I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс



бет53/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
§ 42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» басталады. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығының тұтастығы мен билігі әлсірей бастады. Осыны пайдаланып Ресей патшалары қазақ жерін отарлауға көшті. Сонымен бірге олар әр түрлі сұлтан әулеттері мен батыр, билерді бір-біріне қарсы айдап салды. Елдің бірлігі, ынтымағы азайды. 1820 жылдары Ресей үкіметі енді қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне әскери бекіністер сала бастады. Жерінен айырылған, өз билігі өзінен кеткен қазақ елі ауыр жағдайда қалды. Жұтқа ұшырап, орыс-казактар мен шаруаларға тәуелді болды. Осының бәріне шыдамаған қазақтың батыр азаматтары көтеріліске шықты.


Кенесары Қасымұлы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басқарды. Ол кезінде Абылайдың мекені болған Көкшетау өңірінде 1802 жылы дүниеге келген. Абылайдың немересі Кенесарының әкесі Қасым Абылай ханның ең мықты да жау жүрек ұлдарының бірі болған.
Кенесары жастайынан халық арасында атасы Абылайдың даңқын мадақтаған жыр-дастан, аңыздарды естіп ер жетеді. Сондықтан да болар, ол өз атасы Абылайға еліктеп, оның жолын қуған. Батыл, қорқуды білмейтін ер жүрек сұлтан атпен жүріп, аң аулап, саят құрғанды ұнатқан. Кенесарының әкесі Қасым да, ғалары Саржан мен Есенгелді де қоқандықтардың (Орта Азиялық хандық) қолынан қаза тапқан. Кенесарының заманында қазақ жері күннен-күнге тарылып, біртұтастығынан айырылған. Кенесары атасы Абылайдың тұсындағы қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру үшін күресті. Ол 1825 жылдан бастап орыс үкіметіне қарсы ағасы Саржан бастаған күреске қатысса, 1836 жылдан өзі көтерілістің қолбасшысы болды.
1837-1847 жылдары Кенесары көтерілісіне туыстары - інісі Наурызбай, Әбілғазы, қарындасы Бопай, ағасы Саржанның балалары - Ержан, Құдайменді, Иса, Қошқарбай тағы басқалары белсене қатысады. Сонымен қатар халық батырлары Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұқарбай батырлар азаттық күресіндегі оның сенімді серігіне айналады. Кенесары Қасымұлының даңқы мен ерлік істері халық арасында кең тарады. Кенесары Қасымұлы 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің жиынында, Ұлытауда ақ киізге отырғызып, хан көтереді. Кенесары Қасымұлы әскери әдіс-тәсілдерге жетік, соғыс өнеріне шебер болған. Ол осыны өз сарбаздарынан да талап еткен. Көтерілістің шарықтау шағында оның сарбаздарының саны 20 мыңға дейін жеткен. Қазақ даласындағы Кенесары Қасымұлы көтерілісінің күшеюі патша үкіметін қатты алаңдатты. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы өкімет органдары Кенесары Қасымұлы көтерілісін басып-жаншуға барлық күшін жұмсады. Сол үшін мықты қаруланған арнайы жазалаушы отрядтар аттандырды. Кенесары Қасымұлы 1847 жылы 45 жасында Алатау баурайында қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет