ІІІ-тарау. Ғылыми жұмыстардың нәтижесін (результатын) енгізу. Жаңалық ашуға тапсырыс беру.
3.1. Жаңалық ашудың түсінігі
Қолданбалы және техникалық ғылымдар саласында орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарында әдетте жаңа құрылыс материал, техникалық үрдіс және т.б түрінде келетін нәтижелер болады. Осыған байланысты ғылыми зерттеудің барлық нәтижесін жаңалық ашылу мүмкіндігіне талдау керек және ол анықталса, сол жаңалық ашуға тапсырыс хаттау керек.
Жаңалық ашу объектілері мыналар болуы мүмкін:
Қондырғы (мысалы: машина, құрал, құрылғы және т.б)
Тәсіл (мысалы: өнімді дайындау тәсілі, заттек алу және емдеу тәсілі т.б)
Заттек (қорытпа, қоспа, ерітінді, химиялық жолмен алынбаған материал, химиялық қосылыстар және т.б)
Бұрыннан белгілі қондырғыларды, тәсілдерді, заттектерді жағымды эффектісімен, жаңа арналымы бойынша қолдану (олардың мәнісінің өзгеруінсіз)
Микроорганизмдердің штаммалары (бактериялар, вирустар, балдырлар)
Жаңалық ашу деп саналмайтындарды есте сақтау керек:
Ашу, ғылыми теория және математикалық әдістер;
Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару тәсілдері;
Шартты белгілер, кестелер, ережелер (ойын, қозғалыс ережелері)
Ой операциясын орындау әдістері мен ережелері;
Тәрбиелеу, білім беру, оқыту, жануарларды үйрету әдістері мен жүйелері;
Есептеу тәсілі, есептің математикалық шешімі, соның ішінде алгоритм және есептеу машиналарының бағдарламасы;
Өнімнің тек сыртқы түріне қатысты ұсыныстар;
Ғимараттар мен территориялардың жабдықтау жоспарының схемасы мен жобасы;
Қоғамдық мүддеге, моральға және адамзаттық принциптерге қарама – қарсы шешімдер, яғни пайдасыз шешімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |