I-тарау. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру


Мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары



бет5/26
Дата05.08.2020
өлшемі188,5 Kb.
#76081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
курсовая работа.ДМ

1.2. Мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары.

Ғылыми жарыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері:



  • оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;

  • Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу.

Ғылыми жарыстардың ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 13 наурызындағы № 99 бұйрығымен бекітілген. Осы ережелерге сәйкес ғылыми жарыстар 4 кезеңде өтедi:

І кезең – мектептiк;

ІІ кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының мектептерi мен республикалық мектептер жарыстары мәртебесi жағынан облыстық жарыстармен теңестiрiледi);

ІІІ кезең – iрiктеу кезеңi 2 турда өтедi:

1 тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу,

2 тур - жобаларды алдын ала сараптау.

IV (қорытынды) кезең – республикалық.

Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетекшілігімен жыл сайын ақпан айында Алматы қаласында өткізіледі. Ғылыми жарыстар «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жобасы» тақырыбында өтеді.

Ғылыми жарыстарға өз жобаларын 8-11 сынып оқушылары ұсына алады. Жұмыстар командалық болуы мүмкін. Командалық жобаны екі оқушының орындауы мүмкін.

Жобаның авторы өз бетінше зерттеу жұмысына дағдылану мен өз білімін жетілдіре отырып шамасы деңгейінде жұмысты орындауы қажет. Оқушылардың ғылыми жобалары мен стендтік жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес жасалуы қажет (жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес).

Ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыстың бағытына сәйкес мамандықтар бойынша республикамыздың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындауға конкурс өткізу кезінде басым құқыққа ие болады [1].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет