I теоретические основы логопедии


Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет103/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   220
Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. В. М. Шкловскийдің психологиялық–педагогикалық түзету жүйесінің негізгі мазмұнын ашыңыздар.
2. Ересектердің тұтықпасын түзетудің емдеу – педагогикалық жүйесінің негізгі мазмұнын ашыңыздар.
3. Л. З.Арутюнянның «тұтықпада сөйлеудітұрақты қалыпқа келтіру кешенді әдістемесінің» мазмұнын айтыңыздар.
4. «Ересектердің тұтықпасын түзету жұмысының кезеңдері» бойынша кесте толтыру.
Тұтықпадан сақтандыру.
Тұтықпадан сақтандыру жұмысы негізгі үш бағытта жүргізіледі:

  • Балаларда тұтықпаның пайда болуынан алдын ала сақтандыру;

  • Тұтықпаның созылмалы түрінен және қайталануынан сақтандыру;

  • Әлеуметтік бейімдеудің бұзылуынан сақтандыру;

Тұтықпаның қатерлі факторлары кездесетін балаларда бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншіден ондай балалардың мінезінің ерекшеліктерінің бірі-үрейлілік. Олардың ұйқысының, тәбетінің бұзылуы, жылауықтың, ашуланшақтық байқалады. Екіншіден, сөйлеу тілі ерте дамыған балалар. Олардың алғашқы сөзі 1жасқа дейін, фраза 1,6-1,8ж, пайда болады. 2-2,5 жаста жайылған сөйлемдерді қолданады. Бұл кезеңде олардың сөйлеуінде көптеген итерациялар байқалады. Үшіншіден, психикасы кешеуілдеп дамыған балалар. Ондай балалардың сөйлеу компоненттері кешеуілдеп дамиды. Көп жағдайда сөйлеуі түсініксіз, дыбыс айтуы бұзылған. Төртіншіден, генетикалық қатерлі факторлары бар балалар (солақай, тұқымында тұтығы бар). Екі тілде сөйейтін балалар да қатерлі топқа жатады. Ондай балалардың отбасы баланың соматикалық және жүйке –психикалық дамуына қалыпты жағдай жасау қажет.
1жастан 6-7жасқа дейін ата-аналардың дұрыс сөйлеу үлгісінің балалар үшін өте маңызды екеніне ата-аналардың көңілін бөлу керек.
Ата-аналар үшін сөйлеу тәртібінің жалпы ережелері мыналар:

  • Сөйлеу жатық , эмоциа мәнерлі, байсалды болу керек;

  • Ата-аналардың сөзі анық болуы қажет;

  • Балалардың тілімен сөйлеуге немесе дыбыстарды бұзып айтуға болмайды;

  • Ересектердің сөзінде балалар үшін қиын айтылатын сөздер көп болмау керек;

  • Сөйлемдер құрылымы бойынша өте күрделі болмау керек;

  • Баламен сөйлескенде сұрақты нақты қойып, жауабын айтқанда асықтырмау;

  • Сөйлеу кемшіліктері үшін баланы жазалауға, келекетуге немесе ашуланып түзетуге болмайды;

Балаға оқитын мәтін, өлеңдер жасына сай болуы керек.
Сөйлеуі ерте дамыған баланың сөйлеу қатынасына көп күш түсірмеу керек, яғни жаңа,құрдай сөздерді, белсенді сөз қолдануын, «баланың жетістіктерін» көпшілік алдында көрсетуін шектеу. Ондай балаға психикасына артық салмақ түсіретін көпшілікке арналған шараларға қатысуға болмайды. Ондай балалар үшін ырғақты қимыл ойындары, жеке сөздерді, қысқа сөйлемдерді ырғақты айту пайдалы. Олардың сөйлеу кезінде дем алуына көңіл бөлу қажет.
Сонымен, сөйлеу тілі ерте дамыған балалар үшін сақтандыру шаралары, алдымен, сөйлеуден сақтандыру тәртібі, сөйлеудің ырғақтылығы мен сөйлеудегі тыныс алуын қалыптастырумен байланысты.
Сөйлеу тілі кешеуілден дамыған балалардың, алдымен, дыбыс айтуы мен сөйлеудегі тыныс алуын қалыптастыру керек. Сөз қоры қарқынды молайып, фразалық сөйлеуі дамыған кезеңде итерацианың байқалуына көңіл бөлу керек.
Солақайлықты мектепке дейінгі кезде бірден анықтау қиын, өйткені бала екі қолмен бірдей еркін пайдаланады. Мұндай жағдайда баланың оң қолын көбірек іс-әрекетке қосу керек (қасықты, қарындашты, затты т.б. оң қолға ұстата беру керек). Егер мұндай шараларға қарамай бала сол қолымен қимылды көбірек жасаса, оған тиым салмау керек.
Әдетте солақай балалардың эмоциональді күйі тұрақсыз, үрейлі, мазасыз, орталық жүйке жүйесінің бейімделу мүмкіндіктері төмен болады.
Отбасында тұтығушы болған жағдайда, әсіресе баланың сөйлеу тілі қарқынды даму кезеңінде тұтығушымен қарм-қатынасын шектеген жөн.
Отбасында екі тілде сөйлеу жағдайында (билингвизм) балаға ерекше жағдай жасау қажет. Баланың сөйлеу тілі даму кезеңінде жүйке жүйесіне айтарлықтай салмақ түседі. Бірджен екі тіл қалыптасқан жағдайда, салмақ күшейеді де, сөйлеудің ауытқуының пайда болуына әсер етеді. Сондықтан алдымен бір тіл жүйесінің лексикалық-грамматикалық базасын толық қалыптастыруға жағдай жасау керек. Қалыпты дамыған жағдайда 4 жасқа таман қалыптасуы керек. Содан соң, бала екінші тілді меңгеруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет