ChangeColor әдісі NewColor As Integer атты жалғыз аргументке ие, бұл аргумент салынып жатқан шеңберге қандай түс беру болатындылығын анықтайды.
Классты сақтау. Керек компоненттердің бәрін енгізіп болғаннан кейін, проектіге енгізілген өзгертулерді сақтау үшін File\UpdateProject (проектті жаңарту) командасын орындау қажет. Егер мұны орындамаса, онда жабу барысында Class Builder ескерту терезесі ашылады. Бұл терезеде өзгертілген немесе жаңадан құрылған классты сақтау ұсынылады. Жоғарыдағының бәрін орындау барысында сізде жаңа Round класы қосылады. Бұл класстың кеңейтілуі CLS, бұл файлдың орналасу орны Round.cls файлының ішінде болады.