс істеу қабілетін арттыруға үлкен әсерін тигізеді және жаттығуды орындауға күш пен уақыт та аз жұмсалады. Білім мен іскерлік дағдысының сапалы болуы оқушының сабаққа деген қызығушылығын қалыптастырылады. Оқу материалын жоспарлауда оқушының игеруіне лайықты болуын дұрыс қарастыруы керек, дене жаттығуларын шамадан тыс артық болуы бола зейінінің шаршаңқылығына негіз болады да оқу материалын жақсы меңгере алмайды. Игірген дене жаттығуларын оқушының сабақта не сабақтан тыс өз бетімен орындауы оның білім мен іскерлік дағдыларын бекіте түседі.

Үнемі тексеру мен бағалау қол жеткен табыстарын мадақтап отыру өтілетін материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді.

Тиімділік қағидасы. Дене шынықтыру материалы жеңіл игерілетіндей болуы керек. Алайда бұл соншалықты жеңіл болу керек деген емес. Өте қарапайым жаттығулар оқушыны мүлде босаңсытып жібереді, ал өте ауыр болса, оқушының өз күшіне сенімі жоғалып, ынтасын жойады.

Сабақ барысында қарапайым таныс жаттығудан, таныс емес қарапайым қыймылдан күрделіге ауысып отыруы керек. Осы қағидаға сүйене отырып, оқушының жеке жас ерекшелігін, ден саулық жағдайын, дене дайындығын ескере отырып материалды таңдап ала білу қажет.

Көрнекілік қағидасы. Жаңа қимыл қозғалыстарды үйрену кезінде көрнекілік қағидасы мұғалімнің қимыл қозғалыстарды іс жүжінде мүлтіксіз көрсету жол арқылы оқушыларға қабылдаудың пайда болуына қимыл – қозғалыс бейнесін елестетуге қимыл – қозғалысты дәл орындауға ұмтылуымен жүзеге асырылады.

Жаттығуды түсіндіру мен көрсету үйлесімділігі жаттығудың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Көрнекілік қағидасы үйретудің барлық кезеңдерінде: жаңа материалмен таныстыру, жаттығуды орындау іскерлік дағдыны қалыптастыру барысында қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет