ҚОРЫТЫНДЫ
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді. Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше [10].
Дарындылықтың негізі – ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамдық жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамының секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамының бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету болып табылады.
Ғылыми мәселе дегенде әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты кішігірім ғылыми міндеттерді ауызға алуға болады.
Мектептің оқушыларға арналған ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруы мен өткізуінің басты себебі – оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады. Сол себепті мен осы курстық жұмысымда ғылыми жобаларға қатысты туындауы мүмкін барлық сұрақтарға жауап іздеп, алға қойған мақсат-міндеттеріме қол жеткіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. www.nauka.kz
2. www.pvlabai10.edu.kz
3. "Қазақ Энциклопедиясы".
4. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.
5. www.rusnauka.com
6. www.docviewer.yandex.kz
7. Границкая А.С. Научить думать и действовать. - М., 1991
8. А. И. Доровский. Дидактические основы одарённости . М., 2000
9. Ю. З. Гильбух Внимание: Одарённые дети. –М. 1991.
10. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |