Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары
Қағида – бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: адамның үйлесімді дамуы;дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруы-ның денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1.Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысты болып, жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптас-тырады, адамның көркемдік-әсемдік танымына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |