198
Төртінші кезең
—
коллективтік әңгіме құрастыру. Логопедтің немесе
кезекшінің сигналы бойынша әр бала әңгімеге қатысады.
Бұл кезеңде іштен
баяу оқу қолданады. Сабақта әр түрлі тәсілдер пайдаланады: еліктеу,
бірге қайталап айту, ырғақты оқу, ырғаққа сай сөйлеу жаттығулары,
дұрыс сөйлеу үлгілерін тыңдау т.б. Бұл кезеңде сабақтан тыс сөйлеуге
жаттығу жұмыстары кеңінен қолданылады. Диалогтық қатынасты әр
жағдайда (көшеде, көлікте т.б) жаттықтыру.
Бесінші
, қорытындылау кезеңі – көпшілік ортада сөйлеуге жаттығу.
Өзін – өзі ұстауы, сөйлеу жылдамдығы өзіндік жеке сабақтарда
қайталанады, жаттығады, соңында мазмұны, сөйлеуі талқыланады.
- Сонымен, тахилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттарына:
- Баяу, жатық, біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу;
- Баяу, ырғақты оқуға тәрбиелеу;
- Байсалды, ырғақты сөйлеуге тәрбиелеу;
- Сөйлеу қатынасын тәрбиелеу;
- Жалпы және сөйлеу зейінін тәрбиелеу жатады.
Түзету жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
- Үндемеу тәртібі;
-
Оқу мен әңгімелеу барысында сөйлеу жылдамдығын баяулату
дағдысын меңгеру.
-
Мазмұнға сай фразаны айтатынын лайықтап, тұжырымдау,
редакциялау.
-
Топпен әңгімелесу.
-
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: