312
сақтаудан кейін және логопедиялық (фонопедиялық) жаттығулардан кейін
толық жойылады. Дауыс гигиенасы мен оны сақтандырудың да маңызы зор.
Орталық функционалды
бұзылыстарына
функционалды немесе психогенді
афония жатады. Бұл бұзылыс адамның психикасын жарақаттайтын жағдайда
аяқ асты пайда болады. Ол, әдетте, истериялық реакцияларға бейім адамдарға
тән, қыздар мен әйелдерде жиі кездеседі. Дауысы мүлдем
жоқ болғанымен
үнді жөтел мен күлкі сақтаулы болады. Бұл маңызды диагностикалау белгісі
деп саналады. Функционалды афония ұзаққа созылуы және дауысты қалпына
келтіргеннен кейін қайталануы мүмкін.
Дауыстың бұзылуын осылай органикалық және функционалды бөлуі
фониаторлық емдеу және логопедиялық сабақтардың әдістерін таңдауын
болжауда маңызы зор. Мысалы, дауыстың функционалды бұзылыстары
көмейдегі дауыс қатпарларының функциясының өткінші өзгерістеріне
байланысты болады, сондықтан, логопедиялық
ықпалдың арқасында
бұрынғы дауыс қалпына келтірілуі мүмкін. Органикалық бұзылыста көмей,
дауыс перделерінің
құрылысында ауыр патологиялық-анатомиялық
өзгерістер орын алады, сондықтан дауыстың коммуникативті функциялары
қалпына келтірілгенімен оның күшінің,
жоғарлығының және тембрінің
сапасы қалыпты дауыстан өзгеше болады.
Дауыстың бұзылуын терең зерттеуі науқастарды әр түрлі мамандардың
кешенді тексеру нәтижесінде ғана мүмкін болады. Сонымен, дауыстың
бұзылуын клиникалық (фониаторлық, отоларингологиялық, неврологиялық),
логопедиялық және психологиялық тұрғыдан тексеру аса маңызды.
Дауыстың бұзылуын медициналық, логопедиялық және психологиялық
аспекілерден қарастыру ауытқудың түп негізін тереңірек анықтауға және оны
жеңудің тиімді жолдарын, әдістерін шығаруға мүмкіндік береді.
Дауыс бұзылуын
медициналық
аспектіден талдағанда мынаны
ескереміз: сөйлеу анализаторының қайсысы бұзылған (сөйлеу-қимыл,
сөйлеу-есту); анализатордың қай бөлігі бұзылған (шеткі немесе орталық);
бұзылу сипаты қандай (органикалық немесе функционалды).
Сонымен қоса
ақаудың пайда болу уақыты ескеріледі. Дауыстың органикалық және
функционалды бұзылуының көбі баланың кішкене кезіндегі даму үрдісінде,
оның тұлға болып қалыптасу, сөйлеу функцияларының қалыптасу кезеңінде
жүре пайда болады. Ескертетін бір ғана, ол дауыстың орталық органикалық
бұзылыстары туа біткен және жүре пайда болған болулары мүмкін (афония,
анартрия, дизартрия кезіндегі дисфония), сонымен
бірге жұмсақ таңдайдың
ақауларының салдарынан (ринолалия, туа біткен естуінің зақымындағы
дисфония) дауыстың перифериялық (шеткі) бұзылыстары. Даустың барлық
функционалды бұзылыстары баланың сөйлеу тілі қалыптасу үрдісінде, не
болмаса сөйлеу тілі қалыптасып болғаннан соң пайда болады. Кейбір
жағдайда дауыс бұзылысы сөйлеу тілінің басқа бұзылыстарымен тіркесу
түрінде кездеседі (дизартрия, ринолалия, естудің
төмендеуінің салдарынан
сөйлеу тілінің бұзылуы).
Достарыңызбен бөлісу: