307
бұзылған кезде ауырудың алғашқы белгілерінің бірі дауыс сапасының
бұзылуы болады. Қалқанша безінің функциясының жоғарлау жағдайында
дауыс тембрінің және жоғарлығының аяқ астынан өзгеруі, тез шаршап қалуы
айқын көрінеді. Ал қалқанша безі гармондарының деңгейі төмендеген кезде
дауыс
диапазонының тарылуы байқалып, артық шулар пайда болады, дауыс
бәсең тонға ие болады. Сөйлеу тілі баяу, дауыс ырғағы кедей болады. Бүйрек
үсті безі қызметінің төмендеу кезінде сөйлеу шаршағыштығы, дауыс күшінің
күрт төмендеуі (афонияға дейін баруы мүмкін), бұл қызметінің жоғарлау
кезінде әйелдерде варилизация белгілері (дауыстың еркектерге тән тембрі)
байқалады.
Басылу кезеңі
(60 жас және одан жоғары) – дауыс аппаратының барлық
функционалды мүмкіншіліктерінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай
төмендеу жүйке импульстарының өтуінің
жас ерекшелігіне байланысты
өзгеруінің (жүйке қоздырғыштардың жылдамдығының төмендеуі және нерв
процестерінің қозғалғыштығының шектелуі), дауыс бұлшық еттерінің
солуының, өкпенің тыныс алу көлемінің азаюының салдарынан пайда
болады. Кәрілік дауыс акустикалық жағынан төмен диапазонмен,
тұрақсыз
тембрімен, «салдырлаған», «жарықшақтанған» тонымен, төмендеген
күшімен сипатталады. Бірақ дауысты кәсіби әрекетте белсенді пайдалану
(актерларда, педагогтарда, вокалистерде) кезінде дауыс аппаратында жас
ерекшелігіне байланысты айқын өзгерістер байқалмайды.
Дауыс бұзылуының түрлері
Дауыстың бұзылуы
– дауыс аппаратының
патологиялық өзгерістеріне
байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс
патологиясын негізгі екі терминмен атайды:
афония
(грекше «а» - теріс
мағыналы қосымша, «phone» - дауыс) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның
өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік.
Достарыңызбен бөлісу: