308
адамдардың 30-40 % құрайды. Әсіресе дауыстың бұзылуы мұғалімдер мен
тәрбиешілер арасында жиі кездеседі.
Дауыс патологиясын және оны қалпына келтіру тәсілдерін зерттеу
логопедияның қарастыратын мәселесінің бірі болып табылады. Соңғы
жылдары дауыс аппаратының бұзылыстарына педагогикалық ықпал ету
аймағы кеңейіп, фонопедия деп аталды.
Фонопедия — арнайы жаттығулар арқылы көмейдің жүйке-бұлшық ет
аппаратын белсендендіруге және координациялауға, тыныс алуын және
тұлғасын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал кешені.
Бұл дауыс
шығарудың физиологиясына, логопедияның негізгі дидактикалық және
методологиялық қағидаларына негізделген педагогикалық процесс.
Шеткі табиғи (органикалық) бұзылуы дауыс шымылдықтарының
фибромасы, папилломасының болуы кезінде туындайды, бұл олардың тығыз
емес қабысуына әкеліп соғады. Дауыс қарлыққан түр алады, одан да ауыр
жағдайларда афония дамиды.
Сонымен,
дауыс бұзылуына жататындар: афония, дисфония, фонастения.
Дауыстың бұзылуының себептері, механизмі және классификациясы
Дауыс бұзылуының себептері алуан түрлі: көмей, мұрын қуысы мен
жұтқыншақтың қосылған жерінің, өкпе, бронх және кеңірдек, жүрек және
жүрек-тамыр жүйесінің ауырулары, дауыс гигиенасын ережелерін сақтамау,
есту қабілетінің төмендеуі. Аталған этиологиялық факторлар дауыстың
органикалық және функционалды бұзылыстарына соқтырады. Бірақ дауыс
бұзылуының осы түрлерінің арасында шек қою өте қиын. Органикалық
бұзылыстың алғашқы симптомы көмей функцияларының жартылай бұзылуы
және жеңіл түрде қырылдауы болуы мүмкін, ал функционалды бұзылыстар
көмейдің ауыр органикалық өзгерістерінің, тиісінше дауыстың созылмалы
бұзылыстарының себебінің бірі болуы мүмкін.
Дауыстың бұзылуы орталық және шеткі (перифериялық) болып
бөлінеді. Бұның әр қайсысы органикалық немесе функционалды болуы
ықтимал. Бұзылыстардың көпшілігі жеке бұзылыс болып келеді. Олардың
себептері тек дауыс аппаратының әр түрлі өзгерістерінің немесе
ауруларының пайда болуына байланысты. Бірақ, олар басқа да күрделі тіл
кемістіктерімен бірге жүруі мүмкін (афазия, ринолалия, дизартрия, тұтықпа
кезінде).
Дауыс
бұзылуының
механизмі
көмейдің
жүйке-бұлшық
ет
аппаратының өзгеруінің сипатына, бәрінен бұрын дауыс перделерінің
қозғалуы және тонусына байланысты болады. Ол гипо- немесе гипертонус
түрінде байқалады. Екеуінің тіркесуі сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: