І тарау. Сөздің морфологиялық құрылымы



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6901
1   2   3

2.3. Туынды түбірдің құрылымы

Туынды түбірлерге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық түбір арқылы жасалған сөздер жатады. Туынды түбір екі морфемадан тұрады. Олар негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Олар тілдің сөз байлығын арттыратын кең арна. Негізгі түбірлерге жаңадан лексикалық мағына беретін сөз тудырушы жұрнақтар қосылып туынды түбір тұлғалар жасалады.

Туынды түбірлердің құрылымы жалпы сөздің құрылымынан сэл өзгешелеу болып келеді. Мұнда жаңадан сөз тудырушы жұрнақтар кейде сөздің қосымша морфемасының тобына негізгі морфемалар қатарына ауысады. Мысалы, агынды деген туынды түбірді морфемалық тұлғасына қарай бөлшектеп керейік, ағ-ын-ды. Бұл, сөздің негізгі түбірі -ақ. Ал, -ын етістіктен зат есімтудырушы жұрнақ болады. Бірақ бұл туынды түбір сөздің негізгі морфемасы ағын, ал -ды қосымша морфема болады. Бұл сөзде -ын қосымша морфемасы негізгі морфеманың қатарына ауысып отыр. Яғни ағын - негізгі морфема (негіз сөз) -ды сөзжасамдық жұрнақ. Сөйтіп негізгі морфема мен қосымша морфемалардың ара жігі әуелгідей емес, жаңаша із табады.

"Туынды негіз" деген терминді алғаш рет профессор Қ.Жұбанов өзінің "Қазақ тілі грамматикасы" атты еңбегінде қолданған. Ал кейінгі еңбектерде "туынды түбір" боп айтылып келеді. Атап айтқанда Ысқақовтың зерттеулерінде солайша алынып жүр. Ол сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады деген анықтама беріп, оларды түбір морфема мен қосымша морфема деп екі салаға бөлген.

Ал, біз Қ.Жұбановтың ізімен туынды негіз деп атауды жөн көрдік. (Жұбанов, 1966, 152-6.). Туынды негіздер түр-тұрпатына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң туынды негіздерге әр түрлі жаңадан сөз тудырушы сөзжасам аффикстерін қосып айту арқылы жасалған туынды сөздер жатады да, күрделі туынды негіздер қатарына біріккен сөздер мен қос сөздер, құранды сөздер жатады. Туынды негіздер бір жұрнақтардан бастап бес-алты жұрнақты болып кете береді. А.Ысқақовтың "түбір морфемалар" мен "қосымша морфемалар" деген атауын біз басқаша атауды жөн көрдік. Бірінші "түбір морфема" дегенді "негіз морфема", екінші "қосымша морфема" дегенді "қосылма морфема' деп атау жөн сияқты. Себебі "түбір морфема" деген термин түбір негіздер мен туынды негіздерді түгел қамти алмайды, ал "негіз морфема" десе, онда түгел қамтылады. Ал, "қосылма морфема" десек, қосымшаны да, қосалқыны да білдіреді. Сол себепті "қосылма морфеманы" екіге бөліп қарастырамыз.(Ибатов, 1983,30). Туынды негіздер (туынды түбірлер) құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. Туынды негіздер негіз түбірлерге әр алуан сөз тудырушы аффикстер қосып айту арқылы жасалатын болғандықтан, сол аффикстердің түбірге бір рет немесе үстемелеп бірнеше рет қосылып айтылуына байланысты бір жұрнақтыдан бес-алты жүрақтыға дейін бола береді.

XIV ғасыр жазба ескерткіштер тілінде бір ғана жұрнақ арқылы жасалған бір жұрнақты туынды негіздер саны екі, үш, төрт жұрнақты туынды негіздер санына - қарағанда өте көп. Өйткені бір жұрнақты туынды негіздер басқа көп жұрнакты туынды негіздердің алғашқы негізі болып келеді.

Негізгі қарастыратын жұмысымыз туынды түбір сын есімдердің морфологиялық құрылымы болғандықтан, туынды түбір сын есімдердің құрылымын қарастырайық.

1. Бір жұрнақты туынды негіз сын есімдер Туынды негіз сын есімдердің құрамы әр түрлі болып келеді. Мысалы: ГС + СГ ар-лы, әл-ді СГ + СГ би-лі, үй-лі СГС + Г дін-и СГС + С суы-қ

Көркем әдебиетте кездесетін туынды түбір сын есімдердің көпшілігі бір жү-рнақты болып келеді. Мысалы, Суық күнімен безеріп жатқан даласы қандай мейірімсіз болса, мұндағы өмір де сондай ұқсас, жат көрінді. (Ғ.Мүс). Асқар ызалы күлкімен тағы да мырс ете түсті. (С.М.). Сынық жүзді, күн қақты, жүдеу әйелдер шырқыраған баласына қарауға да мұршасы жоқ. (Ғ.Мүс.)

Бас дыбысты туынды негіз сын есімдер:

СГ + СГС су-сыз, ру-шыл СГС + ГС бұз-ық, бүк-ір СГСГ + С жүде-у, жара-у ГССГ + С ақса-қ СГСГ + С шира-қ

Алты дыбысты туынды негіз сын есімдер: СГС + СГС заң-шыл ГСГС + СГ ағаш-ты, алым-ды, ұғым-ды ГССГС + С әскер-и СГСГ + СГ кәде-лі, қару-лы

Көркем әдебиетте, Мысалы: Түсінікті де, ұғымды да сөз. (CM.). Үйден аулағырақ кәделі жерге барып отырғаннан кейін, Ержан Жанпейіске Асқардың мән-жайын жасырмай түгел айтты. - Ал қопардық;! - деп қарулы жігіттер сәкінің тақтайларының ірге жақ бұрыштарын мыжғылап жона бастады. (С.М.). Жеті дыбысты туынды негіз сын есімдер: ГССГ + СГС ақша-сыз, айла-кер СГССГ + СГ дағда-лы СГСГС + СГ дарын-ды, мүйіз-ді Сегіз дыбысты туынды негіз сын есімдер: ГСГСГС + СГ абырой-лы, әшекей-лі ГСГСГ + СГС айғақ-сыз, еңбек-шіл СГСГС + СГС қанат-сыз



Тоғыз дыбысты туынды негіз сын есімдер бір жұрнақты туынды негіздерге тағы да екінші рет сөз тудырушы жұрнақ қосылып айту арқылы жасалады. Екі жұрнақты туынды негіз сын есімдер тілімізде бір жұрнақтыға қарағанда сиректеу кездеседі. Сондай-ақ көпшілігі етістік негізді болып келеді.

Ал, есім негізді екі жұрнақты туынды негіз сын есімдер өте сирек. ГСГ + С /ГС+Г+С/ ас-а-у /ат/, ас-а-м /ет/

Есім негізді екі жұрнақты туынды сын есімдерге, мысалы, су-ат-ты, бау-ла-ғыш сияқты бірен-саран ғана сөздер табылады. Ал, етістік негізділерде туынды түбір сын есімдер көркем әдебиетте де өте көп. Мысалы, Шөптен төменірек ас-па-лы панар барлығы бақылады. (Ғ.Мүс). Серпінсіз ұрыс әлсіз болады. Шахтадағы жұмысшылардың басым көпшілігі білімсіз ауыл адамдары еді. (Ғ.Мүс). Осы мысалдар арқылы екі жұрнақты туынды негіз сын есімдердің көркем әдебиетте көптен кездесетініне көз жеткіздік.

Екі жұрнақты туынды негіз сын есімдердің құрылымы әр түрлі болып келеді. Олар көбінесе бес, алты, жеті дыбысты болып келеді. Мысалы, бес дыбысты туынды негіз сын есімдер:

СГС + СГ /С+ГС+СГ/ и-ін-ді

ГС + СГ + С ық-та-у

Алты дыбысты туынды негіз сын есімдер, мысалы:

ГС + СГ + ГС өз-ге-ше

ГС + ГС + СГ ағ-ын-ды

СГ + ГС + СГ су-ат-ты

Жеті дыбысты туынды негіз сын есімдер:

ГСГ + С + СГ ұна-м-ды

СГС + Г + СГ тіг-у-лі

СГСГ + С + СГ жара-м-ды

ГС + ГС + СГС ұғ/қ/-ым-сыз, өртіс-сіз

Көркем әдебиетте көп кездесетін етістік негізді туынды - түбір сын есімдерге, соның ішінде екі жұрнақты мына сөздер жатады: өріссіз, тұсаулы, өнімді, егісті, ұнамды, білімсіз, тігулі.

- Бұл заводтың ең сенімдісі кіресі өзгеден ерек жөнге қойылған өнімді кіре. (Ғ.Мүс).

Қацтан су ішіп шыққан тұсаулы түйеніц ізі сияқты.(¥.Мүс). Шығанақтың бүгінгі күні егісті алқапты аралаумен өтті. (Ғ.Мүс).

Сегіз дыбысты туынды негіз сын есімдер:

СГСГ + С + СГС жама-у-сыз, сұра-м-паз СГС + ГС + СГС біл-ім-сіз

Біз жоғарыда тіліміздегі туынды негіз сын есімдердің құрамына талдау жасадық. Талдаудың нәтижесінде туынды негіз сын есімдердің негізгі дені бір жұрнақты сөздерден тұратынына көз жеткіздік. Ал, екі жұрнақты туынды негіздер сиректеу. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегідей төрт, бес жұрнақты туынды негіз сын есімдер жоқтың қасы.

Ал, енді туынды негіз сын есімдердің көркем әдебиетте кездескен үлгілерінен қарастырып көрейік. Көркем әдебиеттегі туынды негіз сын есімдер көбінесе бір жұрнақты болып келеді. Оны мына мысалдардан көруге болады. Мысалы:

1. -лы, -лі қосымшасы арқылы жасалған туынды негіз сын есімдер. (есім негізді).



Кейде жылқыны кеудесінен тірей қалатын қарлы оянға, кейде сырғақ жонға шығып кеткенін аңғарды. (Ғ.Мүс). Сондықтан, Жұмабек қалталы баттен қалжың түрінде де қағыса алмады. (Ғ.Мүс). Қалалы жерде тамақты сатып жеу ұят емес. (CM.). Щербаков тәжірбиелі адам. Ол манағы мыс артып алған түйелі кіренін артында келе жатыр еді. (Ғ.Мүс).

Қазіргі түркі тілдеріндегі -лы, -лі аффикстері арқылы жаңа сөз тудыру, яғни туынды сын есімдер жасаудың ең өнімді тәсілі болып табылады. (Томанов, 1992, 120-6). Әсіресе есім негізді туынды сын есімдерге ең өнімді жұрнақ -лы, -лі екеніне оңай көз жеткізуге болады.

2. -ды, -ді, -ты, -ті мысалы, Байжан мен Жұманның аталары ғгайынды еді. Желді күнде, көл бетінде, толқын мен бір батып, бір шығып, жағаға қарай шірік томар қалқып келе жататын. Одан гөрі сауатты адамымыз жоқ екені рас. (Ғ.Мүс). Ауқатты адамнан бір жігіт іліксейші. (С.М.). Банк бастығы Дуплов алақандарын уқалап, үмітті байларға жылмаң қаға бастады.

3. -сыз, -сіз мысалы, Бірақ бүгін бір сәтсіз күн болу керек. (Ғ.Мүс).
Ғылымсыз адам өле-өлгенше бала екен. Арты әлдеқайда келе жатцан
жаяулар далада қыбыр-қыбыр етеді.
(Ғ.Мүс).

Рақымсыз, көзсіз соқыр қара күштің уысына түсе ме ? (С.М.).

4. -лық, -лік мысалы, Амантай тобы қолдан келген қаруын даярлап


шама-шарқына әскерлік өнерін үйретіп жүріп жатты. Сондықтан қала
маңайының топографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дәл
көрсетуге оның көмегі тиді. (С.М.).

Бұл қарастырып отырған жұрнақтарымыз есім негізді туынды сын есім жасайтын ең өнімді жұрнақтар. Көркем әдебиетте кездесетін туынды түбір сын есімдердің негізгі дені осы жұрнақтар арқылы жасалады. Есім негізді сын есімдер құрылымы бір жұрнақты үш дыбысты сөзден бастап тоғыз, он дыбысты болып келе береді.

Сөздердің құрамындағы дыбыстардың саны әр түрлі болып қалыптасқан. Ал сөз тудырушы жұрнақтар өнімді және өнімсіз болып екіге бөлінген. Өнімсіз жұрнақтарға: -и, -паз, -қор, қой.

Көркем әдебиетте өте көп кездесетін өнімді жұрнақтарға -га, -сыз, /сіз/ есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын жұрнақтар да жатады. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы /-лы, -ты, -ды/ формасы тіркесінен жасалатын сын есімнің мазмұнына қарама-қарсы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім/сысыз, ақылсыз/жасайды. (Ысқақов, 1974, 173).

Қорыта келгенде, сөз құрамындағы тұлғалар туынды түбірлерде күрделенген. Әсіресе түбір сөздер деп жүргеніміздің көпшілігі этимологиялық жақтан зерттелінсе, түбір және қосымшаға бөлініп кететіні, ондағы түбірлерді бүгінгі танда өлі түбір немесе түпкі түбір деп айтатыны белгілі.

Қорытынды

Бұл жұмыста туынды түбірлердің морфемалық және құрылымы анықталып, олардың жасалу жолдарына, қазіргі жай күйіне тоқталдық. Жұмыс барысында көркем әдебиеттен жиналған мысалдардағы туынды түбір сөздердің сөзжасамдық құрылымын ажыратып, олардың түбір морфемаларының түр-түріне талдау жасалынды. Түбір морфемалардың табиғатына түпкі түбір немесе өлі түбірге, негізгі түбір мен туынды түбірлерге анықтамалар беріліп, мысалдармен түсіндіруге әрекет жасалынды. Көне ескерткіштер тіліндегі түбір морфемалар мен қазіргі түбір морфемалар салыстырылды. Түпкі тілдерінің ертедегі дәуірлерінде түбір морфемалар бір буынды (ГС, СГС түрінде) болып келсе, бұл жағдай қазір де онша өзгере қоймаған, бірақ, қазіргі түбір морфема деп жүрген сөздеріміздің көпшілігі бұрынғы түрінен күрделенгенін байқауға болады. Оның себебі тілдің даму тарихында бір буынды түбір сөздерге түрлі қосымшалар жалғану барысында ол қосымшалар түбірмен сіңісіп, бір бүтін тұлға болып қалыптасып кеткен. Сөйтіп олардың құрамын этимологиялық жолмен болмаса ажырату мүмкін болмайтындай жағдайға жеткен. Мұндай түбір сөздерді А.Ибатов түпкі түбір, Ә.Қайдаров өлі түбір, А.Салқынбай түпкі түбір деп атап жүр. Сондай-ақ жұмыста негізгі түбір морфемалардың сөздің негізімен ұқсастығы, айырмашылығы және туынды түбірлердің жасалуы мен мағыналары сөз болды.

Жұмыста талданатын негізгі мәселенің бірі қосымшалар. Қосымшалардың түр-түрлері айтылып, ғалымдардың пікірлері қоса берілді. Туынды түбір жасайтын сөзжасам қосымшаларының құрылымы мен мағыналары ажыратылып берілді. Көне дәуірлерде бір буынды, бір дыбысты, бір буынды екі дыбысты, бір буынды үш дыбысты қосымшалар көбірек қолданылған және екі, үш, төрт жұрнақты түрлері де кездеседі. Мысалы, көзлүларінға - көз-лү-лар-ін-ға; қылмышларынға - қыл-мыш-лар-ын-ға; білімсіз - біл-ім-сіз; ұйқышыл - ү_й-қы-шыл т.б.

Жұмыста туынды түбірлердің сөзжасамдық құрылымы мен морфемалық құрылымы ажыратылып көрсетілді. Мәселен, сөздің морфемалық құрылымын айтсақ, онда тек түбір морфема мен қосымшалар морфемасын, қосымшаларды жұрнақ, жалғау деп аталатын түрлерін айтсақ, сөзжасамдық құрылымды талдағанда тек туынды түбірлерді ғана сөз етеміз. Туынды түбірлер тек сөзжасам қосымшаларымен ғана жасалады. Бұл орайда, А.Ибатовтың "Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігін" пайдаландық. Сөздікте он төрт мыңға тарта туынды түбірлер берілген. Біз осылардың ішінен есім негізді және етістік негізді туынды түбір сын есімдерді алып қарастырдық. Есім негізгі сын есімдер сөздікте мол екен, және олардың көпшілігінің ең өнімді -лы, -лі; -сыз, -сіз: -ды, -ді; -ты, -ті сөзжасам қосымшаларымен жасалғаны байқалды. Қорыта келгенде, тіліміздің мол лексикалық қабаты сөзжасам тәсілдері арқылы жасалып қалыптасады. Жаңа сөз жасауда синтетикалық тәсілі ең өнімді тәсілдің бірі болып саналады. Сөздің морфеманың құрылымы мен сөзжасамдық құрылымы үдсас болғанмен елеулі айырмашылықтары бар. Морфемалық құрылымда түбір мен қосымша туралы сөз болса, сөзжасамдық құрылымда тек туынды сөздер ғана айтылады. Атап айтқанда, туынды түбірлердің құрылымы: түбір морфема мен сөзжасамдық жұрнақтар табиғаты түсіндірілді.



Пайдаланған әдебиеттер

1. А.Қалыбаева, Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі, А., 1986.

2. А.Ибатов Сөздің морфологиялық құрылымы. А., 1986.

3. Аханов С. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, А., 1989.


4. Исаев А. Тіл білімінің негіздері, А., 1978.

5.Аханов С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1998.

6. Ибатов А. Қазақ тілінде қосымшаларды жіктеу мәселесі // ҚазССР ҒА-ның хабарлары, филология сериясы, № 2, 1987.

7. С.Мергенбаева Қазақ тіліндегі сөз өзгсрім жүйесі, А., 1994.



8. М.Оразов Морфема және морфема тендес атаулар // Хабаршы, тіл-әдебиет сериясы, №4, 2000.

9. Н.Баскаков Каракалпакский язык. II том. Фонетика

и морфология, часть I (часть речи исловообразования) М., 1952.

10. Ә.Қайдаров Структура односложных корней и основ в казахском языке, А., 1986.

11. Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966.

12. І.Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1974.

13. А.Ибатов "Бадал" сөзінің мағынасы не ? // Қазақстан мектебі, 1966, № 1

14. А.Ибатов Сөз құрамындағы морфема атаулары.

15. А.Ибатов ҚазССР ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы, 1989, № 1,

16. Ғ.Айдаров Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А., 1988.

17. А.Ысқақов Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1986.

18. Ә.Төлеуов Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.

19. М.Томанов Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы, А., 1973.

20. А.Ғаниев Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, А., 1992.

21. Н.Баскаков Суффиксальное словообразование современном татарском литературном языке, Казань, 1974.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет