Дене жаттығулары – дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысуыдың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс және уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, майын, ішкі ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек мен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет).
Зерттеу жұмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жұмыс істеу қабілеті жоғарылып, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығының, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.
Жалпы дене шынықтыру дайындығы адамдардың өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам дүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзеге білу, секіре білу, шаңғымен жүру білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыру білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шынықтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірілген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығулырымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделіті спорт жаттықтырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нұсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жақсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері-күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |