І тарау. Физика және астрономия –табиғаты туралы ғылымдар


ТАРАУ ЗАТТЫҢ АГРЕГАТТЫҚ КҮЙЛЕРІ



бет5/14
Дата27.05.2022
өлшемі0,91 Mb.
#145271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Физика 7 сынып анықтамалар

2 ТАРАУ ЗАТТЫҢ АГРЕГАТТЫҚ КҮЙЛЕРІ
Заттардың күйлері, біріншіден, олардың молекулаларының орналасу арақашықтығына байланысты, екіншіден, бөлшектердің өзара әрекеттесу күштеріне тәуелді өзгереді.
Балқу деп заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесін айтады.
Балқу температурасы деп заттың балқыған кездегі тұрақты температурасын айтады.
Қатаю немесе кристалдану деп заттың сұйық күйден қатты күйге өту процесін айтады.
Қатаю процесі жүретін тұрақты температураны қатаю немесе кристалдану температурасы деп атайды.
Кристалл дене қандай температурада балқыса, нақ сондай температурада қатаяды. Балқу және қатаю процестері толық аяқталғанша балқу (қатаю) температурасы өзгермей тұрақты сақталады.
Кристалл дененің m массасы үлкен болған сайын оны балқытуға шығындалған Q жылудың мөлшері де осы массаға пропорционал өседі: Q = λm, мұндағы λ пропорционалдық коэффициенті меншікті балқу жылуы деп аталады.
Меншікті балқу жылуы деп кристалл заттың бір өлшем массасын балқу температурасында балқытуға жұмсалатын жылудың мөлшерін айтады: λ = Q /m .
Халықаралық бірліктер жүйесінде меншікті балқу жылуы Дж/кг бірлігімен өлшенеді.
Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне сұйықтардың буға айналу процесі де жатады. Сұйықтардың буға (газ тәріздес күйге) айналуының екі тәсілі бар: бірі – булану, екіншісі – қайнау. Сұйықтың буға айналу құбылысы бу түзілу деп аталады. Ал булану деп сұйық бетінде орын алатын бу түзілу процесін айтады.
бірдей массада будың ішкі энергиясы оның өз сұйығының ішкі энергиясынан артық болады:
Uбу >Uсұйық (m = const).
Булануды қарқынды жүргізу үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, булану сұйықтың беткі қабатында жүзеге асатындықтан сұйық бетінің ауданы мейлінше үлкен болуы шарт. Оған көлемдері бірдей суды жайпақ ыдысқа және жіңішке мойынды құтыға құйып, бақылау арқылы көз жеткізе аламыз. Екіншіден, сұйықтың температурасының жоғары болуы шарт. Оның себебі: температура өскен сайын молекулаларының жылдамдығы артып, олардың кинетикалық энергиялары молаяды да, сұйықтың ішкі энергиясы өседі. Өскен ішкі энергия есебінен сұйық бетінен босап шығатын молекулалардың да сандары арта түседі. Үшіншіден, бу молекулаларын сұйық бетінен алып кетіп отыратын конвекция туғызу шарт. Расында да, желді күні жайған киім тынық күнгі жайған киімнен тезірек кебеді.
Булануға қарама-қарсы процесс те орын алады: бу молекулаларының біразы хаостық қозғалыс барысында сұйыққа қайта оралады. Будың сұйыққа айналу құбылысын конденсация деп атайды.
Қаныққан бу деп өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдік күйге жеткен буды айтады. Қаныққан бу концентрациясы мен тығыздығы ең үлкен бу болып табылады. Сондықтан қаныққан бу сұйық бетіне ең үлкен қысым түсіреді. Қаныққан буға байланысты эксперименттік зерттеулерден екі қорытынды туындайды: 1) бірдей температурадағы әртүрлі сұйықтардың динамикалық тепе-теңдіктегі буларының тығыздықтары (молекулаларының будағы концентрациясы) әртүрлі болады; 2) тұрақты температурада қаныққан будың сұйық бетіне түсіретін қысымы өзгермей тұрақты сақталады.
Қанықпаған бу қасиеті жағынан газдарға жақындай түседі. Қанықпаған бу деп өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікке жетпеген буды айтады.
Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның ішкі көлемінде де бу көпіршіктері түрінде жүзеге асатын қарқынды бу түзілу процесін айтады. Қайнау температурасы деп сұйық қайнағанда шамасын өзгертпей тұрақты сақтайтын температураны айтады.
Біріншіден, сұйық қайнап жатқан кезде оның температурасы өзгермей тұрақты сақталады Екіншіден, бірдей жағдайда әртүрлі сұйықтың қайнау температуралары әртүрлі болады. Үшіншіден, сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысыммен теңескенде немесе одан сәл асқанда қайнау басталады.
r = Q/m. Меншікті булану жылуы деп тұрақты қайнау температурасында заттың бір өлшем массасын буға айналдыруға қажетті жылудың мөлшерін айтады. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде меншікті булану жылуы Дж/кг бірлігімен өлшенеді.
Зат буланған кезде қанша жылу мөлшерін алған болса, сол зат конденсациялану барысында сонша жылу мөлшерін бөліп шығарады: Qбулану = Qконден (m = const). Булану температурасы кезіндегі заттың бу күйіндегі ішкі энергиясы сондай заттың сұйық күйдегі ішкі энергиясынан артық болады: Uбу > Uсұйық (m = const).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет