I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 57.1917 жылғы Ақпан төңкерісі



бет70/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
§ 57.1917 жылғы Ақпан төңкерісі

Ақпан төңкерісі - 1917 жылғы 27 ақпанда патша билігіне қарсы Ресейдің астанасы Петроградта болды. Патша өкіметі мен Мемлекеттік Дума арасындағы қарама-қайшылықтар билік жүйесін әбден тұралатты. Әскери бөлімдер басшыларына бағынбай соғыстан қашты. Ақыры барлық Петроград халқы түгел дерлік ереуілге шықты. Ресейде бірнеше ғасыр билік құрған Романовтар әулетінің соңғы өкілі ІІ Николай биліктен бас тартқандығы жөнінде 15 наурызда құжатқа қол қойды. Сөйтіп ақпан төңкерісі жеңіспен аяқталды. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғары сатысы - республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады.


1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісі жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта жасырын түрдегі партиялар жариялылық жағдайға шықты. Жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда ақпан төңкерісінің жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ.
Уақытша үкіметі Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уезд комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Жалпы, патшалық билікті құлатқан Ақпан төңкерісін қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан төңкерісі қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады.
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: «Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, оларды өзіміз басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді», - деп түсіндіреді.
Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман комитеттері болды. Олар негізінен, сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш паритясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Алайда Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет