I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет94/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   249
й
дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады. Суреттері №1 
кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.
П
дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, 
шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. 
Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл 
осындай тыныс шығару
б
дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі 
(дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай). 
Т
 
дыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы 
альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді 


181 
(қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. 
Кейіннен 
Т
және 
Д
дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз. 
К
дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға 
тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, 
ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі 
К
дыбысын 
Т
–дан қою әдістемесін пайдаланамыз.
Келесі жұмыс -
Г
дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан 
дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады. 
3 кезең. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс: л,р,н,ң,м –сонорлар тобы және 
аффрикат-ц, ч дыбыстарын қалыптастыру. 
Жуан 
л
дыбысының артикуляциясы күрделі. 
Л
дыбысының жуан айтылуы 
тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу 
дауысты 
ы
дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, 
ы
дыбысын жуан 
л
дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары 
көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта 
ы
дыбысын айту 
нәтижесінде жуан 
л 
 
шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау 
қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл 
дыбыс жабысыңқы-өтпелі). 
Ц
және 
р
дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін 
ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды 
еліктеу арқылы айтқызуға болады. 
Ц 
дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді, 
кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-ші саусақтары 
логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед 
 ц
дыбысын созып айтады. 
Бала өз қолымен ауыз ұрттарының белсенді түрде жылжуын және
екпінділігін, белсенді дем шығаруын сезінеді. Бұл тәсіл үнемі 
ц 
дыбысын 
қоюға тиімді болып келеді. 
Ц
дыбысын 
т
дыбысынан қоюға да болады. Бала 
бірнеше рет 
т
дыбысын айтады, ал логопед осы кезде тілдің ұшының орта 
беліндегі қабысуды зондпен сәл төмен жылжытып үзеді.
Р
дыбысы үшін дайындық жаттығуларды ерте бастауға болады. Ол
логопедтің осы дыбысты айтқызуда қай жолды тиімді деп ойлайтынына 
байланысты. 
Р
дыбысын 
з
дыбысынан жоғарғы артикуляциядан
дз
деп 
айтқызып, шарикті зондпен тез тіл ұшын дірілдету арқылы қоюға болады. 
Р
дыбысын 
ц
дыбысынан қою тәсілін де қолдануға болады. Балаға 
ц
дыбысы 
қойыла салысымен, тілді таңдайға жапсырып, осы қалыпта ұстай білгізу; 
кейін бала тілді таңдайдан үзіп алмай, сәл ішке қарай таңдаймен сырғытып 
тез
 ц
 
дыбысын айтады. Ауызбен дұрыс дем шығарғанда бұл тәсіл қатаң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет