I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 80.Қазақстандағы діни бірлестіктер



бет94/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
§ 80.Қазақстандағы діни бірлестіктер

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүреді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық діндерге еркіндік берген. Діни ағымдардың сандық және сапалық өсімі байқалды. Бүгін діни бірлестіктердің саны 3206-ға жетті, ал 1990 жылы олардың саны 670 болды.


Мұсылман бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін көбейді, оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие шіркеуінің бірлестіктерінің саны 62-ден 293-ке дейін, римдік-католик шіркеуінің бірлестіктерінің саны 42-ден 86-ға дейін, протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.
Қазақстандағы негізгі діни бағыттар суниттік ислам және христиандықтың православиелік бағыттары. 1990 жылы республикада Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы құрылды.
Діни бірлестіктердің 3129 діни орындары бар. Олардың 2229 - мұсылман мешіттері, 258 – православие шіркеулері, 93 – католик шіркеулері, 6 – синагога, 500-ден аса – протестанттық шіркеулер мен ғибадатханалар.
Діни бірлестіктер 38 мерзімдік баспасөз басылымдарын шығарады.
Діни мейрамдар «Құрбан айт» және «Рождество Христово» Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
1992 жылы «Діни сенім мен діни бірлестіктердің бостандығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Астанада 2003 және 2006 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті.
Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2 трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.


§ 81. «Қазақстан-2030» бағдарламасы

«Қазақстан-2030» Стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.


Жолдауда қаралған мәселелер:
- Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
- Реформаларды аяқтау.
- Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
- «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы мақсатқа орай мынандай 7 ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6. Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту;
7. Демократиялық кәсіпқой мемлекет құру.
Қазақстанның басты мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.
Жолдаудағы өзекті сөздер - халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың - Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет