І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет8/36
Дата04.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#189707
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
  1. Жаһанданудың ұлттық тәрбиеге ықпал ететін фактор екендігін ашып көрсетіңіз.


  2. М.Дулатидің «Жаһаннама» еңбегін оқып, топаралық талқылаңыздар.


  3. Студенттік ортадағы тұлғаға ұлттық тәрбие беру факторларын айқындаңыз.


  4. Ұлттық сананың жоғары деңгейі – ұлттық тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі. Топтық талдау.






Әдебиеттер
1.Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: 2012. 10 томдық /құраст. С.Қалиев, К.Аюбай және т.б.
2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми зерттеу еңбек. – Алматы: Өнер, 1987. – 128
3. Манько Ю.В., Оганян К.М. Социология молодежи. (Учебное пособие). – СПб.: ИД «Петрополис», 2008. – 316 с.

4. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - 7-е изд. - М.: "Добросвет", 2003.


5. Г.Нұрышева. Адам өмірінің философиялық мәні.- Алматы, 2001. -240б.
6. Қазақ энциклопедиясы. Алматы. 1998ж.
1.6 Тұлғаның ұлттық санасының жалпы сипаттамасы
Жетілген адам барлығын басқадан емес, өзінен іздейді.

Конфуций
Кез келген қоғамның дамуының мақсаты мен нәтижесі адам және оның рухани, интеллектуалды мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуы, жетілдірілуі болып табылады.
Студент жастарды ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын сақтауға және дамытуға жауапты, жоғары ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін меңгерген қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиелеу оларда ұлттық сананы қалыптастыруды талап етеді.
Ұлттық сананы қалыптастыру мәселесі пәнаралық сипатқа ие, философия, психология, әлеуметтану, педагогика және кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады
Сана – әрбір адамға тән дара қасиет, ол адамның өзін ойлай алатын, сезе білетін, әрекет ететін субъект ретінде түсіне бастауы. Сана – адамның дамуының және психикасының көрінуінің ең жоғарғы формасы. Ол адам әрекетінің ойша құрылуын, мінез-құлқын бақылауы және басқаруын жүзеге асырады, өзіне есеп беру қабілетін анықтайды.
Адам санасының дамуы қоғамдық тарихи үрдіс. Қоғамдық тарихи даму үрдісінде адамның әлеуметтік құбылыстарға көзқарасы өзгеріп отырады. Сана біртіндеп адамның өмір сүруі барысында әлеуметтік ықпалдардың әсерінен пайда болады. Оған міндетті түрде төрт компонент енеді: өзінің басқа әлемнен айырмашылығын түсіну; «Мен» іс-әрекетінің субъектісі екенін білу; өзінің психикалық қасиеттерін, көңіл-күйін түсіну; қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында жинақталған тәжірибе негізінде өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі сыйлауы, өзін-өзі реттеуі. Адам санасының үш пластасы бөліп көрсетіледі: өзіне қарым-қатынасы, басқаға қарым-қатынасы, басқаның өзіне қарым-қатынасы.
Жалпы сана туралы айтқанда адам факторына, яғни адам дүниетанымы мәселесiне тоқталмау мүмкiн емес. Шын мәнiнде әлемде қанша адам болса, сонша көзқарастар мен дүниетанымдар бар. Сол сияқты әр халықтың өзiне тән дүниетанымы болатыны заңды. Егер, белгiлi бiр ұлтты бiр-бiрiмен тығыз генотиптiк және басқа да байланыстармен шырмалған жеке адамдар қауымдастығы десек, онда сана күрделi әлеуметтiк құбылыс.
Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдермен тығыз байланысты. Жеке тұлға санасының қалыптасуына, оның мазмұнына қоғамдық сана үнемі ықпал етіп отырады. Адам зердесi өзiнiң зор мүмкiндiгiмен, шығармашылық қабiлетiмен танылды. Зерденi ғылыми негiзде түсiну табиғаттың сырын ашуға, әсiресе, жаратылыстану негiздерiн дамытуға, таным теориясын адам өмiрiнiң кейбiр салаларымен байланыстыра зерттеуге жол ашты. Сондықтан әлем кеңiстiгiнде адам дүниетанымы, бiлiмi мен ой-санасы жоғары.
Ұлттық сана – бұл қоғамдық өмірдің бейнесін көрсететін қоғамдық сананың бір формасы. Сонымен бірге зерттеушілер өзін белгілі бір психологиялық түзілім ретінде оны тұтастықтың (этностың) құрамды бөлігі және салыстырмалы автономды өз бетімен пайда болған түзілім ретінде де қарастырады (Бердяев Н.А., Вернадский Г.В. Дробижева Л.М., Ильин И.А., Кузьмин М., т.б.).
«Сана» ұғымымен кең мағынада өзіндік сана туралы түсінік байланысты. Егре адам сана арқылы қоршаған әлемді қабылдаса және онда белгілі бір үлгіде бағдарланса, онда өзіндік сана негізінен өзін-өз тануға бағытталады.
Яғни өзіндік сананы адамның оның жеке ерекшеліктерінде өзін іс-әрекет субъектісі ретінде саналы түсінуі және бағалауы, көптеген қоғамдық байланыстар жүйесінде өзінің мәнін және орнын жете ұғынуы.
Өзіндік сананың құрылымы біртекті емес. Индивидтің өзіне тұрақты ұстанымы ретінде үш өзарабайланысты компоненттерінен тұрады:
- когнитивті, индивидтің өзін-өзі тануын бейнелейді;
- эмоционалды, өзіне қатынасын көрсетеді (өзін-өзі анықтауы);
- мінез-құлықтық, индивидтің өзін-өзі реттеуі.
Сондықтан адам санасы мен өзіндік санасының көмегімен әртүрлі іс-әрекет түріне, қатынасқа белсенді қатысуы арқылы тұлға болып қалыптасады.
Әлеуметтік ғылымдар саласында «ұлттық өзіндік сана», «этникалық сана», «таптық сана» сол топтың мүшелерінің әлеуметтік әлемде мақсаты мен ерекшеліктерін, саналылығын белгілейді. Эникалық, ұлттық сана ұғымы «этнос», «ұлт» категорияларының анықтамасына байланысты. «Ұлттық сана» ұғымы ғылыми энтографиялық, философиялық еңбектерде 60-шы жылдары енгізілді, 80-ші жылдардың ортасында ұлттық сана мәселесін қарастырған Ю.В.Бромлей, Л.М.Дробижева, И.В.Дьяконов, П.Т.Евдокимов және басқа зерттеушілер еңбектері пайда болды.
Ұлттық сана – қоғамның этникалық өмірі көрінетін қоғамдық сананың бір формасы; этникалық үрдістердің өзіндік ерекшеліктерін, этникалық табиғатына теориялық және күнделікті көзқарастарының жиынтығы. Ұлттық сана – ерекше әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық феномен, әлеуметтік кеңістіктегі көптеген басқа этностармен салыстырғанда адамның өзін-өзі анықтауының күрделі үрдісінің нәтижесі.
Тұлға санасы өте күрделі. Адам санасының басты белгілері- айналасындағы дүние туралы жүйелі ұғым-түсініктерінің қалыптасуы; алдына мақсат қоя білyi, осы жолда жіберген қателіктері мен кемшіліктерін өздігінен түзете алуы; басқалармен қарым-қатынасқа түсе алуының мәнісін, маңыздылығын сезіне білуі; өзінің «Менін» басқа «Мендерден» ажырата алу немесе алмау дәрежесі; өзінің тәжірибесін, білім, білік, дағдыларын өзінен басқаларға бере білу қабілеті және т.б.
Сана - адамның рухани дүниесі. Мазмұны жағынан адамның әлем және өзі туралы білімдер жиынтығын қамтиды. Адамның өз бетімен жинаған және осы жолда өзінің белсенділігін көрсеткен санасын өзіндік сана деп атайды.
Бұл феноменнің үш аспектісін бөліп көрсетуге болады: сана мен өзіндік сананың өзара байланыстылығы; өзіндік сананың тетіктері; өзіндік сананың атқаратын қызметтері. Тұлғаның санасы және оның өзіне, қоғамға, әлемге қатынасы белгілі бір жағдайда туындайды. Көбінесе, ұлттық-саяси жағдай тұлғаның, ұлттың, халықтың, ұлттық және этникалық топтың, мемлекеттің өмірінде маңызды рөл атқарады. Ары қарай субъектінің тіршілігін басқару құндылық қасиет-сапалар мен бағдарды анықтауға тәуелді болады. Сананың даму дәрежесі әр түрлі, тұлғаның өзіне және қауымға ұқсастығына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан нақты өскен ортасына, тікелей қоршауына байланысты қалыптасқан қоғамдық, ұлттық (этностық) сана болады.
«Ұлттық сана» ұғымын қарастырсақ, ол этникалық топ жөніндегі жалпы түсінікті көрсетеді. Ұлттық өзіндік сана жеке дара ұғым, алдымен ұлттық қауымның жеке мүшесінің жалпыұлттық санасының компонентін меңгеру дәрежесі, яғни ұлттық сананың өзегі болып табылады. Ол адамды рухани және әлеуметтік-саяси өмірде өзін-өзі анықтау үшін қажетті ұтымды-құнды түсініктер мен бағалау қатынастарының өзегі ретінде қатысады.
«Ұлттық өзіндік сана» - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін, сондай-ақ, олардың жалпы қоғамдағы осы әлеуметтік-этникалық топтың мүдделері мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі.
Демек, ұлттық өзіндік сана этностық сананың жоғары, күрделенген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан үлесін сезіп тұтынушы, әрі өзге халықтармен тең, еркін тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғынуға болады.
Ұлттық сананың генезисі күрделі әрі біртегіс емес ұзақ тарихи үдеріс. Оның алғашқы пайда болуы күнделікті тұрмыстық деңгейде өтті. Адамның сол этникалық топтың мүшесі ретінде өзін саналы түсінуі басқа топ өкілдерімен қарама-қарсы салыстырудан тұрады (Біз – Олар). Бұл салыстырудың негізін «Бізге» қарағанда «Оларға» тән айқын бейнеленген белгілер құрайды: этникалық топтың дене бітімі (сыртқы бет-әлпеті, т.б.), тілі, салт-дәстүрі, діни сенім, материалдық құндылықтарды өндіру тәсілі және т.б.
Осындай бір не бірнеше көзге көрінетін белгілер оны негативті бағалайды. «Біз» және «Олар» әрекеттері табиғи психологиялық тетіктердің ықпалынан көрінеді, нәтижесінде адам өзінің ұлттық-этникалығын (руын, тайпасын, т.б.), сосын әлеуметтік тиістілігін түсінеді. Оның көмегімен ол өзінің тобына ұқсайды, құндылығын бөліп, өзін басқаға теңестіре отырып, өзінің тобына тән оң белгілерімен «эталон» бола алады. Бұл өзінің этникалық айырмашылығын бекіту тәсілдерін түсінуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық өзіндік сананың дамуы, оның көтерілуі және төмендеуі ұлттық мінез, ұлттық мәдениет деңгейі, қауымның саяси-психикалық тарихы сияқты ерекшеліктерге байланысты. Егер, қауым аз болса, ұлттық сана мәселесі өзекті болады. Көп ұлттың өкілдері ұлттық сананы бекітуді қажет етпейді, оған қатысты мәселелер мемлекеттік-саяси негізде шешіледі. Сондықтан оларға сана табиғи болып табылады, қамқорлық ұлттық деңгейдің үстіне шығады.
Тұлғаның өзінің белгілі бір азаматтық қауымға тиістілігін түсінуге негізделген ұлттық санасы күрделі құрылымға ие. Ол біріншіден, мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінбей мәнді емес және өзінің азаматтық құқығы мен міндетін түсінуді белгілейді; екіншіден, тұлғаның ұлттық санасының маңызды факторы тіл болып табылады. В.И.Даль адам қай тілде ойласа, сол ұлтқа жатады деп айтқан.
Ұлттық сананы қалыптастыру мен дамыту ұлттық психологияға тікелей қатысты. Қазіргі кезеңде ұлттық сананы қалыптастырудың жетекші факторларына оның негізін құрайтын компоненттері мен атқаратын қызметтері жатады: тіл, этникалық тегі, құндылықтар жүйесі, әлеуметтік-экономикалық тәртіп, өмір сүру тәсілі, саяси құрылым, азаматтық , т.б.
Студент жастардың ұлттық санасын тәрбиелеуді қамтамасыз ететін негізгі тетіктер - мәдениетаралық диалог барысында ұлттық мәдениет құндылықтарына, ұлттық салт-дәстүрге қатыстыру, «Біз - Олар» қарама-қарсы салыстыру, ұлттық (этникалық) және мәдени өзін-өзі ұқсастыру. Осыдан ұлттық сананың қалыптасуын және оның дамуын екі тұрғыдан қарауға болады: сезімдік-түйсіктік; саналы - теориялық.
Сезімдік-түйсіктік тұрғысынан ұлттық сана өз елін, халқын, ұлтын сыйлауынан, оған деген алғашқы ыстық сезімінен туса, саналық-теориялық тұрғысынан өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүние жүзілік деңгейде теориялық ұлттық бағыт-бағдар беру қажеттілігінен қалыптасады.
Тарихқа назар аударсақ, ұлттық зиялы қауымның ұлттық сананың негізін қалағаны және оны қорғап, қолдап, сақтағаны белгілі. Соның ішінде, белгілі педагог, ұлы ақын А.Құнанбаев қазақтың ұлттық санасының қалыптасуы мен дамуын өз заманындағы оның ерекшеліктеріне, қайшылықтарына, белгілеріне тікелей байланыстырып пайымдайды.
Абай кезеңіндегі ұлттық сананың қайшылықтары мен ерекшеліктері XVIII ғ. ортасында үш жүздің басы қосылып, мемлекет болып құрылуымен қатар, осыған қарсы құбылыс Ресей империясының қазақ халқын отарлау, боданға айналдыру үдерісінен басталды.
Сондықтан Абай өмір сүрген кезеңде ұлттық санада қайшылықтар шиеленісе түсті. Оның ең негізгілері - рулық сана мен ұлт бірлігіне ұмтылу, жалқаулық пен еңбекқорлық, арызқойлық пен шын мәнінде әділеттілікке ұмтылу арасындағы қайшылықтар және т.б. Абай заманында қазақ қоғамының дамуына, өсіп-өнуіне, прогреске ұмтылуына зиянды әсерін тигізген құбылыстар - рушылдық сана, алауыздық, береке бірліктің жоқтығы, руға, тайпаға, жүзге бөлінушілік болды.
Әлемдік сананың деңгейіне көтерілгенмен, қалың бұқара халық рулық сананың шеңберінен шыға алмады. Бұның екі түрлі себебі бар: біріншіден, молшылықта өмір кешкен көшпелі тіршілік; екіншіден, ру болып малымен бірге көшіп жүрген үлкенді-кішілі рудың, тіпті тайпаның өз көктеуі, жайлауы, күзеуі, қыстауы болды. Осыдан жеке адамдар, әсіресе, ру басшылары елдік, бүкілхалықтық мақсат - мүдделерден гөрі рулық, тайпалық мақсаттар мен мүдделерді алға тартты, жер үшін, жесір үшін өзара жауласу, барымталасу күшейе түсті. Міне, сондықтан да Абай рушылдық сананы «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл», - деп, өзінің өткір тілімен сынады. Ол халық санасын өзгертуді өз аулынан, өзінің туып өскен ортасы, тайпасы, руы - Тобықтыны сынаудан бастайды. Гуманист ақын халықтың мейірбандық, қайырымдылық ниетін, іс-әрекетін де жоғары бағалайды.
Сондықтан Абай «Бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, текке мал шашпақтық) қашық бол, Бес нәрсеге (талап, еңбек, ойшылдық, қанағат, рахым) асық бол, Адам болам десеңіз» деп өз елін, келешек ұрпағын жалпы гуманистік рухқа, бірлікке шақырып, «Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос» деп жырлайды.
Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әрбір адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық.
Тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлы: «Ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады» - дейді.
Демек ұлттық салт-сана екі негізде қалыптасады, атап айтқанда, біріншіден, игі әдеттер көп қолданыстан өмір қолданысына, яғни әдет-ғұрыпқа айналады да, ол ұлттық әдеп болып (этика, этника), халықтың рухани өміріндегі мәдени негіз болып табылады. Екіншіден, халық қалыптастырған әдеп ұлттық қолданысқа айналады да ол дәстүр болып қалыптасады. Мұның барлығы ұлттық сана-сезімді ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға бағытталған іс-әрекеттер. Осы арқылы жас ұрпақтың бойында туған ұлтына деген сүйіспеншілік орнығады.
Бұл жөнінде философ А.Айталы: «...Ұлтжандылық – халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты» - деп есептейді.
Демек, Отанын, елін-жерін, тілін қадірлейтін, рухани дүниесі бай, ұлттық санасы-сезімі жоғары дамыған ұлттық құндылықтарға бағдарланған студент тұлғасын қалыптастыруда тарихымыздан бастау алатын ұлттық идея қажет.
Ұлттық сананың негізгі компоненті - ұлттық сезім. Ұлттық сезім үш элементті қамтиды: біріншісі - ұлттық қадір-қасиет. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, құрметтеу өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның үнемі өз қадір-қасиетінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.
Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тиістілігін (белгілі бір ұлтқа жатуы, соған тән екендігі) сезінуі болып табылады. Ол әр адамның өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне де әсер етеді. Бұл дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.
Үшіншісі – ұлттық мақтаныш сезімі, ол да әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардың бірі. Адам елінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады.
Сонымен ұлттық қадір-қасиет, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тиістілікті сезіну бәрі қосылып, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне ықпал ететін психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Көне грек философиясында адамның белгілі бір ұлтқа тиістілігін сезінуі бес түрлі шартқа сай болуы тиіс делінеді: 1-ші ұлтының тілін жақсы білуі қажет; 2-ші ұлтының дінін меңгергені жөн; 3-ші ұлтының дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс; 4-ші ұлтының тарихын түгендей алуы абзал; 5-ші ұлты мекендеген жердің тарихын жақсы білуі парыз. Осы сипаттар түгел бойынан табылған адам ғана сол ұлттың толық өкілімін, ұрпағымын деуге құқылы.
Ұлттық сананың келесі компоненті - мәдениет, ол - адамның өмір сүру мақсаты мен құндылықтар жүйесі. Әр халықтың өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады, онда қоғамның рухани іс-әрекетінің нәтижесі жинақталады. Этнос өзінің мәдениетін жасайды, қоршаған ортамен арасында рухани үйлесімділікті меңгеру қажеттілігі туралы тәжірибе жинақтайды.
Мәдениеттің негізгі факторлары болып саналатын тіл, өнер, тарих, әдет-ғұрыптар қатары дінмен толығып, ұлттың біртұтас бет-бейнесін сомдайды.
Қазақтың көшпелі қауымы көпғасырлық тарихында матриархаттан патриархат-рулыққа, феодализмге өтті. Олардың негізгі ерекшелігі өмір сүруін ұйымдастыру тәсілінде өзгерістерді басынан өткізді. Мысалы, басқа халықтар сияқты қазақ халқының да мәдени шығармашылық жағынан өзін-өзі ұқсастыруы, сәйкестендіруі өнер арқылы жүзеге асырылды. Қазақтың дәстүрлі өнері (ән-поэтикалық, көбінесе айтыс пен эпостық жырлар, көркем-қолданбалы, декоративті) дамудың жеткілікті жоғары сатысында болды.
Халық ауыз шығармалары эстетикадан бөлінбеген, табиғат пен қоғамның өндірісі, оның практикалық пайдалылығы әлемді түсінуі, дүниетанымы жинақтаудың (синтез) нәтижесі болып табылады. Заманауи көпұлтты қоғам үшін ғаламдану мәдениет пен тәрбиеге тікелей әсер етіп, әр түрлі өркениеттік үлгіде бәсекелестік жағдайында өтіп жатыр. Мұның тәрбиедегі ұлттық құндылықтардың жойылып кетуіне қауіп төндіріп отырғаны белгілі.
Ұлттық сананың маңызды компонентінің бірі - ұлттық мүдде, ол сол ұлттың рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің нығаюы, жерінің тұтастығы, ана тілінің дамуы, ата-баба дінінің сақталуы, салт-дәстүрлердің өркендеуі. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттың жағдайымен айқындалатын объективті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделердің мәні, оларды іске асыру ретінде сипатталады.
Сонымен ұлттық сана - халықтың өзінің әлеуметтік-этникалық мәнін жете ұғынуы, жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесі, адамзаттың даму тарихындағы ролі, өзінің табиғи тарихи құқығын, тәуелсіз өмір сүруін түсінуі.
Ұлттық сана этникалық әлеуметтенудің өнімі және индивидтің өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын меңгеру нәтижесі. Этникалық әлеуметтену нәтижесінің бірі студенттің тұлғалық сапасы ретінде азаматтық және этникалық бірдейлігін (идентичности) қалыптастыру болып табылады. Ұлттық санасын тәрбиелеу тұлғаны өзінің туған мәдениетіне, оның құндылықтарына қатыстыру.
Сондықтан ұлттық сана тұлғаның интегративті қасиеті, белгілі бір ұлттық қауымға тиістілігін түсінетін, тілі, мәдениеті, жалпы қасиеттері, тарихы, діні, территориясы, мемлекеті туралы түсінігі, сонымен бірге басқа мәдениет өкілдерін оң бағалауы.
Тұлғаның ұлттық санасы ұлтты сақтаудың маңызды құралы, демократиялық қоғам құруда оның шығармашылық мүмкіндігін ашады. Адамда ұлттық сана жүйесінің болуы оның тұлға ретінде белгілі бір әлеуметтік-психологиялық жетілуінің өлшемі болып табылады.
Әлеуметтік ғылымдар саласында «ұлттық өзіндік сана», «этникалық сана», «таптық сана» сол топтың мүшелерінің әлеуметтік әлемде мақсаты мен ерекшеліктерін, саналылығын белгілейді. Эникалық, ұлттық сана ұғымы «этнос», «ұлт» категорияларының анықтамасына байланысты. «Ұлттық сана» ұғымы ғылыми энтографиялық, философиялық еңбектерде 60-шы жылдары енгізілді, 80-ші жылдардың ортасында ұлттық сана мәселесін қарастырған Ю.В.Бромлей, Л.М.Дробижева, И.В.Дьяконов, П.Т.Евдокимов және басқа зерттеушілер еңбектері пайда болды.
Ұлттық сана – қоғамның этникалық өмірі көрінетін қоғамдық сананың бір формасы; этникалық үрдістердің өзіндік ерекшеліктерін, этникалық табиғатына теориялық және күнделікті көзқарастарының жиынтығы. Ұлттық сана – ерекше әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық феномен, әлеуметтік кеңістіктегі көптеген басқа этностармен салыстырғанда адамның өзін-өзі анықтауының күрделі үрдісінің нәтижесі.
Егер ұлттық сана индивидтің деңгейіндегі секілді ұлттық деңгейде болса, онда ұлттық сана тек ұлттық деңгейде болады. Сондықтан тұлға және ұлттық қауымдастық ұлттық өзіндік сананың субъектілері болса, ал ұлттықсананың субъектісі тек ұлт болады (Гнатенко). Яғни ұлттық сана ұлттық-этникалық топ жинақталған түсініктерді көрсетеді.
Ұлттық сана – бұл, халықтың өзінің әлеуметтік-этникалық мәнін, өзін тарихи үрдістің субъектісі ретінде жете ұғынуы. Ұлттық өзіндік сана жекеленген ұғым, алдымен ұлттық қауымдастықтың жеке мүшесінің жалпыұлттық сананың сол немесе басқа компоненттерін меңгеру дәрежесі болып табылады (Д.В. Ольшанский.). Яғни ұлттық өзіндік сана ұлттық сананың өзегі болып табылады. Сондықтан ұлттық өзіндік сана ұлттың, халықтың және жеке адамның дүниетанымының бөлігі ретінде қатысады (М.С. Каган).
Тұлғаның ұлттық өзіндік санасы өзіндік сананың ұлттық құруашысы болып саналады. Ол субъектінің өзінің ұлттық тиістілігі туралы түсінігі; өзінің этникалылығын жағымды қабылдау; ұлттың өткен тарихына, оның бүгіні мен болашағына қатынасы; ана тілін меңгерудегі белсенділік; халық мәдениетті зерттеу; ұлттық қызығушылықтар мен құндылық бағдарды жете ұғыну және қабылдау; басқа этникалық қауымға қатынасын; оның территориялық тұтастығын, оның байлығын дамытуды, байытуды қалыптастыру
Тұлға қатысты ұлттық өзіндік сана – бұл оның интегративті сипаты, өзіне белгілі бір ұлттық қауымдастыққа тиістілігін, басқа ұлттың мәдениет өкілдерін жағымды бағалаумен қатар индивидтің тіл, мәдениет, өзінің қауымдастығының кейбір белгілері, өткен тарихы, діні, территориясы, мемлекеттігі туарлы түсініктерді енгізеді (Левитская, Д.В.Ефимова).
Тұлғаның ұлттық өзіндік санасы мәселесі табысты зерттелуіне қарамастан, бүгінде шешілмеген сұрақтар терең талдау жасауды, жете ұғынуды қажет етеді.
Ұлттық өзіндік сананың құрылымы жөніндегі мәселе іргелі, жүйетүзуші факторлар болып табылады. Ұлттық өзіндік сана сол этникалық қауымдастыққа тиістілігін түсіну және жете ұғыну ғана емес, ол оны қабылдау, эмоционалды бағалау, ойлау; өзін этностың өкілі ретінде жете ұғынуы, когнитивті – эмоционалды үрдістің нәтижесі, өзін олармен теңестіруінің және басқа этностан ерекшелеуінің белгілі бір дәрежесі.
Қазақстан Республикасының азаматы, студенттің ұлттық өзіндік санасының элементтеріне мыналар жатады:
  • тұлғаның өзін белгілі бір этникалық, азаматтық қауымдастыққа тиістігін жете ұғынуы, өзінің азаматтық құқытары мен міндеттерін түсінуі және жүзеге асыруы;


- халықтың өткен тарихының; территориясының («туған жер»), мемлекеттің ортақтығы туралы түсініктері;


- өзінің ұлтына қатынасы (тарихына, тіліне, дініне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне) қатынасы, оған жоғары мәртебе беру, өзінің халқын құрметтеу және мақтаныш сезімі; т.б.
Тұлғаның, соның ішінде студенттің өзіндік санасыұлтты сақтаудың маңызды құралы, еркін демократиялық қоғам құруда оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Ол табысты этникалық әлеуметтенудің өнімі және болашақ маманның өз халқының мәдениетін, дәстүрін және әдеп-ғұрпын меңгерудің, яғни ұлттық тәрбиесінің нәтижесі
Студент жастарды ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарына дамытуға және сақтауға жауапты, жоғары ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты меңгерген, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшесі ретінде тәрбиелеу олардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастыруды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет