ІІІ тарау. ҚОЗҒАЛЫС. Механикалық қозғалыс – дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі.
Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайына өлшемдерін елемеуге болатын дене.
Қозғалыс траекториясы – дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырылған ізі.
Орын ауыстыру – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын онның келессі орнымен қосатын бағытталған кесінді.
Бірқалыпты қозғалыс – дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді.
Бірқалыпты емес қозалыс – дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүреді.
Жылдамдық – берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы.
жылдамдық= (орын ауыстыру)/уақыт,немесе ϑ=l/t
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы: х=x0+ϑt.
Инерция құбылысы - кез келген дене сырттан әсер болғанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.
IV тарау. МАССА ЖӘНЕ КҮШ. Масса – денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеруі дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
Зат тығыздығы – сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.
ρ=m/V ; ρ= тығыздық, ө.б. (1кг/м3)
m = масса, ө.б. (1 кг)
V = көлем, ө.б. (м3)
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.
Деформация – дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі.
Гук заңы – серпімді деформация шамасы (созылу немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал.
Ғ=kx F = түсірілген сыртқы күш, (ө.б. 1Н)
k = қатаңдық коэфиценті, (ө.б. 1Н/м)
х=l-l0 x = дененің созылуы немесе сығылуы, (ө.б. 1м)
Ауырлық күші – денелердің жерге тартылу күші.
Fa=mg Fa= ауырлық күші, (ө.б. 1Н)
m = масса, ө.б. (1 кг)
g = 9.8 H/кг тұрақты шама
Сененің салмағы – дененің тірекке немесе аспаға түсірілетін күші.
Үйкеліс күші – бір дене екіннші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш.
үш күйде болады: сырғанау, домалау, тыныштық куйде.
Ғүйк =µN Ғүйк = үйкеліс күші, (ө.б. 1Н)
µ = үйкеліс коэфиценті
N = нормаль қысым күші. N = mg
V тарау. ҚЫСЫМ. Қысым – беллгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
Қысым: бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы.
қысым= күш/(аудан ) немесе р= F/S
p = қысым, (ө.б. 1Па)
S = аудан, (ө.б. 1м2)
р = ρgh .
Қатынас ыдыстардағы әрекетті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал: h_1/h_2 = ρ_1/ρ_2 .
Қалыпты атмосфералық қысым – биіктігі 760 мм сынап бағанынынң қысмына тең. 00С температурадағы атмосфералық қысым.
760 мм сын.бағ. = 105Па. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. тең.
Атмосфералық қысым биіктікке байланысты өзгереді.
Монометр – қысым айырымын өлшеуге арналған аспап.
Архимед заңы – сұйыққа батырылған денеге оның батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді: ҒА = ρ с gVД
ҒА – архимед күші
ρ с – сұйықтың тығыздығы, (ө.б. 1кг/м3)
VД - дененің көлемі, (ө.б. 1м3)
Ареометр - сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
Беттік керілу күші – сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күш.
Қылтүтікті құбылыстар – қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілу немесе төмен түсу кезінде байқалатын беттік құбылыстар.