I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет35/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99
Тәуекелхан Ақназар (Хақназар) ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол 1582-1598 жылдары билік құрған қазақ хандығының билеушісі. Сондай-ақ, Тәуекел хан Бұхара мен Моғолстан бұғауына босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, 1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Ташкентте қайтыс болды.
Есімхан 1598-1623 жылдары Қазақ хандығын билеген. Шығай ханның баласы. Таққа Тәуекел ханнан кейін отырған. Өз тұсында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған. Бұл атау Жиембет, Марқасқа жыраулардың жырларында жиі айтылады. Бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықтағы ересен ерлігіне байланысты берілген көрінеді. Есім хан тарихта «Есім ханның ескі жолы» деген атпен белгілі заң ережелерін құрастырған. Мемлкет билеудің құқықтық жүйесін реттеуде бұл аталған заңдар жинағы елеулі рол атқарды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Ташкентті жеке биледі. 1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтірді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. 1628 жылы Есім хан қайтыс болады.
Ал 1628-1652 жылдар арасында үш жүздің ханы Жәңгір таққа отырды. Ол Шығай ханның немересі, Есім ханның баласы. Басы бақыр қазандай, апайтөс, бірақ аласа адам екен. Сонысына қарап халқы «Салқам Жәңгір» деп атап кетіпті. Оның хандық құрған кезі ойрат-жоңғарлармен екі арадағы қақтығыстың күшейген кезі. ОЛ 1643 жылы 600 сарбазбен ойраттың 50 мыңдық әскеріне қарыс шығып жеңіске жетті. 1652 жылы ойраттармен болған шайқаста Жәңгір қайтыс болды. Біраз уақыт бойы Қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болды.
1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырды. Тәуке хан – қазақ халқының тарихи сахнасында өзінің кемеңгерлігімен, даналығымен, ақылдылығымен, әділдігімен, бітімгерлігімен сақталған хандарымыздың бірі. Ол феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды. Хандық билікті күшейтуге бағытталған ірі-ірі тың өзгерістер енгізді. Тәуке хандық билікті негізінен, билерге сүйеніп жүргізді. «Хандық кеңестің» және «Билік кеңестің» тұрақты етіп қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды. Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде шешілді.
Тәуке хан билік құрған жылдары билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарды. «Жеті жарғы» қазақтардың ХVІІІ ғасырдағы әдет-ғұрып заңдары.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы.
2. Отбасы.
3. Әскери.
4. Сот.
5. Қылмысты істер.
6. Құн.
7. Жесір дауы.
«Жеті жарғы» бойынша ер адамның құны 1000 қойға теңестірілген. Ал, әйел зорлаған адамға өлім жазасы кесілген. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығында кек алу заңы бірінші орында тұрды. Кек алу «Қанға-қан» ұранымен сот шешімі арқылы жүзеге асты. Сот шешімін бүкіл ру орындады. Хан мен сұлтандардың пайдасына шариғатқа негізделіп салынатын мал салығын «зекет» деп атады. Ал, ұшыр, баж, харадж салықтарын егіншілер мен қолөнершілер төледі. Сондай-ақ малшылар зекет, соғым, сыбаға түріндегі алым-салықты төлеуге міндетті болды.
Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «Әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қазақтар үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған.
Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Тәуке ханның кезінде қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болатын. 1710 жылы Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері бас қосып жоңғарларға тойтарыс беру үшін әскери күшті ұйымдастыру мәселесін талқылады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет