313
ринолалия және ринофония. Дауыстың бұзылуының әр бір формасы
бұзылудың жоғарлығы, дауыс модуляциясы, сөйлеу тілінің ырғақты-
екпіндік-әуендік жағының әр түрлі бұзылыстарымен көрінеді. Өзгерудің
әртүрлігі бір қатар факторларға байланысты: бұзылу деңгейі, анализатордың
қай бөлігі зардап шекті,
бұзылу қашан пайда болды, бұл бұзылыс сөйлеу
тілінің басқа бұзылыстарымен қалай үйлеседі, т.б.
Психологиялық аспект
– сөйлеу тілінің коммуникативті қызметіне,
тұлғалық ерекшелігіне тигізетін әсері ескеріледі. Дауысы бұзылған баланың
қатынасқа түсуінің қиындауына байланысты сөйлеу тілінің коммуникативті
қызметінің төмендеуі байқалады. Бала өз дауысынан ұялып ыммен қатынас
жасайды, кейде мұғалімнің тапсырмасын жазбаша түрде орындайды.
Эмоционалды ерік-жігер аясында ауытқушылық байқалады,
өзіндік мінез
көрініс береді, сабырсыздық, ашуланшақтық, түңілушілік, негативизм және
т.б. Кейін бұл ерекшеліктер науқастың жеке еңбек өмірінде өз ізін
қалдырады.
Функционалды орталық дауыс бұзылулары үлкен адамдарға қарағанда
балаларда сирек кездеседі. Мысалы, психогендік афония немесе дисфония.
Осы кездегі бұзылудың механизмі келесіде: күшті есеңгіреу (стресс) әсері
кезінде орталық жүйке жүйесінде тежеудің
соңғы аясы пайда болады,
нәтижесінде бас миының қабығы жағынан дауыс қалыптасуының барысын
реттегіші бұзылады. Кейде себеп болушы фактордың жоғалуынан дауыс
өздігінен пайда болады, бірақ афония немесе дисфония түріндегі
патологиялық рефлекс пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда дауысты
орнына келтіру үшін арнайы жұмыс жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: