I тарау. Химиялық алғАШҚЫ ҰҒымдар күні Сабақтың тақырыб



бет12/16
Дата06.07.2018
өлшемі3,03 Mb.
#47326
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Есте сақта !!!

Мольдік концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.

Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.

Назар аудар !!!

Өлшеуіш құтының мойнында ерітіндінің нақты көлемін шектейтін дөңгелек сақина болады. Бұл жоғарыдағы белгі сұйықтың құйылатын ең жоғарғы шегін көрсетеді.

Үйге тапсырма беру: Қ
9
айталау.


Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, судың химиялық қасиетін қарастыра отырып, бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы – негіздермен таныстыру. Кластар арасындағы байланыстарды мысалдармен көрсету, негіздердің, қышқылдық және негіздік оксидтердің құрамын салыстыра отырып, негізге ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Жаңа –гидроксид тобы, гидроксид ұғымдарын қалыптастыру.

Құрал –жабдықтар: Темір қасық, банкі, қызыл фосфор, лакумус, сіндірілмеген әк.

Тірек білім мен біліктер: Зат массасының сақталуы заңы, қосылуы және айырылу реакциялары, судың сапалық құрамы, электр тогы әсерінен судың айырылуы, сутегі алу әдістері, валенттік.

Оқушыларға судың сапалық құрамын білетінін ескере отырып, оны еске түсіру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.

  1. Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз.

  2. Нәтижесінде су түзілетін реакция теңдеулерін жазып, қай типке жататынын ата.

Реакция теңдеулерін жазғаннан кейін судың құрамында сутегі және оттегі элементтері бар екендігіне, су осы жай заттардың қосылуы нәтижесінде түзілетіндігіне оқушылардың назарын аудара отырып, осы заттар қандай көлемдік қатынаста болатынын қарастыру қажет.

Судың химиялық қасиетін қарастырғанда оның металмен әрекетесуіне тоқталып, кальций мен судың арасында жүретін реакция көрсетіледі. Кальций мен судың реакцияласу теңдеуін жазғанда оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы –негіздермен және оның құрамына кіріп, сол класты анықтайтын гидроксотопты (ОН) таныстыруға ерекше көңіл бөледі. Негіздің құрамына кіретін топтың саны металл атомынын валенттілігіне байланысты болатынын ескертіліп, жалпы [Me(OH)n] формуласын ұсынады. Мұндағы–металл атомының валенттілігіне сәкес келетін гидроксид тобының саны. Судың металдармен әрекетесу реакциясынын мәнін түсіндіргеннен кейін оның теңдеуін жаза білуге жаттықтыру үшін төмендегі тапсырманы ұсынған жөн.

Мына заттар әрекеттескенде түзілетін реакция өнімдерін жазып, атын атаңдар: а) натрий мен су; ә) барий мен су; б) кальций мен су; в) калий мен су; г) литий мен су; д) стронций мен су.

  • оксидтер дегеніміз не?

  • олардың құрамына қандай заттар кіреді?, т.б. сұрақтар беріледі. Оксидтерге мысалдар келтіріледі. Бұл берілген жауапты төмендегі кестеге жазыңдар.




Металдар оксидтері

Бейметалдар окидтері







Бұдан кейін фосфор мен кальций оксидтерінің сумен әрекеттесуі көрсетіледі. Ол үшін фосфор (V) оксидін алу үшін қызыл фосфор жағылады да, оған су құйылады. Фосфор оксиді бейметалл оксиді екеніне осы жерде көңіл аударылады. Алынған ерітіндінің ортасын анықтау үшін оқушыларға таныс күлгін лакумус ерітіндісінен ерітіндінің түсіне қарап, оқушылардан қандай зат алынған сұралады, яғни бейметалл фосфор (V) оксиді сумен әрекеттескенде қышқыл түзілетіндігі қорытылады. Реакция теңдеуді белгіленген кестені оқушылар бейметалл оксидтері мен судың арасында жүретін реакция теңдеуін жазады:

а) SO2+H2O= ә) CO2+H2O= б) N2O5+H2O=

Реакция теңдеулерін дұрыс жаза білу үшін оқушыларға мынадай нұсқаулар беріледі. Бейметалл оксидтері суме әрекеттескенде қышқыл түзіледі. Оның формуласын құрастыру үшін, ойша су мен оксидтің құрамына кіретін әрбір элементтердің атом сандары қосылады. Егер элементтердің алынған атом сандарын қысқартуға болатын болса қысқартып, одан алынған сан формуланың алдына коэфицент ретінде қойылады. Қышқылдың құрамына кіретін сутегі атомы формуланы жазғанда бірінші орында, оттегі атомы – үшінші орынды тұрады.

Мәселен: Р2О52О=Н2Р2О6=2НРО3

Жаттығу жұмыстарын жүргізіп болған соң металл оксидтерінің сумен әрекеттесілуі көрсетіледі. Бұл тәжірибе оқушыларға күнделікті тұрмыстан таныс. Сөндірілмеген әкті алып, су құйғанда, ол "қайнайды". Бұл кезде температураның жоғарылауынан судың тең жартысы буға айналады. Сондықтан әкке су құйғанда оның шашырауы, буының ыстығы шала күйдіруі мүмкін екендігі ескеріледі.

Металл оксидтері сумен әрекеттескенде гидроксид түзілетіндігі айтылып, кестенің сол жақ бөлігіне реакция теңдеуі жазылады: СаО+ Н2О→ Са(ОН)2

Бұдан соң мыс, мырыш, темір оксидтерінің сумен әрекеттеспейтіндігі көрсетіледі.

Оқушылар су өте тұрақты қосылыс болғандықтан, сутегінің бөлінуі белгілі жағдайда жүзеге асатынын қорытындылайды:

  1. электр әсерінен (2H2O=2H2↑ +O2);

  2. актив металдармен әрекеттескенде (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑);

3) активтігі нашар металдармен қыздырғанда 3Ғе +4Н2О= Ғе3О4+4Н2

4) егер стронцийді суға салса оның бетінде газ көпіршіктері пайда болып, жоғары көтеріле бастайды. Егер цилиндрдің жақтауына жанған шырпыны жақындатса ол газдың тұтануы байқалады. Қай газ бөлінеді? Ерітіндіде қандай жаңа зат түзіледі? Химиялық реакцияның теңдеуін құрастырыңдар. Металл оксидтерінің сумен әрекеттесуі мысалына мындай тапсырма ұсынылады. Төмендегі теңдеуін аяқтап, түзілген заттардың атын ата және жоғарыда берілген кестенің бөлігін жаз. 1.Na2O+H2O= 2.K2O+H2O=

3.BaO+H2O= 4.MgO+H2O=

Металл және бейметалл оксидтерінің сумен өзара әрекеттесетінін анықтауда "ерігіштігі" кестесін пайдалану тиімді екенін ескере отырып, оқушыларға онымен жұмыс істеуді ұсынған жөн. Ол үшін кестеден суда еритін негіздер мен қышқылдардың үш –төртеуін мысалға алып, оларға сәкес оксидтердің формуласын жазу немесе қышқыл мен негіздің сәйкес оксидтерден түзілуінің реакциясын жазу тапсырылады
Үйге тапсырма беру: §40,41,42. 107б – 4,5жаттығу,109б – 3жаттығу,

№8-9 сабақтардың тақырыбы: Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Негіздердің құрамымен және олардың жіктелуін таныстыру. Негіздердің формуласын құрастыру, индикаторлардың көмегімен анықтай білу біліктерін жетілдіру. Сілтілер ұғымын қалыптастыру. Негіздер мен сілтілердің қасиеттерін айыра білуге үйрету. Бейметал окидтерінің сілтілермен әрекеттесуін демонстрациялап, оның реакция теңдеуін құруға, түзілген тұздардың құрамын дұрыс анықтай білуге үйрету. Қыздырғанда мыс (ІІ) гидроксидінің айырылуы тәжірибе жүзінде таныстырып, ерімейтін негіздердің айырылу реакциясы теңдеулерін құра білуге үйрету.

Құрал –жабдықтар: Сілтілер,индикаторлар.т.б

Тірек білім мен біліктер: Заттардың құрамы туралы білімі және олардың жіктеу білігі, индикаторлардың әсерін бақылау білігі, негіздердің құрамы, химиялық формуласы, валенттік бойынша формула құрастыру білігі.

Сабақ барысы: Оқушыларға металл валенттілігі бойынша негіздерінің формуласын құрастыру тапсырылады. Nа, К, Са, Ғе(ІІІ),Сu

Бұдан оқушылар " Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат " деген қорытындыға келеді.

Негіздердің қасиеттерімен оқушыларды зертханалық тәжірибелерді жасау барысында таныстыруға болады. Зертханалық жұмысты жасап оқулықтағы үлгі бойынша кесте толтырылғаннан кейін оқушыларға төмендегі қорытындылау сұрақтары беріледі.



  1. Негіздерді қандай белгілері бойынша екі топқа бөлуге болады?

  2. Еритін және ерімейтін негіздерге төмендегі жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беріңдер:

а) формулалары; ә) сыртқы түрлері; б) судың әсері; в) индикатордың әсері;

г) қыздырудың әсері.

Ұқсас қасиеттерін бөліп жазыңдар. Сұраққа қайтарылған жауапты сыныпта талдап, жетпеген жерлерін мұғалім толтырады. Бұл жерде мұғалім суда ерімейтін негіздердің тағы бір ерекшелігін ескертеді. Ол –тиісті металл оксидіне су қосқанмен суда ерімейтін гидроксидттер алынбайтындығы. Мұнда олардың алу жолына тоқталу қажет емес. Өтілген материалды бір жүйеге келтіру үшін қорытынды бөлімде мынадай кестені толтыруды ұйымдастырған жөн.

Негіздер

Негіздердің әсері

Сілтілер


Ерімейтін

Суға

Лакмусқа

Фенолфталинге

қыздыруға

Ериді

ерімейді


Ерітіндінің түсі көгереді

өзгермейді



Ерітінді қызыл түске боялады

өзгермейді



ажырамайды

ажырамайды



Химиялық қасиеттерімен таныстыру.

Сабақты пысықтау мақсатында берілетін сұрақтар мен жаттығулар:

1. Негіздер қандай екі топқа бөлінеді? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

2. Мыс (ІІ) гидроксиді мен темір (ІІІ) гидроксидін алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар.

3. Еритін негіздер мен ерімейтін негіздер сумен қалай әрекеттеседі?

4. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда не байқалады?

5. Төмендегі қышқылдар мен негіздердің өзара әрекеттесу реакция тендеулерін жазып оған қатысатын барлық заттардың аттарың атандар?

а) NaOH және H2SO4; ә) Си (ОН)2 және НСІ;

б) Са(ОН)2 және H2SO4; в) Ғе (ОН)3; және НNO3.

Жаттығулар:1.Бейметалл оксидтеріне сәйкес қышқылдарды ескере отырып, бей металл оксидтері мен негіздердің өзара реакцияласу теңдеулерін құрастырыңдар.

а) SO2+ NaOH→ б) Р2О5+КОН→

ә) SO3+Са/ОН/2 → в) SO2+Ва/ОН/2



  1. Натрий гидроксиді төмендегі оксидтердің қайсысымен әрекеттесетінін анықтаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, түзілген түзілген тұздарды атаңдар: СаО, Р2О5, АІ2О3, SO2, СиО.

Үйге тапсырма беру: §42,(1-6),§43,(1-13).

8-9 сабақтардың тақырыбы: Бейтараптану реакциясы.Сілтілермен жұмыс істегендегі сақтық шаралары.



Сабақтың мақсаты. Бейтараптану реакциясы туралы түсінік беру, оның реакция теңдеуін құрастыру білігін қалыптастыру.

Құрал –жабдықтар. Кәрден табақша, тамызғыш, шыны таяқша, пробиркалар, стақан, спиртшам, шыны пластинка, бюретка.

Тірек білім мен біліктер. Химиялық және физикалық құбылыстарының байланысы, қышқылдар мен негіздердің құрамы және қасиеттері, химиялық реакциялардың жүру белгілері, алмасу реакциялары, әр түрлі ерітінділердегі индикатордың түсі.

Оқушылардың өткен сабақта алған біліміне сүйене отырып мына сұрақтар талданады. 1.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін салыстырыңдар. 2. Алмасу реакциялары дегеніміз не? 3.Алмасу реакцияларына қатысын заттардың қасиеттері қандай? 4.Ерітіндінің сілті не қышқыл екені қалай анықталады? 5. Реакциялардың жүру белгілерін атаңдар.

Қышқылдар мен негіздердің құрамын, қасиеттерінің қарама –қарсы белгілерін тандағаннан кейін бейтараптану реакциясымен таныстыруға кіріскен жөн. Көрнекі көрсету, ерітіндіге лакмус тамызу арқылы сілті екендігі анықталғаннан кейін, оған бюреткадан қышқыл ерітінісі аз –аздан құйылады. Лакмус көк түстен күлгін түске ауысқан кезде құю тоқтатылады.

Оқушыларға пробирканың сыртынан саусаққа жылу білетіндігі, яғни реакция жүретіндігі көрсатіледі. Алынған сілті ерітіндісіне қышқыл тамызғаннан кейін лакмус түсінің қайта күлгін түске ауысуынын мәні түсіріледі, яғни ерітіндіде не қышқыл, не сілті болмау реакцияс жүретіндігінің белгісі. Сонымен қатар бұл жағдайда химиялық реакция қасиеті жағынан қарама –қарсы күрделі заттардан арасында жүргені қорытыналады. Мұнан соң бейтараптану реакциясының жалпы белгісіне жылу бөліну ғана емес, сонымен қатар су бөліну де жататындығы айтылады, оның мәні негіз құрамындағы гидросотоп қышқылының сутегі сутегі атомына қосылып, су түзілетіндігі. Ал жеке белгісіне тұз түзілу жататындығы айтылып, ерітіндіні суалту арқылы натрий хлориді алынады. Реакция теңдеуі жазылғаннан кейін, бұл реакцияның алмасу реакциясымен қандай ұқсастығы бар екеніндігі талданады.

Бейтараптану реакциясына қасиеттері қарама –қарсы заттар қатынасатындықтан, оның көмегімен белгісіз затты анықтауға болатындығы ескеріліп, осыған орай оның қолдануына мысалдар келтірген жөн.

Сонымен қатар ерімейтін негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі нәтижесінде тұз және су түзіліп, бейтараптану реакциясы жүретіндігі демонстрацияланады. Осы реакцияның нәтижесінде түзілген заттарға қарап және алдыңғы аталған белгілер ортақ болғандықтан да сілтілер мен ерімейтін негіздердің бір класқа жататындығы туралы қорытынды жасалады.

Оқушылардың бейтараптану реакциясы туралы білімінің пысықтау мақсатында 10 зертханалық тәжірибелерді жасау ұйымдастырылады. Тәжірибелер жасалып болған соң реакция теңдеулері дұрыс құрастыра білуге жаттықтыру қажет.

Үйге тапсырма беру: §39-43 қайталау. Бақылауға дайындалу.

5-тақырып.

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

5-тарау. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды клаcтары.



Сабақ тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталулары мен алу жолдары.

Оқыту мақсаты: Оксидтер жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, аталуын, кейбір оксидтердің алу жолдарын қорытындылау.

Көрнекілігі: кесте, тірек-сызба.

Көрсетілім: Оксидтердің үлгілерімен танысу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсіру. Оқушылар бейорганикалық заттардың жіктелу кестесін бұрын алған біліміне сүйене отырып жасайды.

Бейорганикалық заттар



Жай зат Күрделі зат
Металл Бейметалл Оксид Қышқыл Негіз Тұз
Негіздік Екідайлы Қышқылдық
Негіздік, екідайлы, қышқылдық болып бөлінеді, оларға мысалдар келтіру. Оқулықпен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыптағы мазмұнды білу. Оксидтердің алынуы тірек-сызба арқылы түсіндіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет