I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы



бет59/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы. Ұйғырлар мен дүнгендер өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Ұйғырлардың негізгі кәсіпшілігі егін шаруашылығы болды. Бірақ патша үкіметі оларға егіншілікпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Ұйғырлардың жан басына орта есеппен 3 десятина жер берілді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау-бақша да болды.
Жетісудағы су қорының негізі казак кулактары мен қазақ, ұйғыр байларының қолдарында болды. Кедейлер су тапшылығынан жерлерін арзан бағаға байларға сатты. Ауқатты ұйғыр байлары негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Байыған ұйғыр кәсіпкерлері Іле өзенінде кемемен жүк тасуды ұйымдастырып, су диірмендерін, мал шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өндіріс орындарын салуға қаражат жұмсай бастады. 1883 жылы ұйғыр байы Вали Ахун Юлдашев Іле өзеніндегі су жолын алғаш рет пайдаланып, кемемен тауар тасиды. Оның жеке меншігінде 10363 десятина жер болды. Ал қарапайым ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайы өте ауыр болды.
Ұйғырлар мен дүнгендердің мәдениеті. Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский сияқты ірі ғалымдар ұйғырлардың рухани мәдениеті жайында көптеген мәліметтер қалдырған. «Он екі Мұхам» ұйғыр халқының ХІХ ғасырдағы озық ауыз әдебиетінің үлгісі ретінде белгілі болған. Бұл шығарма ұйғыр әдебиетінің аса үздік туындысы болып табылады. Ұйғыр халқының рухани және материалдық мәдениеті туралы деректер аз сақталды. Жетісу жеріне қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер мәдениетінің кейіннен біршама жақсы дамығаны белгілі.


§ 48.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа саласы пайда болды. Түсті металдар, тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс және Орталық Қазақстанда ашылды. Онда 57 су және жел диірмені, 34 ұста дүкені, 11 кен мен май, былғары зауыттары салынды. Жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді. Кедейленген қазақ-орыс еңбекшілері кеніштерде, өндіріс орындарында жұмысқа жалданып жатақтар атанды. Тау-кен өндірісінде 1820 жылы 6 мың, 1824 жылы 8 мыңнан астам қазақ жұмысшылары жұмыс істеді. Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату жолға қойылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскенкезең болды. Ең ірі сауда орталықтары Петропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы болған. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды. 1849 жылы Петропавл қаласына Ташкенттен 5 мыңнан астам түйе, 150-ге жуық ат-арбаға тиелген тауар әкелді. 1855 жылы Семейде екі қалалық жәрмеңке ашылды. Сауда байланысының ұлғаюы Қазақ өлкесіндегі шаруашылық жүйесінің біртіндеп Ресейдің экономикалық дамуына бейімделуіне жол ашты. Қазақстанға ұсақ алтын және күміс ақшалардың көптеп келуі жергілікті сауда мен өнеркәсіпті дамытуға ықпал етті. Қазақстан Ресей өнеркәсіп орындарына мал мен шикізатты жеткізіп тұрды, олар жасаған бұйымдарын қазақтарға әкеліп сататын болды. Саудада айырбас жасау әдісі де қолданылды.


ХІХ ғасырдың 60 жылдары Ресейлік кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмсады. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Мал шаруашылығы шикізат өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары Ақмола және Семей облыстары болды. Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш зауыты болды. Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 ма йқорытатын балауыз, 23 былғары, 5 тон май зауыты жұмыс істеді. Торғай облысында 42 былғары, тон, май қорыту, сабын қайнату зауыты, 202 диірмен, май шайқау зауыты болды.
1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. 1893-1897 жылдары Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 1899-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы (ұзындығы 1656 км) салынды. Ғасырдың аяғында теміржол, су жолы және почта-телеграф қатынастары Қазақстанды Мәскеумен, Петербургпен, Нижний Новгородпен өзге де Орталық Ресейдің, Сібірдің, Алтай мен Орта Азияның қалаларымен тікелей байланыстырды. Сонымен қатар Қазақстанда өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті. Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері тау-кен өнеркәсібі. ХІХ ғасырдың соңында жұмысшылардың саны 19 мыңға жеткен. Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70 пайызын құрап, ауыр еңбектерге тартылды.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан экономикасы айтарлықтай қарқын алды. Ресейдегі капитализмнің дамуы Қазақстан аумағын толық қамтып, тауарлы-ақша қатынасының өсіп, капиталистік қатынастардың қалыптасуын жеделдетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет