I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет161/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   249
Дауыс аппаратын тексеру әдістері 
Дауысты 
зерттеуінде 
дауыс 
аппаратын, 
біріншіден 
дауыс 
қатпарларының функциясын тексерудің маңызы зор.
Тексерудің бірнеше медициналық әдісі бар. Көмейдің күйі туралы 
алғашқы мәліметтерді тікелей емес ларингоскопия (айнаның - ларингоскоп 
көмегімен тексеру) арқылы алуға болады. Ларингоскопия анатомиялық 
өзгерістер мен асқыну ауыруларын анықтауға мүмкіндік береді. Дауыс 
қатпарларының 
функциялары 
жайында 
толық 
деректерді 
ларингостробоскопия арқылы алады. Арнайы құрал-электронды стробоскоп 
көмегімен дауыс қатпарларының тербеліс сипатын байқауға болады. 
Рентгенография және томография көмейдің бір мезгілдегі жұмысын көрсетіп 
береді. Көбіне ісіктерді анықтауда пайдаланылады. Электромиография 
көмейдің ішкі және сыртқы бұлшық еттерінің функциясы жайында 
мәліметтер береді. Тексеру кезінде ине тәрізді электродты бұлшық етке 
кіргізеді. Бұндай тәсіл күнделікті тәжірибеде аз қолданылады.
Соңғы жылдары дауыс аппаратын тексеруде жаңа әдіс — глоттография
көп қолданыста жүр. Глоттографты француз физиологы Ф. Фабр (1957) 
ойлап шығарған. Бұл әдіс табиғи фонация кезінде науқаста жағымсыз сезім 
тудырмай дауыс қатпарларының тербелісін бақылауға мүмкіндік береді.


314 
Ф. Фабр әдісін физиологтар, дәрігерлер, вокал педагогтары, 
лингвисттер, логопедтер пайдаланады. Глоттография дауысты түзету, 
қалпына келтіру жұмысы және оның аяқталған кезеңінде объективті түрде 
дауыс аппаратының динамикалық өзгерістерін бағалайды.
Түзету 
жұмысын 
бастамастан 
бұрын 
логопедтің 
қолында 
оториноларинголог пен фониатордың қорытындысы болуы тиіс, сонымен 
бірге дауыс бұзылуының басталуы және ағыны жайында анықтап біліп алуы 
керек. Науқастың анамнезін жете жинап, дауыс бұзылысына алғашқы түскен 
шағымдар уақыты, себептерін анықтау қажет.
Бұзылыс жайында қосымша мәліметтерді науқастың жұмыс жағдайын, 
жұмыс және демалыс тәртібін анықтау арқылы алуға болады. Сөйлеу тілі 
күрделі психофизиологиялық процесс болғандықтан, орталық және шеткі 
нерв жүйелерінің қалпы туралы білген өте маңызды. Әңгімелесу барысында 
науқастың өз ақауына қандай көз қараста екені белгілі болады. Логопед 
дауыстың үнінің сапасына көңіл бөледі: дауыс күшінің төмендеуі, қарлығуы, 
үні, мойынның сыртқы бұлшық еттерінің күш салуы, рефлекторлы жөтелдің 
пайда болуы, тыныс алуы. Тәжірибелі логопед дауыстаудың сипатына қарай 
бұзылыстың этиологиясы мен механизмін анықтай алады.
Түзету жұмысының әдістемесі. 
Дауысты қалпына келтіру жұмысын ерте бастаған дұрыс. Бұл 
патологиялық дыбыстау дағдыларын бекуінен және неврологиялық 
реакцияларының пайда болуынан сақтандырады. Дауыс бұзылуының 
этиологиясы мен механизміне қарай қалпына келтіруінде екі міндет 
қойылады: 1) организмнің компенсаторлы мүмкіндіктерін анықтау және іске 
қосу; 2) патологиялық дыбыстау тәсілін жою. Бұл міндеттерді шешу үшін 
келесі жұмыс атқару керек: 
• көмей аппаратының нерв-бұлшық ет функцияларының белсенділігін 
арттыру; 
• дауыс аппаратының екіншіреттік ақауларының – жалған органикалық 
өзгешеліктердің пайда болу – дамуын алдын алу; 
• психогендік реакцияларды жою үшін тұлғаға оң әсер ету; 
• жойылған дауыстау кинестезияларын (фонацияның өзін) қалпына келтіру; 
• тыныс алу мен фонацияның үйлесімдігін (координациясын) қалыптастыру. 
Дауысты қалпына келтіру міндетіне қарай оқытудың дифференциалды 
тәсілдері пайдаланылады. Бірақ дауыс бұзылуының барлық түрлері түзету 
жұмысының ортақ кезеңдерін белгілеуге болады: 
• рационалды психотерапия; 
• физиологиялық және фонациялық тыныс алуын түзету; 
• дауыс аппаратының кинестезиясы мен координациясын фонопедиялық 
жаттығулар арқылы жаттықтыру
• қалыптастырған фонацияны машықтандыру. 
Сабақ алдында науқаспен дұрыс қарым-қатынас орнатылып, оның өз 
ақауына қалай қарайтыны анықталады. Бұл түзету жұмысының тиімді 


315 
жолдарын және сендіру тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бірінші 
кездескен кезде науқасқа бұзылыстың мәнін түсіндіріп, түсінікті түрде 
дауыстаудың механизмі ашылып айтылады және қалпына келтіру жұмыстың 
жолдары анықталынады. Бұзылысты бастапқы қалыпқа қайта келтіруге 
болатынына науқасты сендіріп, түзету жұмысына белсенді қатысуы қажет 
екенін міндеттеп қою қажет. Жаттығуларды механикалық түрде орындауы оң 
нәтиже бермейтінін түсіндіру қажет. Бүкіл жұмыс психотерапиялық бағытта 
жүргізіледі. Ересектерден дауысты қалпына келтіру жұмысының болжамына 
шындық тұрғысынан қарауды талап ету керек. Оларға дауыс аппаратының
функциялары және дауыс толығынан қалпына келмеуі мүмкін екенін алдын 
ала ескертіп қойған жөн. Бірақ дауыстың күші, үні ұлғайып, сөйлеу 
жүктемесі кезінде шаршағыштығы жойылып, тыныс алуы қалпына келетіні 
ескертіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет