Түзету жұмысының әдістемесі. Дауысты қалпына келтіру жұмысын ерте бастаған дұрыс. Бұл
патологиялық дыбыстау дағдыларын бекуінен және неврологиялық
реакцияларының пайда болуынан сақтандырады. Дауыс бұзылуының
этиологиясы мен механизміне қарай қалпына келтіруінде екі міндет
қойылады: 1) организмнің компенсаторлы мүмкіндіктерін анықтау және іске
қосу; 2) патологиялық дыбыстау тәсілін жою. Бұл міндеттерді шешу үшін
келесі жұмыс атқару керек:
• көмей аппаратының нерв-бұлшық ет функцияларының белсенділігін
арттыру;
• дауыс аппаратының екіншіреттік ақауларының – жалған органикалық
өзгешеліктердің пайда болу – дамуын алдын алу;
• психогендік реакцияларды жою үшін тұлғаға оң әсер ету;
• жойылған дауыстау кинестезияларын (фонацияның өзін) қалпына келтіру;
• тыныс алу мен фонацияның үйлесімдігін (координациясын) қалыптастыру.
Дауысты қалпына келтіру міндетіне қарай оқытудың дифференциалды
тәсілдері пайдаланылады. Бірақ дауыс бұзылуының барлық түрлері түзету
жұмысының ортақ кезеңдерін белгілеуге болады:
• рационалды психотерапия;
• физиологиялық және фонациялық тыныс алуын түзету;
• дауыс аппаратының кинестезиясы мен координациясын фонопедиялық
жаттығулар арқылы жаттықтыру;
• қалыптастырған фонацияны машықтандыру.
Сабақ алдында науқаспен дұрыс қарым-қатынас орнатылып, оның өз
ақауына қалай қарайтыны анықталады. Бұл түзету жұмысының тиімді
315
жолдарын және сендіру тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бірінші
кездескен кезде науқасқа бұзылыстың мәнін түсіндіріп, түсінікті түрде
дауыстаудың механизмі ашылып айтылады және қалпына келтіру жұмыстың
жолдары анықталынады. Бұзылысты бастапқы қалыпқа қайта келтіруге
болатынына науқасты сендіріп, түзету жұмысына белсенді қатысуы қажет
екенін міндеттеп қою қажет. Жаттығуларды механикалық түрде орындауы оң
нәтиже бермейтінін түсіндіру қажет. Бүкіл жұмыс психотерапиялық бағытта
жүргізіледі. Ересектерден дауысты қалпына келтіру жұмысының болжамына
шындық тұрғысынан қарауды талап ету керек. Оларға дауыс аппаратының
функциялары және дауыс толығынан қалпына келмеуі мүмкін екенін алдын
ала ескертіп қойған жөн. Бірақ дауыстың күші, үні ұлғайып, сөйлеу
жүктемесі кезінде шаршағыштығы жойылып, тыныс алуы қалпына келетіні
ескертіледі.
Көмейдің парез және салдануында дауысты қалпына келтіру Психотерапиялық дайындықтан кейін тыныс алуды қалаптастыруға
арналған жұмыс басталады. Төменгі көмей жүйкесінің зақымдалуының
салдарынан көмейдің қозғалыс функциясы шектеулі болады, ал зақымдалған
жағындағы дауыс қатпары мүлдем қозғалмайды. Фонациямен қатар
физиологиялық және фонациялық тыныс алуы бұзылады. Көмейдің
салдануында оның қимыл функциясын қалпына келтіру мүмкін емес.
Дауысты қалыптастыру үшін дауыс аппаратының компенсаторлы механизмін
іске қосатын функционалды жаттығулар пайдаланылады. Бұндай
жаттығулар көмейдің сау жағының қозғалуын максимальді түрде ұлғайтып,
ал салданған жағында дауыс қатпарының қимыл функциясын жартылай
болса да қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар физиологиялық және
фонациялық тыныс алуын да қалыптастыру керек. Көмейдің қимыл
функциясын белсендіруге арналған жаттығулары тыныс алуды нормаға
келтірумен үйлеседі, өйткені олардың арасында физиологиялық байланыс
орнаған. Сабақ «ерін гармонына үрлеу» жаттығуынан басталады. Бір нотада
ауаны ішке тартып және сыртқа шығара отырып жай, ұзақ үрлеу қажет.
Физикалық дені саулар жаттығуды 45-60 секундтан бастайды, біртіндеп екі
аптаның ішінде жүктемені 2 минутқа дейін жеткізеді. Бірінші аптада
жаттығуларды күніне 45-60 секунд ішінде 8-10 рет жасатады. Біртіндеп
жаттығу 2 минутта 15 ретке дейін жеткізіледі. Егер үрлеу кезінде бас
айналуы байқалса, жаттығу ұзақтылығы 15-20 секундқа дейін қысқартылады.
Демалудың жаттықтығы, көлемдігі және дем шығарудың ұзақтылығы
жаттығу арқылы біртіндеп жақсарады. Дауыс аппартын функционалды
жаттықтыруда «ерін гармонына үрлеу» маңызды рөл атқарады. Ол дұрыс
дыбыстаға қажет дем шығаруды ұзартады, ал ішке жұтып, сыртқа шығаратын
ауа ағыны көмейді уқалайды. Бұл тәсіл арқылы көмейдің сау жағының
қимыл-қозғалысы ұлғайып, салданған жағы кішкене болсада белсендіріледі,
яғни ауа ағынының ықпалымен фонацияға қатысатын көмей бұлшық
316
еттерінің әрекетінің түрткісі пайда болады. «Ерін гармонына үрлеумен»
бірге бағытталған ұзақ дем шығаруды машықтандыратын тыныс алу
жаттығуларының кешені ұсынылады.
1-кешен.