Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
4. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.
5. Ғылыми жобаны рәсімдеу
Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:
5.1. Ғылыми жобада:
- бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
-теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).
5.4. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
– Кіріспе;
– 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
– 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
– 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
– Қорытынды;
– Әдебиеттер тізімі;
– Қосымша (егер бар болса).
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
– Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
– Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
– Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
5.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
– мәтін компьютерде терілу керек.
– сызық көлемдері: сол жақ - 2,5 см, оң жақ - 1 см, жоғары - 2 см, төменгі - 2 см.
– әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
– абзац болу керек;
– жол арақашықтығы- бірқатарлы;
– кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
– тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
– ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
– ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
– мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
– теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
– қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
– пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
- автордың тегі, аты- жөні,
- мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
- журнал және кітап атауы
- шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
- шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
– әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
– қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
– Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
– зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
– зерттеу объектісі, заты
– гипотезасы
– зерттеу кезеңдері , процедурасы;
– эксперимент әдісі;
– зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
– жұмыс нәтижелері және қорытынды;
– нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
5.8. Жетекшінің пікірі.
Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
Достарыңызбен бөлісу: |