І-тарау. КІРІСПЕ........................................................................................................3-4
1.1.Сөйлеу техникасы...................................................................................5-6
1.2. Мәнерлеп оқу материалдары бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар........................................................................................................7- 11
ІІ-тарау.Әдеби сөйлеудің ең басты ережелері
1.1.Оқудағы дауыстың маңызы
1.2. Дикция.....................................................................................................12-13
2.3. Аудитория алдында әдеби шығарманы оқу...........................................14
2.2. Мәнерлеп оқу методикасын меңгеру үшін мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жұмыс нәтижелері......................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................15
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы білім бөлімінің «Айнабұлақ орта мектебі» КММ
Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың мәнерлеп оқуын жетілдіру.
Орындаған: Кананова Жадыра Қабдолдақызы
2023-2024 жыл
КІРІСПЕ
Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор. Әдебиетті оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек. Сондықтан да мен шығармашылық жұмысымды «Оқушылардың мәнерлеп оқуын жетілдіру» тақырыбында алып отырмын. Зерттеудің мақсаты:Шығарманы мәнерлеп оқыту арқылы оқушыны танысып отырған әр кейіпкермен бірге әрекеттер жасап, олармен бірге толғанып, тебірене білуге ұмтылдыру.Нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу арқылы оқушының жан – дүниесін байытып, асқақ армандарға жетелеу, әр тыңдаушының жүрегіне, сезіміне әсер ете білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |