I теоретические основы логопедии



бет154/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220
Аграмматикалық дисграфияны түзету.
Р. И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді: «Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының (морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау, жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен, күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтарымен, сөйлемдегі сөз кезектілігін сақтамау, таспап кетуімен сипатталады».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:

  • заттың атауын, іс-әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;

  • сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;

  • сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.

Аграмматикалық дисграфияны түзету логопедиялық жұмысының мазмұны:

  • балалардың сөз қорындағы сөздердің мағынасын анықтау және әр түрлі сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын менгерту арқылы сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп менгерту;

  • сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әр түрлі синтаксистік құрылымдардың модельдерін менгеру арқылы сөйлеу тілінің грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;

  • байланыстырп сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:

  • әңгіменің кезектілігін анықтау;

  • әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;

  • үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.

Оптикалық дисграфияны түзету.
Оптикалық дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне:

  • көріп қабылдауын, талдау, жинақтауын дамыту;

  • жазуда шатастыратын әріптерді ажырату жатады.

Логопедиялық түзету жұмысының негізгі мазмұны:

  • түр, түс, көлем туралы түсініктерін анықтау;

  • өз денесін, қоршаған ортаны бағдарлау;

  • әріптерді құрастыру, қайта құрастыру;

  • әріптерді табу, бөліп айту.

Логопедиялық түзету жұмысының негізгі бағыттары:

  • көріп қабылдауын және тануын (гносисын) дамыту;

  • көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту;

  • кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту;

  • көріп талдау, жинақтауын дамыту;

  • шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс.

Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:

  • жеке әріптерді ажырату;

  • шатастыратын әріптерді буында ажырату;

  • шатастыратын әріптерді сөзде ажырату;

  • шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату;

  • шатастыратын әріптерді мәтінде ажырату.

Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары негізінде перспективті жоспар құрастырылады.
Оптикалық дисграфияны түзету барысында қолданылатын жұмыс тәсілдерін қарастырайық.
1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатын тәсілдер:

  • контурмен сызылған заттарды атау;

  • бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау;

  • заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау;

  • түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу;

  • суреттегі айырмашылықтарды табу.

2. Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту:
- 10-шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету;
- әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау;
- алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды орналастыру;

  • «не өзгерді?», «не жоғалды?» ойындары.

3. Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру:
- графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу
Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ;
- бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау;
- дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау;
- элементтері бойынша әріп құрастыру;
- бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.);
- әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.
Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін, әріпті бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О - дөңгелекпен, З - жыланмен, т.б.) немесе тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы,
«А» әріпі әрдайым
Алфавиттың алдында.
Мына әріпке қарашы
Былай «Е», былай «Ш».
«З» әріпін әрқашан
табасың сен
саздан, қаздан, залдан.
Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:

  • қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес;

  • ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру;

  • онтогенетикалық ықпал ету;

  • сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;

  • қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен көзқарастарды ескеру;

  • логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.

Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады:

  • сөйлем құрамын талдау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • буындық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет